- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер
Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1-ОН. Ғылыми зерттеулер мен практикада пайдалану үшін табиғи ресурстарды оңтайландыру, тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша замануи теориялық білімдер мен негізгі нормативтік және әдістемелік материалдарды түсіндіру;
2-ОН. Заманауи әдістер мен технологиялар арқылы инженерлік-геологиялық процестер мен құбылыстарды аумақтық зерттеу бойынша картографиялау және болжау үшін ғылыми зерттеулерді жоспарлау;
3-ОН. Табиғи-техногендік процестердің қазіргі проблемаларын шешудегі отандық және шетелдік озық тәжірибе мен ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесін пайдалана отырып, инженерлік-геологиялық ақпаратты және басқа да материалдарды өңдеу және талдау процестерін басқару;
4-ОН. Жиналған деректерді талдау және геоэкология мен геодинамиканың қазіргі әдіснамасын және нормативтік актілер пайдалана отырып, табиғатты қорғау объектілерінің технологиялық режимдерінің сақталуын бақылау;
5-ОН. Пәнаралық әдістемелер, табиғи-техногендік жүйелер мен инновациялық технологияларды жүйелік талдау арқылы, қоршаған ортаның жағдайын бақылау;
6-ОН. Мемлекеттік басқару органдар мен экологиялық құрылымдары үшін жасанды интеллект және заманауи IT-технологиялар мен компьютерлік графиканы қолдану бойынша инновациялық ғылыми жобаларды әзірлеу;
7-ОН. Бағалау және басқару шешімдерін қабылдау үшін шекаралас елдермен ынтымақтастық шеңберінде қоршаған ортаның мониторингілеу және бағалау және олардың алмасуы бойынша талдау қызметтерінің жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;
8-ОН. Ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысу және ғылыми зерттеу әдіснамасы мен қоршаған ортаны қорғау ережелерін білу негізінде ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс істеу;
9-ОН. Жүйелік талдау, интеграция механизмдері және принциптері және заманауи цифрлық технологиялары негізінде пәндік саладағы білім мен психологиялық-педагогикалық білімдер интеграциясын қамтамасыз ету;
10-ОН. Педагогикалық менеджмент, жасына байданысты психологиясы, жастар ортасында және қоғамда жаһандық және ұлттық құндылықтарды ілгерілету стратегиялары мен тетіктері негізінде академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтай отырып, білім беру ортасы мен ұйымдастырушылық мәдениетті қолдау және дамыту.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген