Магистратура
Кітапханалық ақпарттық жүйелер

Кітапханалық ақпарттық жүйелер

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1.Ақпараттық технологияларды кітапхана ісінің заманауи мәселелерін талдауда және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу

2. Кітапханалардың ақпараттық ресурстарымен және сервистерімен жұмыс істеу кезінде ақпаратты іздеу және өңдеу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың базалық тәсілдері мен әдістерін қолдану

3 Кітапхана мен ақпараттық ғылым негіздері арасында ортақ ұтымды байланыстарды айқындау

4. Ғылым мен техниканың дамуына әсер ететін әлемдік мәліметтер базасымен жұмыс жасау ерекшеліктерін меңгеру және оларды оқырмандарға ұсыну технологиясын жетілдіріп отыру
5. Қол жетімділігі ашық және шектеулі ақпараттық базалармен жұмыс істеу тәртібін меңгеру және олардың құқықтық нормаларын түсіндіру
6. Жасанды интеллекттің даму тенденцияларын және жасанды интеллектті кітапхана ісінде қолдану әдістерін анықтау
7. Кітапханаларды басқару саласында ғылыми зерттеулер бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу және олардың орындалуын ұйымдастыру және бұл бағытта жобалау қызметінің әдістерін қолдану
8. Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысын ұйымдастыру, білім алушылардың тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға ықпал ету, әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас орнату, кәсіби қызметте басқару психологиясы мен менеджмент бойынша білімдерін пайдалану.
9. Кәсіби қызмет саласында ұйымды, жекелеген қызмет салаларын, құрылымдық бөлімшелерді, персоналды стратегиялық, тактикалық және жедел басқару теориясы мен практикасын меңгерген ақпараттық-кітапханалық мекемелердің элитасын дайындау.
10. ітапханаларда және ақпараттық орталықтарда ғылыми семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, дискуссиялық клубтар, кездесулер өткізу мақсатында зерттеулер мен ізденістер жүргізу және мәдени мекемелерде, мәдениет департаментінің бөлімдерінде стратегиялық даму бағдарламаларын әзірлеу

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Кітапханалық ақпарттық жүйелер
Мамандық шифры
7M03206
Факультеті
Тарих

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Кітапхана қорын ұйымдастыру және модернизациялау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кітапханалық қортанудың теориялық негіздерін оқу және магистранттардың дағдыларын меңгеру, кітапхана қорын құруда алған білімдерін пайдалану. Оқу курсы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту, оларға шығындарды жоспарлау және олардың тиімділігін бағалау теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән ақпараттық қызметтің құжаттық ресурстарының түрлерін талдауды, кітапхана қорын жаңғырту мәселелерін, бейіндік әдебиеттің құжаттық ағымында топтастыру және бағдарлауды зерттеуге бағытталған.

Кітапханалық және ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән деректер базасын жобалаумен, интернет-технологиялармен, веб-сервистермен, бұлтты есептеулермен, компьютерлік желілермен, телекоммуникациялармен және компьютерлік қауіпсіздікпен және басқа құралдармен, мәліметтер базасы мен ақпараттық массивтерді бағалау және талдау жүйелерін құрумен және қолдаумен, ақпараттық ресурстарды басқарумен, ақпараттық қызметтер саласында заманауи технологияларды қолданумен, ақпараттық өнімдерді жоспарлаумен және құрумен, түрлі мәдени мекемелермен ынтымақтастық мәселелерін қарастырады.

Кітапханалық-ақпараттық қызмет квалиметриясы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: сапалы өнімді жобалаумен, құрумен, пайдаланумен және талап етумен байланысты кітапханалық-ақпараттық қызметтің түрлерінің тиімділігін бағалау үшін зерттеу әдістері мен сандық есептеулерді меңгеру қабілетін қалыптастыру, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту, квалиметрияның жалпы әдіснамалық негіздерін, өлшеудің күрделі міндеттерін шешу үшін жүйелік талдауды, квалиметриялық ақпаратты алу әдістерін меңгеруге бағытталған.

Құжаттарға библиографиялық сипаттама жасаудың халықаралық стандарттары
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кітапхана ісінде халықаралық және мемлекеттік стандарттарды қолдану қабілетін қалыптастыру және құжаттардың библиографиялық сипаттамасын жасаудың әртүрлі әдістемесін меңгеру. Пән библиографиялық сипаттаманың әртүрлі түрлерінің қызметін ұйымдастыруды, библиографиялық құжаттарды дайындау мен қалыптастырудың жалпы мәселелерін, қазіргі заманғы кітапханалық-ақпараттық технологияларды және кітапхананың библиографиялық қызметін басқаруды зерттеуге бағытталған.

Сандық ресурстарды басқару
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттарды ақпарат көздерін жан-жақты іздеу, оларды талдау, іріктеу және жіктеу типтерін, әртүрлі өлшемдер бойынша ақпаратты зерттеу әдістерін анықтау және теориялық негіздеу. Оқу курсы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту, оларға шығындарды жоспарлау және олардың тиімділігін бағалаудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Ақпаратты пайдаланудың құқықтық аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттарға ақпараттық қызметтер мен контент құру, ақпараттық қызметтерге зияткерлік меншік құқығы және 21 ғасырда бұқаралық ақпарат құралдарын қайта пайдалану мүмкіндіктерін қалыптастыру контекстінде авторлық құқықтың құқықтық аспектілері туралы білім беру (мысалы, адал пайдалану, бірінші сатылым доктринасы).

Ақпараттық деректер және сервис
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты әртүрлі типтегі және түрдегі ақпараттық орталықтарда оқырмандардың әртүрлі санаттарына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің мәні мен ерекшелігін түсінудің теориялық-әдіснамалық мәселелерін меңгеру; кітапханалық-библиографиялық ақпаратты тұтынушылардың негізгі топтарының жіктелуін және олардың ақпараттық қажеттіліктерінің ерекшеліктерін білу, оқу социологиясы мен психологиясын терең меңгеру, рухани, мәдени және ақпараттық байыту тәсілі ретінде оқу мәдениетін түсіну.

Ақпараттық менеджмент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ақпараттық қызмет пен кітапхана жұмысыныңттиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық менеджментті қалыптастыру және қолдану қабілетін қалыптастыру, оған қатысты функцияларды, ұғымдарды, қоғам алдында тұрған кітапхана менеджментінің бағыттарын талдау, кітапхана менеджменті бойынша қызметті ұйымдастыруға, қоғамдық қызметте және кітапхана менеджментінде компьютерлік технологияларды қолдануға дағдыларды қалыптастыру және бекіту.

Ақпараттық ресурстарға кітапханалық классификациялаудың методологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - автоматтандырылған технологияларды қолдана отырып ақпараттық ресурстардың құрамын, құрылымын, даму заңдылықтарын және пайдалануын, оларды көпшілік кітапханалар қорларын қалыптастыруда, каталогтар мен картотекаларды ұйымдастыруда пайдалануды меңгеру, сонымен қатар баспалар мен баспа ұйымдарында, кітапханалық бейіндегі арнайы оқу орындарында қолдануға арналған білімін қалыптастыру.

Білімді басқаруға кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты білімді басқарумен байланысты әртүрлі ұғымдар мен теорияларға кіріспе саласында білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Басқару теориялары мен модельдері, информатика, білімді басқаруға арналған құралдар мен технологиялар, білімді басқарудағы проблемаларға шолу, мазмұнды басқару жүйелері, корпоративтік порталдар, электрондық оқыту, құжат айналымы жүйелері, білімді сақтау сияқты білімді жобалау талданады.

Жаңа және дамып келе жатқан технологиялар (АТ)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат - кітапхана және ақпараттық ғылымдарда және басқа салаларда қолданылатын (немесе болуы мүмкін) әртүрлі жаңа және дамып келе жатқан технологияларды жобалау және қолдану қабілетін қалыптастыру.Курс барысында ашық бастапқы бағдарламалық жасақтаманың (OSS) әртүрлі аспектілері, әлеуметтік медиа, вики, блогтар, мэшаптар, жаңа технологиялар мен тұжырымдамалар талданады.

Көшбасшылық принциптер және кітапханалық, ақпараттық қызметтерді басқару /
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттардың білімін, осы ұйымдардағы басшылықтың теориялары, принциптері мен практикасына бекіту. Пәнді оқыту барысында көшбасшылыққа тән мүмкіндіктер мен артықшылықтар анықталады, көшбасшылықтың менеджменттен айырмашылығы, кәсіби маманның маңыздылығы, мансап, жұмысқа бағдарланумен салыстыру, жеке күштер мен басқару стильдерін түсіну, кәсіби құндылықтар, клиентке бағдарлану, тұрақты оқыту, әртүрлілік мүмкіндіктері талданады.

Кітаптану, кітапханатану және библиографиятанудың теориялық-методологиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттардың теориялық, методологиялық, кітапханалық, библиографиялық, кітап шығару және кітап сауда қызметін ұйымдастыру саласындағы базалық кәсіби білімдерін тереңдете оқыту, салаға тән методологияның ерекшеліктерін ұғындыру, кітапханалық-библиографиялық және кітаптану қызметінің құжаттық-ақпараттық табиғаты туралы түсініктерді қалыптастыру, зерттеудің ерекшелігі мен жаңалығында салаға тән методологияның орнын ұғындыру.

Кітапхана және ақпараттық ғылым негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты ақпараттық архитектура, адам мен компьютердің өзара әрекеттесуі, осы саладағы зерттеулерге, ақпарат іздеуге, деректер ғылымына және ақпараттық технологиялар саласындағы көшбасшылыққа қатысты тәсілдер мен әдістемелердің принциптері мен сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру. Пайдаланушыға бағытталған жүйелерді жобалау, әлеуметтік-техникалық тұжырымдамалар және ыңғайлылық курс барысында талқыланатын негізгі тақырыптар болып табылады.

Кітапхана статистикасы және абсолюттік көрсеткіштер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән кітапхана ісін дамыту заңдылықтарын тану үшін сандық өлшеуіштерді қолдану, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту, оларға шығындарды жоспарлау және олардың тиімділігін бағалаудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады, кітапханалық қызметтің ауқымын, пропорциясын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін әзірлеуді, сондай-ақ негізгі даму тенденцияларын негіздейтін көрсеткіштерді өзара байланыстыру және факторларды талдау әдістерін құруға бағытталған.

Кітапхана ісін дамыту стратегиялары және әдістемелік қызметі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - кітапхана ісін дамыту стратегиясында алынған білімді қолдану қабілетін қалыптастыру, кітапханаларды ұйымдастыру және қызмет ету принциптерінің заманауи негіздері саласында білім беру. Оқу курсы барысында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту әдістері, шығындарды жоспарлау және олардың тиімділігін бағалаудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастыру әдістері меңгеріледі.

Кітапхана ісінің даму стратегиясы және әдістемелік қызметі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - кітапхана ісін дамыту стратегиясында алынған білімді қолдану қабілетін қалыптастыру, кітапханаларды ұйымдастыру және қызмет ету принциптерінің заманауи негіздері саласында білім беру. Оқу курсы барысында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту әдістері, шығындарды жоспарлау және олардың тиімділігін бағалаудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастыру әдістері меңгеріледі.

Кітапханалық-ақпараттық қызметтің құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсты оқыту нәтижесінде қолданыстағы бейіндік заңнама жүйесін, кітапхана ісінде практикада құқықтық нормалар мен ережелерді қолдану қабілеттілігі, белгіленген заңнамалық актілер шеңберінде ақпараттық кеңістікті пайдалану және оларды еркін бағдарлау қабілеттері қалыптасады.

Кітапхананың сапа менеджменті жүйесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - кітапхана қызметін ұйымдастыру және табысты жүргізу үшін қажетті кітапхана ісі саласындағы сапа менеджменті жүйесінің стандарттарымен, нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстыру, оны құру және қызмет ету мәні, мақсаттары мен міндеттеріне талдау жасау, барлық іс-шараларды дұрыс жоспарлау және олардың жүзеге асырылуын тиімді ұйымдастыру, сапаны басқару жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін бағалауды үйрету.

Электрондық ресурстар және мәліметтер базасын басқару жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты түрлі бағыттар бойынша ғылым мен техниканың салалары бойынша ақпараттық қызметтерді сапалы ұсыну үшін оқырмандар мен пайдаланушыларға сұрау салынған тақырып бойынша еркін қызмет көрсетуге қабілетін қалыптастыру, жобалау стратегиясын әзірлеу, жобалық мақсаттарды анықтау, кітапханалық және библиографиялық қызметтің жекелеген бөлімдері мен үрдістеріне қатысты кәсіби қызметте, автоматтандыру және компьютерлендіру құралдарын пайдалануды меңгеру.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген