- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Наноматериалдар және нанотехнологиялар
Наноматериалдар және нанотехнологиялар
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1.Студенттік орталықтандырылған оқыту және әзірленген әдістемелік нұсқаулар негізінде бағалау қағидаттарын ескере отырып, цифрлық технологияларды, тәжірибеге бағдарланған әдістер мен оқыту технологияларын пайдалана отырып, дәріс, семинар және зертханалық сабақтар өткізу үшін наноматериалдар мен нанотехнологиялардың наноқұрылымды білім алу саласындағы сабақтас салаларындағы іргелі және заманауи білімді пайдалану.
ON2.Наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы нақты ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешу үшін наноматериалдарды синтездеудің тұжырымдамалық ережелері, теориялық және практикалық әдістері жайында өз білімдері мен түсініктерін көрсетуге қабілетті болады.
ON3.Наноқұрылымды композициялық бөлшектерді алу және түрлендіру үшін ғылыми зерттеулер алгоритмдерін әзірлеу.
ON4.Плазмохимиялық технологиялардың көмегімен наноқұрылымды композициялық материалдарды синтездеу әдістерін әзірлеу және жетілдіру үшін тәжірибелік және теориялық зерттеулер үшін қажетті жаңа ғылыми-инновациялық қызмет түрін іздеу, сақтау, өңдеу және беру үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.
ON5.Қолданбалы есептерді шешу үшін нано объектілер мен олардың композиттерін алудың физика-химиялық әдістерін, сондай-ақ электрондық және зондық микроскопия және спектроскопияның қазіргі заманғы әдістері негізінде наноматериалдардың құрылымдарын, құрамын, морфологияларын және басқа да қасиеттерін зерттеу әдістерін қолдануға қабілетті болады.
ON6. Ғылыми зерттеулер мен оқу-әдістемелік жұмыстардың нәтижелерін талдау үшін наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы зерттеу контексті шеңберінде заманауи ғылыми тұжырымдамалар мен теорияларды түсіндіруге қабілетті болады.
ON7.Наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы заманауи ғылыми концепциялар мен теорияларды дербес зерттеу объектісі мен пәнін анықтау үшін сыни бағалау.
ON8.Шешімдерді әзірлеу және оларды жүзеге асыруға қатысу үшін оқу және зерттеу қызметінің (ҒЗЖ, ҒЗТКЖ) басымдықтарын талдау, қоғам қажеттіліктерімен жеке мүдделердің ұштасуын көрсету, халықаралық конференцияларда ғылыми ортадағы зерттеу нәтижелері туралы баяндай білу, өз көзқарасын қорғау.
ON9. Жаңа функционалдық наноматериалдар жасау мақсатында Инновациялық технология саласында әлемдік және қазақстандық ғылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
ON10. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасау, алынған білім негізінде берілген қасиеттері бар наноматериалдарды алу мәселелерін шешуде дербес шешімдер қабылдау және оларды ғылымды дамытуға мүмкіндік беретін мамандандырылған білімді қолдана отырып негіздеу – эксперимент пен теориялық зерттеуді ұйымдастырудың барлық түрлері мен дағдыларын игеру, теориялық дайындық процесінде алған кәсіби-педагогикалық білімді практикада қолдану және заманауи инновациялық оқыту технологияларын игеру.
ON11. Наноматериалдар мен нанотехнологиялардың аралас салаларында бастапқы ғылыми теориялық және эксперименттік зерттеу жүргізу жолымен жаңа идеялар мен білімді генерациялау, олардың нәтижелері реферацияланған жарияланымдарда ұсына алады.
ON12. Нанотехнологияның пәнаралық салаларындағы міндеттерді шешу үшін ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық қызметте кәсіби дағдыларды практикада қолдану, сондай-ақ білім алушының өзіндік жұмысы, оқу және тәрбие жұмыстарын орындауы үшін оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу, академиялық адалдық қағидаттарын, білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген