7M11301 Магистратура

Логистика (сала бойынша)

Факультет:Экономика және бизнес жоғары мектебі
Код:7M11301
Білім деңгейіМагистратура
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетЭкономика және бизнес жоғары мектебі
ID1565

Бағдарлама туралы

7М11301-Логистика (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының мақсаты ең аз кедергілермен капитал, тауар, ақпарат және еңбек ресурсының бірыңғай экономикалық кеңістігін құру үшін макро-мезологистикалық жүйелер бойынша құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады.

Түлек моделі

1.Қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу, ғылыми-зерттеу, ғылыми және әдістемелік қызметті жүзеге асыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның әлеуметтенуін дамытуға бағытталған білім беру үрдісін құру.
2.Заманауи цифрлық технологиялар және ойын Имитациялық модельдеу негізінде логистика саласындағы пәндерді зерделеу кезінде оқытудың заманауи әдістемесін және ғылыми зерттеулердің әдіснамасын қамтамасыз ету
3.Өңірдің және аумақтардың инфрақұрылымын стратегиялық жоспарлауды ескере отырып, бизнес-процестердің тиімділік көрсеткіштері негізінде жеткізу тізбектерінде логистикалық сервисті басқару.
4.Жеткізу тізбегіндегі тәуекелдерді ескере отырып, аймақтар мен аумақтардың қорлары мен логистикалық инфрақұрылымына инвестицияларды негіздеу мақсатында логистикалық шығындарды талдау.
5.Функционалдық қақтығыстар мен тәуекелдердің алдын алу үшін логистикалық ағындарды үйлестіруді ескере отырып, басқарудың сандық және сапалық әдістеріне негізделген стратегиялық шешімдерді негіздеу.
6.Логистикадағы имитациялық модельдеу негізінде ғылыми зерттеу әдістері мен жеткізілім тізбегіндегі ресурстарды үнемдеу тәжірибесін біріктіру.
7.Lean-технологиялар, математикалық және имитациялық модельдеу негізінде жеткізу тізбектерінің логистикалық функцияларын басқару кезінде стратегиялық шешімдерді үйлестіруді жүзеге асыру.
8.Имитациялық модельдеу және ресурс үнемдеу принциптері негізінде цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жеткізу тізбегін басқару бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру.
9.Жеткізу тізбектеріндегі қорларды стратегиялық жоспарлау мен бақылауды жүзеге асыру кезінде цифрлық құралдарды қолдану негізінде логистиканың бизнес-процестерін әзірлеу

Байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Ахметкалиева С.К., тел.номер +7 707 712 2522

Қабылдау

1) Бакалавриатты аяқтағаны жайлы диплом+ қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) Сертификат КТ
4) Фото 3×4 – 6 дана
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ( болған жағдайда)
6) 0/75у нысаны бойынша медициналық анықтама