Магистратура
Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік аудиті және басқару

Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік аудиті және басқару

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - ғылым магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Атаулы бағдарламаны аяқтаған магистранттарда келесі қабілеттер болады деп күтілуде:
1. Мәліметтерді жинақтау және тіркеуді жүзеге асыруға, өндірісте кешенді қауіпсіздікті ұйымдастыруға, кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негізгі бағдарламалық өнімдер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды қолдануға;
2. Қауіпсіздік мониторингісінің тәсілдері мен құралдарын қолдана отырып қауіпсіздікке мониторингті жүзеге асыру үшін берілген критерийлер негізінде техносфералық қауіпсіздік пен нысанның техносфералық осалдығы жөніндегі мәліметтер базасын құруға;
3. Техникалық жүйелердің сенімділігін қамтамасыз ету және техногенді тәуекелді азайту үшін өндірістік қауіпсіздікті басқарудың практикалық міндеттерін шешу кезінде сенімділік теориясының математикалық аппараттарын қолдану;
4. Тәуекелдердің алдын алу және тәуекелден келетін шығынды азайту мақсатында ықтималдықтар теориясын, көп факторлы талдау мен күрделі жүйелердің тәуекелін есептеу тәсілдерін қолдана отырып кәсіпорындағы алуан түрлі тәуекелдерді талдауға;
5. Экономика нысандары қызметінің тұрақтылығын арттыру үшін машиналар мен құрал-жабдықтардың жұмыс жасау қабілеттілігін және техникалық күйін арнайы тәсілдер, техникалық құралдар арқылы есептеуге;
6. Өндіріс орнында жұмыскерлердің еңбек ету жағдайларын жақсарту және кәсіби тәуекелдер деңгейін азайту үшін қауіпсіздік күйін бағалау тәсілдерімен жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің шынайы күйі нормаға сәйкес немесе сәйкес емес екендігін дұрыс бағалауға;
7. Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздікке аудит ұйымдастыру және аудит әдістемесінің негізінде кәсіпорын қауіпсіздігінің аудиті бойынша қорытынды жасауға.
8. Нормативтік негізде техникалық жобалардың, өндірістердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қауіпсіздігіне, кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық шараларға сараптама жүргізуге.
9. Экономика нысанының қауіпсіздігіне сараптамалық бағалау жүргізу әдістемесінің негізінде ұсынылатын іс-шаралардың іске асырылуын бақылауға, кешенді қауіпсіздік саласында іс-шараларды енгізу нәтижелерін және іс-шараларды енгізудің ықтимал нәтижелерін салыстырмалы талдауға.
10. Жобаны талдау және тәуекелдерін бағалау әдісінің, жобаның дамуын болжау, жобаны басқаруда үлгі құру тәсілдері негізінде жобалық менеджмент саласындағы ұйымдардың жұмысын реттейтін нормалар мен стандарттарды қолдана отырып, жобаның қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға.
11. Кәсіпорындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру жоспарына сай кешенді қауіпсіздікті жетілдіру бойынша инновациялық техникалық шешімдер мен ұсыныстарды жасауға.
12. Жеке, еңбектегі, қоғамдық өмірде талаптар мен шектеулерді орындауға, жеке басындағы дағдыларын табысты таңдауға, жүзеге асыруға қабілетті болады.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік аудиті және басқару
Мамандық шифры
7M11202
Факультеті
География және табиғатты пайдалану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистратура студенттерін ғылым сферасындағы жұмысқа дайындау және оларды ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтердің ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеулердің жабдықтары және әдістерімен, шығармашылықтық еңбекті ұйымдастыру және оны жоспарлаумен таныстыру, теориялық және эксперименттік зерттеулерді талдау және қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Кешенді қауіпсіздік аудиті
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс ұйымдағы нормативтік-құқықтық базаны талдау, ұйымдағы өндірістік, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік аудитін ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді зерттейді және персоналға, халыққа, қоршаған ортаға жазатайым оқиғалардан туындайтын факторлардың алдын алуға, ұйымдардың аварияларды, оқыс оқиғаларды және оларды оқшаулауға және жоюға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. зардаптары, олардан жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға және мемлекетке келтірілген залалдарды кепілдендірілген өтеуін зерттеу

Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздікті ұйымдастыру және басқару
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты табиғи және техногендік және террористік сипаттағы қауіп-қатерлер кешенін анықтау, алдын алу, бәсеңдету, жою және көрсету бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету және практикалық қызмет саласындағы білімді; Азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды техникалық пайдалану және оларға қызмет көрсету саласындағы кәсіби қызметті орындау үшін қажетті ұйымдастырушылық-басқарушылық, жоспарлы-экономикалық, қаржы-экономикалық, ғылыми-зерттеу, кәсіпкерлік құзыреттер қалыптастыру.

Тәуекелдерді басқару, жүйелік талдау және модельдеу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді игеру кезінде келесі аспектілер қарастырылады: кәсіби тәуекелдерді модельдеу, төмендету, оларды басқару, адамға антропогендік әсердің қауіптілік дәрежесін бағалау, тәуекелді бағалау және алдын алуға арналған қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді; күрделі жүйелердің қатерін көп факторлы талдау және бағалау әдістері.

Техникалық жүйелердің сенімділігін, өмірщеңдігін, қауіпсіздігін бағалау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – техникалық жүйелерді сипаттау және олардың сенімділігін, өміршеңдігін және қауіпсіздігін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы техникалық жүйелердің істен шығу себептерінің табиғатын, олардың жиілігін, іркіліс қарқындылығын түсінудің теориялық-практикалық негізін қалыптастырады. Пән техникалық жүйелердің сенімділігін, өміршеңдігін, қауіпсіздігін бағалау әдістерін және олардың жұмысқа қабілеттілігін сақтауды; істен шығу ықтималдығын есептеу тәсілдерін зерделеуге бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аудит жүргізу әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс аудиторлық қызмет заңнамасы, тексерулер жүргізу әдіснамасын реттейтін нормативтік актілер, аудиторлық тексерулер жүргізуді дайындау және жоспарлау, жұмыс құжаттамасын жүргізу, аудит нәтижелерін ресімдеу саласындағы білімді қалыптастыруға бағытталған.

Еңбек қорғаудағы жүйелік зерттеулердің әдістемелік негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс еңбекті қорғау саласында қолданылатын зерттеулер мен процедуралар принциптері туралы теориялық білімді; ғылымның қазіргі заманғы әдістерін, сондай-ақ ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды бағалаудың әдістемелік негіздері саласында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұйымдастыру, іске асыру және бағалау бойынша дағдылар қалыптастыруға бағытталған.

Инженерлік-техникалық шаралардың сараптамалық талдануы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс болашақ магистрлерде өнеркәсіптік, өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсынылған инженерлік-техникалық іс-шараларға сараптамалық талдау жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Инженерлік-техникалық шаралардың тиімділігін бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс болашақ магистрлерде өнеркәсіптік, өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсынылған инженерлік-техникалық іс-шаралардың тиімділігін бағалауды жүргізу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Қауіпсіздік саласындағы жобалау бағдарламалары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс күрделі, тез өзгеретін жағдайда тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін тиімді басқаруды жүзеге асыру үшін техносфералық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жобаларын басқару әдістері мен әдістемелері бойынша білімді қалыптастыруға бағытталған.

Қауіпсіздік сараптамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс ұйымда қауіпсіздік сараптамасын жүргізу әдістері мен ұйымдастыруда экологиялық, өнеркәсіптік, өндірістік қауіпсіздік сараптамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша магистрлерді дайындау сапасын арттыру және білімін қалыптастыруға бағытталған.

Қауіпсіздікті басқарудың ақпараттық технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - білім алушыларда экологиялық, өндірістік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері мен тағайындалуы туралы түсініктерді қалыптастыру, Техносфера жағдайында туындайтын міндеттерді шешу үшін қазіргі заманғы ақпараттық-есептеу құралдарын қолдануда кәсіби білімді, практикалық дағдыларды игеру.

Қауіптерден қорғау жүйелерін басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс болашақ магистрлерде қорғау жүйелері туралы; қорғау жүйелерін дамыту, оларды жетілдіру және неғұрлым қауіпті объектілерді қарау туралы; қорғау жүйелерінің даму динамикасына әсер ететін негізгі факторлар туралы; қауіптерден қорғау жүйелерін тиімді басқару үшін қорғау жүйелерінің даму себептері туралы базалық түсінік пен білімді қалыптастыруға бағытталған.

Өнеркәсіптегі диагностика және бақылау технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс еңбекті қорғау талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының, сот органдарының, еңбекті қорғауды басқару органдарының, жұмыс берушілердің, жұмыс берушілер бірлестіктерінің, кәсіби органдар қызметкерлерінің сұраулары бойынша жүргізілетін еңбек жағдайларына мемлекеттік сараптама жүргізуге қатысу дағдылары мен іскерлігін қалыптастыруға бағытталған.

Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы инновациялық техникалық шешімдерді талдау және құрастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс магистранттарда инновациялық техникалық шешімдерді әзірлеу бойынша іскерлікті қалыптастыру; өтінім берілген техникалық шешімдердің негізгі элементтері мен қасиеттерін анықтау, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, салыстыруды орындаумен патенттік құжаттамаға талдау жүргізу бойынша іс жүзінде дағдылану үшін жағдай жасау; әзірленген инновациялық шешімдерді іс жүзінде енгізу және алынған оң әсерді бағалау бойынша іс жүзінде дағдылану мүмкіндігін беруге бағытталған.

Техникалық нысандардың қауіпсіздігін бақылау және қадағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария бойынша мемлекеттік қадағалау-бақылау органдарының міндеттері, функциялары мен құқықтары туралы қажетті білімді қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіпорындардың өздері жүзеге асыратын бақылауды ұйымдастыруға бағытталған.

Техносфералық қауіпсіздік жүйесіндегі жобалық жұмыстарды ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс жобалау қызметіне жүйелі әдістемелік көзқарасты қалыптастыруға және дизайнда жобалық жұмыстың практикалық дағдыларын игеруге, берілген уақытта белгілі бір жобаны орындау үшін адамдарды, жабдықтарды, материалдарды, қаржы құралдары мен кестелерді үйлестіруге білікті шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жоғары жобалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген