Қаржы
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - экономика ғылымдары магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 Қазақстанда қаржы ғылымының дамуы бойынша ғылыми және эмпирикалық зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ қазіргі заманғы ғылыми қаржы бағыттары шеңберінде қаржы саласындағы іргелі білім мен дағдыларды қолдану
ON2 Қаржы саласындағы негізгі тұжырымдамалар, теориялар, қағидаттар, әдістер мен құралдар туралы білімді қолдана отырып, қаржы нарығының үрдістерін, процестері мен құралдарын құру және талдау
ON3 ХҚЕС негізінде пайдаланушыларға басқарушылық және қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті сенімді ақпаратты қалыптастыруда қаржылық есептілікті талдауды қолдану
ON4 Күрделі қаржылық мәселелерді шешу үшін талдаудың әртүрлі әдістері мен модельдерін саралау, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды белгілеу және процестерді жүйелік талдау және математикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып талдау
ON5 Ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды, жаңа ұйымдар мен жаңа қаржы өнімдерін құру мен дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлеу
ON6 Инновациялық қызмет саласындағы білімді, кәсіби қызметті қайта құру біліктері мен дағдыларын қолдану, қаржылық ортаның жай-күйі мен тәуекелдерін бағалауда креативтілік пен бастамашылық көрсету
ON7 Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді білу, заңдарға, қаржы саласындағы комплаенс саласындағы стандарттар мен талаптарға, нормативтік-нұсқаулық құжаттамаға сәйкестігін қолдану; ағымдағы құжаттаманы әзірлеу біліктері мен дағдыларын қолдану
ON8 Сапалы талдау мен синтезді пайдалана отырып, Үздік отандық және шетелдік кейстерді зерделеу негізінде қаржылық процестер мен құбылыстарды, практикалық жағдайларды болжау үшін қаржылық және инвестициялық жобаларды модельдеу
ON9 Педагогикалық және әдістемелік ғылымның дамуындағы келешектегі үрдістерді тұжырымдау, жоғары мектепте қаржылық пәндер бойынша инновациялық және интерактивті технологиялар мен оқыту әдістемелерін қолдану
ON10 Қаржы-экономикалық ғылымдарға тән әдіснама мен терминологияны қолдану, білімді құрылымдауды, жүйелеуді және оларды әртүрлі тәсілдермен ұсынуды жүргізу; қазіргі заманғы қаржылық менеджмент пен консалтингтің әртүрлі бағыттары контексінде зерттеу әдіснамасын қолдану
ON11 Алынған ғылыми білімді бағалау және оны қаржы және қаржы нарығы бойынша өзінің ғылыми зерттеуіне айналдыру; алынған нәтижелер мен қорытындыларды ғылыми презентацияда немесе қорғауда дәлелді түрде ұсыну
ON12 Қоғамда қарым-қатынас әдістерін қолдану, кәсіпқойлар командасын құру, командаларда тиімді жұмыс істеу, өз ұстанымын қорғау, сендіру және ымыраға келу және балама шешімдерді табу, әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету қабілетіне ие болу
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген