Магистратура
Механика және энергетика

Механика және энергетика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін магистранттар келесі құзіреттерге ие болады:
1. ON1 қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну және бағалау, механиканың заманауи өзекті мәселелерін, механиканың ғылым ретінде дамуының негізгі үрдістері мен өзекті бағыттарын сипаттау;
2. ON2 механиканың қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларын тұжырымдау және шешу, таңдаған тақырыптың теориялық және практикалық тұрғыдан өзектілігін анықтау және бағалау;
3. ON3 энергетикалық жүйелердің мәселелерін шешуде компьютерлік модельдеуді қолдану, одан кейінгі нәтижелерді өңдеу және зерттелетін объектіде орын алатын процестердің сандық және сапалық бағалауларын ұсыну;
4. ON4 механика және термодинамиканың іргелі заңдарын негізге ала отырып инженерлік есептерді шешуде заманауи математикалық әдістерді қолдану;
5. ON5 энергетикалық жүйелердің қолданбалы мәселелерін шешу үшін аналитикалық, сапалы және сандық әдістерді қолдану және талдау;
6. ON6 сығылатын ағынды зерттеуге арналған аналитикалық және сандық әдістерді қолдану және талдау;
7. ON7 көпфазалы сұйық ағынын, оның ішінде кеуек ортаны зерттейтін аналитикалық және сандық әдістерді талдау және қолдану;
8. ON8 реакциялық процестерді зерттеу үшін қазіргі заманғы сандық әдістер мен қосымшалар пакеттерін талдау және қолдану;
9. ON9 есептің қойылымынан бастап, оған сәйкес математикалық моделді анықтап, негізделген есептеу әдісін таңдай отырып, соңында алынған нәтижелерді түсіндіріп, есепті шешу бойынша ұсыныс жасап аяқтайтындай таңдап алған ғылыми тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу;
10. ON10 Зерттелетін проблемалардың пәнаралық екендіктерін бағалау; зерттеу нәтижелері мен ұсыныстарды мамандарға да, маман еместерге де түсіндіре білу; өзгенің пікірлерін дұрыс қабылдап, өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеп шығу;
11. ON11 топта өз бетінше білім алуға және коллективте табысты еңбек етуге және табысты жұмыс істеуге қабілетті екендігін көрсету, қоғамдағы шектеулер мен талаптарды бағалай отырып өзінің кәсіби тұрғыдан одан әрі даму жолдарын анықтау және талдау;
12. ON12 педагогикалық қызметте жоғары білім берудің педагогикасы мен психологиясы туралы білімін қолдана отырып, университеттер мен колледждерде арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Механика және энергетика
Мамандық шифры
7M05405
Факультеті
Механика-математика

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Көпфазалы ағындарды модельдеу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – магистранттарға механика және энергетика есептері үшін көпфазалы ағындардың негіздерін оқыту Курс шеңберінде аналитикалық және сандық талдау әдістерін, сонымен қатар көпфазалы ағындарды (газ, қатты және сұйық) зерттеудің тәжірибелік әдістері.

Механика және энергетиканың қолданбалы есептері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерінің көмегімен механиканың және энергетиканың қолданбалы мәселелерін зерттеудегі магистранттардың жүйелік білімдерін және кәсіби құзыреттілігін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер механика мен энергетиканың қолданбалы есептерінің негізгі құбылыстары мен процестерін зерттеуге арналған бағдарламалық пакеттерді меңгереді.

Механикадағы ұқсастық әдістері және өлшем бірліктер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттердің механикадағы ұқсастық және өлшем теориясы бойынша білімін және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: өлшемсіз параметрлерін анықтаушы жүйесі, өлшем бірлікті теориясы, ұқсастық теориясы, түрлі өлшемдер үшін өлшем бірліктер теориясы, өлшембірлікті шамалар, өлшембірліксіз шамалар, негізгі өлшем бірліктер, туынды өлшем бірліктер, өлшем бірлік формуласы, физикалық шамалар арасындағы функционалдық қатынастар.

Сандық әдістер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттардың механика мен энергетикадағы, оның ішінде күрделі аймақтарда есептерді шешу үшін дәлдігі жоғары заманауи сандық әдістерін қолдану дағдыларын дамыту. Курс шеңберінде магистранттар механика мен энергетикадағы есептерге заманауи сандық әдістерді енгізуді қалай орнату керектігін үйренеді.

Сығылатын сұйықтарды зерттеу әдістері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты сұйықтар мен газдардың негізгі физикалық қасиеттерін, статиканың жалпы заңдылықтары мен теңдеулерін, сұйықтар мен газдардың кинематикасы мен динамикасын оқыту; энергетикалық есептердің кең ауқымы үшін сығылатын сұйықтық ағындарын физика-математикалық модельдеу ерекшеліктері.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

Энергетикалық жүйелердің термодинамикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - термодинамиканың негіздерін студенттерге бекіту және оларды термодинамикалық процестерді зерттеу үшін қолдану дағдыларын дамыту. Курс аясында студенттер термодинамикалық процестердің физикалық негіздерімен, термодинамиканың негізгі ұғымдарымен және заңдарымен танысып, термодинамикалық процестерді талдаудың заманауи әдістерін практикалық есептерді шешуде қолдануды үйренеді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Инженерлік есептерді шешудің математикалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттердің математикалық сауаттылығын арттыру және инженерлік мәселелерді шешу үшін қолданыстағы білімді қолдануда кәсіби дағдыларды қалыптастыру. Курс инженерлік есептерді сипаттауға арналған негізгі математикалық модельдерді, оларды шешу әдістерін және практикалық ұсыныстар мен қорытындыларды әзірлеу үшін нәтижелерді өңдеуін визуализация мен статикалық талдау әдістерін қолдануды қамтиды.

Көпфазалы ағындарды модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – магистранттарға механика және энергетика есептері үшін көпфазалы ағындардың негіздерін оқыту Курс шеңберінде аналитикалық және сандық талдау әдістерін, сонымен қатар көпфазалы ағындарды (газ, қатты және сұйық) зерттеудің тәжірибелік әдістері.

Нанотехнологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты нанотехнология саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, 0,1 – 100 нм өлшемдегі құрылымдарды өлшеу, зерттеу, жасау және өзгерту негізгі әдістермен таныстыру және сондай-ақ наноөлшемдегі ағындарды зерттеу үшін іргелі теориясымен таныстыру.

Реакцияланатын ағындарды модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің реакциялық ағындарды модельдеу саласындағы білімі мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, реакцияланатын ағындар үшін гидродинамика заңдарын және модельдеудің негізгі әдістерін меңгеру, негізгі теңдеулерді және іргелі аксиомаларды түсініп, гипотезаларды және химиялық әрекеттесетін ағындарды модельдеудің заманауи тәсілдерін, сонымен қатар студенттерді практикалық мысалдармен негізгі реакциялық ағындармен таныстыру.

Сандық анализ
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарды механиканың және энергетиканың мәселелерін шешудің қазіргі әдістерін әзірлеу мен қолданудың заманауи әдістерін үйрету болып табылады. Курс шеңберінде студенттер дифференциалдық теңдеулер түрлерінің классификациясын және оларды нақты есептерді мысал ретінде пайдалана отырып шешу әдістерін, сонымен қатар тұрақтылық және жинақтылық тұрғысынан сандық алгоритмдерді талдауды меңгереді.

Сұйықтың динамикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарға табиғаттың негізгі заңдарын (масса, энергия, импульс, сақталу заңдары және т.б.) Курс физикалық шамалардың негізгі сақталу заңдарын, қажетті құбылысты зерттеу үшін сұйық моделін ұтымды таңдаудың теориялық аспектілерін, сонымен қатар есепті шешудің сәйкес әдісін таңдауды талдауды қамтиды.

Тасымалдаудың кері есептерін шешу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттарда эксперименталды деректерді өңдеу дағдыларын дамыту, зерттеу нәтижелері бойынша процестер ағынының заңдылығын анықтау. Оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін магистранттар келесі құзіреттерге ие болады: 1. термодинамикалық процестердің физикалық негіздерін жүйелі түрде түсіндіру, сондай-ақ эксперименттік деректерді өңдеуде білікті болу; 2. есептің физикалық қойылымын дұрыс қою, эксперименттік деректерді өңдеу арқылы процестердің заңдылықтарын анықтау (мысалы, ең кіші квадраттар әдісімен және т.б.); 3. термодинамикалық жүйелердің тиімді жұмыс жасау режимдерін анықтау; 4. есептеу нәтижелерін олардың кейінгі қолдану аясындағы ұсыныстарымен талдау.

Термодинамикалық жүйелерді модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – термодинамика принциптеріне негізделген механика және энергетика мәселелерін зерттеудің заманауи әдістерін меңгеру. Курс шеңберінде магистранттар термодинамикалық жүйелердің оңтайлы жұмыс режимдерін анықтау үшін термодинамикалық процестердің физикалық негіздерін зерттеуге арналған бағдарламалық пакеттерді меңгереді.

Турбуленттік ағындар үшін есептеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты турбуленттік ағындар үшін есептеу әдістері саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, магистранттарды турбулентті ағындар теориясының негізгі жағдайларымен және олардың негізгі статистикалық сипаттамаларын математикалық модельдеу әдістерімен таныстыру.

Турбуленттілік және жану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттарда энергетикалық жүйелердегі турбулентті ағындар мен жану процесін зерттеу дағдыларын дамыту болып табылады. Курс шеңберінде студенттер турбуленттілік саласындағы жүйелі білім мен энергетикалық жүйелердегі жану процесінің физикалық механизмдері туралы түсінік алады; турбулентті ағындар мен жану процестерін зерттеу үшін үлгілерді құрастыруды, бейімдеуді және қолдануды, сонымен қатар жану кезіндегі жылу энергиясын және жарылыс кезіндегі артық қысымды есептеуді үйренеді.

Фильтрация теориясының қолданбалы есептері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – сүзу теориясы бойынша құзыреттерді қалыптастыру және ұңғымаларды жерасты шаймалау әдісімен металдарды алу үшін қосымшаларды шешу дағдыларын меңгеру. Пәннің мазмұны: сүзу теориясының негізгі ұғымдары мен теңдеулері. Кеуекті ортада сүзу кезіндегі массаның және импульстің сақталу заңдары, Дарси заңы. Фильтрацияның дифференциалдық теңдеулерін шығару. Деформацияланбайтын кеуекті ортада сығылмайтын сұйықтықты сүзу.

Энергетика есептері үшін қолданбалы бағдарламалық пакет
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жылу және масса алмасу, энергияны сақтау процестерін модельдеу, сондай-ақ жылу-энергетикалық жүйелердің өнімділігін бағалауды қоса алғанда, энергетикалық мәселелерді шешу үшін бағдарламалық кешендерді пайдалануда кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.

Энергетикалық жүйелерге арналған жоғары өнімді есептеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән энергетикалық жүйелерді шешу үшін есептеу математикасының, мәліметтерді талдаудың және өңдеудің белгілі әдістерін жоғары өнімді іске асыруды пайдалануға мүмкіндік беретін білімдер мен құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Пәнді меңгеру кезінде магистрант алгоритмдерді параллелизациялаудың теориялық аспектілерін біледі; графикалық процессорларда және көп ағынды есептеулерді жүзеге асыруды үйренеді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген