- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Сот-прокурорлық тергеу қызметі
Сот-прокурорлық тергеу қызметі
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - заң ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON 1 ҚР азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық нормаларды қалыптастыруға әсер ететін себептерді дәлелдеу.
Негізгі қылмыстық-құқықтық шараларды талдау арқылы, осы саладағы қылмыстық саясатты іске асыруды, проблемаларды шешу жолдарын, сондай-ақ ұлттық қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруді түсіндіру.
Негізгі ұғымдарды, азаматтық, қылмыстық құқық институттарын, азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқығын анықтау.
ON 2 Азаматтық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелерін анықтау.
Дауларды шешудің соттан тыс рәсімдеріне байланысты негізгі проблемалық аспектілерді ашу.
Қылмыстық құқықтың негізгі категорияларын, негізгі институттарын түсіндіру.
Қылмыстық істерді қарау рәсімін реттеу.
Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындау.
ON 3 Қылмыстық және азаматтық процесте дәлелдеу туралы түсініктерді көрсету.
Сот билігін жүзеге асыруды құқықтық реттеу мәселелерін талдау.
Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудегі жаңашылдықтардың негізгі теориялық тәсілдерін тәжірибеге енгізу.
ON 4 ҚР және ТМД, Еуропа, Америка және басқа да шет мемлекеттердің алқабилерінің қатысуымен қылмыстық істерге салыстырмалы талдау жүргізу.
Тергеу судьясының қызметін жүзеге асыру проблемаларының себептерін тұжырымдау.
Тергеуді ұйымдастыру ерекшеліктерін бағалау-осы процесті жоспарлау, типтік тергеу нұсқалары, әдеттегі тергеу жағдайларындағы тергеушінің іс-әрекеті
ON 5 Сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік проблемаларын талдау.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу аспектісінде анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының рөлін дұрыс түсінуді пайдалану.
Тергеу қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілерін анықтау.
ON 6 Басты сот талқылауының шарттарын тұжырымдау.
Іс жүргізу мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Сот ісін жүргізуге қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті.
Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының даму үрдісін сыни бағалау.
ON 7 Тергеу әрекеттерін және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді моделдеу.
Прокуратура органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау.
Сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын іске асыруға процессуалдық кепілдіктің мазмұнын түсіндіру.
ON 8 Тергеу қызметінің тактикалық-криминалистикалық аспектілерін талдау.
Сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу бойынша негізгі әдістерді, тәсілдер мен ұсынымдарды және жазаларды орындау тәртібін пайдалану.
Сот ісін жүргізуде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық тетігін пайдалану.
ON 9 Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар ұсыну.
Құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін шешу үшін қорытындылар, ұсыныстар және ұсынымдар тұжырымдау.
Қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеуді ұйымдастыруға байланысты теориялық және практикалық мәселелерді болжау.
ON10 Азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша білікті заң қорытындыларын және консультацияларды әзірлеу.
Даулы ғылыми мәселе бойынша шешім қабылдау және қылмыстық-құқықтық саладағы проблемалық жағдайларды шешу жолдарын табу.
ON11 Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өндірісті жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар ұсыну.
Прокуратура органдарының қызметін, сотқа дейінгі іс жүргізуді жетілдіру жөніндегі негізделген ұсыныстарға баға беру.
Қолданыстағы қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының ережелерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, жемісті ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметке қабілетті болу.
Даулы ғылыми мәселе бойынша шешім қабылдау және қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық саладағы проблемалық жағдайларды шешу жолдарын табу.
ON12 Азаматтық-құқықтық салада, қылмыстық-құқықтық салада және басқа да салаларда ақпараттық технологияларды таныстыру.
Жасалған жұмыстың қорытындысын қазіргі заманғы редакциялау және баспа құралдарын тарта отырып, қолда бар талаптарға сәйкес ресімделген есептер, мақалалар түрінде ұсыну.
Заңдылықты сақтау, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының, прокуратура органдарының, соттың қызметіне байланысты басқару шешімдерін ұсыну.
Азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы ғылыми ойдың неғұрлым ықтимал бағыттары бойынша оппоненттерді сендіру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген