Магистратура
Физика

Физика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Бұл бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар келесідей мүмкіндіктерге ие болады деп күтілуде:
1. ON1– гравитация және космология саласындағы теориялық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін түсіндіру;
2. ON2 – алынған эксперименталды мәліметтерді түсіндіру үшін физикалық құбылыстар мен процестердің теориялық моделін қолдану;
3. ON3 - гравитация және космология салаларында физикалық құбылыстар мен процестердің ғылыми есептеулерін жүргізу үшін заманауи компьютерлік бағдарламаларды, математикалық аппаратты және сандық әдістерді қолдану;
4. ON4 - физикалық жүйелерді сипаттайтын әр түрлі параметрлерге байланысты нәтижелердің салыстырмалы графикалық талдауын жүргізу;
5. ON5- деректерді өңдеудің графикалық нәтижелерін талдау, жүргізілген теориялық есептеулерге, ғылыми зерттеулер мен эксперименттерге сыни талдау жүргізу, жүргізілген жұмыстар бойынша толық есеп құру;
6. ON6 - қойылған мақсаттарға қол жеткізу және негізгі міндеттерді іске асыру үшін нақты физикалық проблеманы зерттеу бойынша алынған ғылыми нәтижелерді негіздеу;
7. ON7- оқу материалдарын тиімді көрсетуді ұйымдастыру, тыңдаушылар алдында өзінің кәсіби деңгейін көрсету;
8. ON8- қазіргі заманғы білім беру технологияларын табысты қолдану, байланыс аудиторияларының мүмкіндіктерін талдау;
9. ON9- озық заманауи технологияларды қолдана отырып, оқытудың нәтижелерін бағалау мен талдаудың тиімді әдісін әзірлеу;
10. ON10 - білім алушыларды жоғары оқу нәтижелерін алуға бағыттау және ынталандыру;
11. ON11- инновациялық, педагогикалық және білім беру технологияларын, сондай-ақ оқытудың тиімділігі жоғары әдістерін қолдану, олардың нәтижелілігін бағалау;
12. ON12- жоғары оқу орнында оқу үрдісінде кәсіби біліктерді, дағдыларды меңгеру, өз мамандығының маңыздылығын түсіну, тұрақты қызығушылық таныту, даму, қазіргі трендтік оқиғалардан хабардар болу (эксперименттер мен теориялық зерттеулер).

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Физика
Мамандық шифры
7M05303
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Басқару психологияcы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты басқару психологиясының іргелі түсініктерін түсіндіру, кәсіби тұрақтану процесінде басқару аймағының аспектілерін теориялық және тәжірибелік қолдану алғышарттарын анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы бойынша заманауи көзқарастарды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: басқару психологиясының, басқару қарым-қатынастағы жеке тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару негізгі принциптері.

Гравитацияның классикалық теориясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттардың гравитацияның классикалық теориясы пәні, мақсаты және міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, гравитацияның классикалық теориясының негізгі бөлімдерімен, гравитацияның классикалық теориясында қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. гравитацияның классикалық теориясының негізгі есептерін тұжырымдау, талдау және шешу дағдыларын; 2. есептер күрделілігін түсіну қабілетін; 3. гравитациялық құбылыстарды классикалық сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды. Пәннің қысқаша мазмұны: Риманов геометриясы және тензорлық талдау. Гравитациялық өріс теңдеулері. Гравитациялық көздерге жақын кеңістік-уақыт. Жалпы салыстырмалылық теориясының классикалық әсерлері. Космологияға кіріспе.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағдарланған. Оқу курсы ғылыми зерттеу процесінің теориялық және әдіснамалық негізін, олардың мақсаттарын, міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, сондай-ақ нәтижелерді қолдану салаларын қалыптастырады. Пән ғылыми әдістеменің негіздерін, әдеби-эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістемесін, ғылыми жарияланымдар мен жобаларды дайындау және рецензиялау ережелерін зерттеуге бағытталған.

Жалпы салыстырмалылық теориясындағы (ЖСТ) орнықтылық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттарға орбиталық тұрақтылық туралы мәлімет беру және жалпы салыстырмалық механикада векторлық элементтерге қатысты орнықтылық мәселесі туралы білім беру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. жалпы салыстырмалы теорияда қолданатын дифференциалды геометрияның негізгі концепцияларын түсінуді; 2. аффиндық қисындылық, спиндық қисындылық, Фок-Иваненко коэффициенттерін қолдануды; 3. бұрау тензоры, Эйнштейн-Картан теориясын тұжырымдауды; 4. Эйнштейн-Картан теориясында есептерді шешуді; 5. спинордық анализды қисық кеңістікте толық қолдануды. Жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысының тұрақтылығы мәселелерінің қысқаша тарихи мәліметі берілген және қисық уақыт-кеңістігіндегі тұрақтылық мәселесінің дұрыс тұжырымдасы беріледі. Әр-түрлі гравитациялық және электрмагнит өрістерінде сынақ дененің қозғалысының класстары Ляпунов және Лагранж бойынша тұрақтылық және тұрақсыздыққа зерттеледі.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты-жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, педагогикалық іс-әрекеттің құзыреттілігін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру. ЖОО-дағы педагогикалық аксиология негіздері (оқыту, тәрбиелеу, әдістемелік, зерттеушілік), әдістемелік инновациялық технологиялар, педагогикалық такт, этика ережелері, тәрбиелік іс-шаралардың стратегиясы мен әдістері, қазіргі ғылыми парадигмалардағы педагогиканың орны, оның гуманитарлық білім контексіндегі жаңа ғылыми фактілері қарастырылады.

Заманауи кванттық-механикалық модельдеудің заманауи әдістері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән конденсирленген күй физикасында қарқынды оқытылып жүрген нақтылы кванттық жүйелердегі компьютерлік модельдеудің заманауи әдістерін оқытып, оларды оңтайлы қолдану мүмкіндіктерін үйретуге бағытталған.

Заманауи физиканың негізгі принциптері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерін, физикалық жүйелер симметриясының кеңістік-уақыт координаттар түрлендірулеріне салыстырмалы сақталу заңдарымен байланыстарын мазмұндау. Магистранттарға физикалық құбылыстар заңдылықтарының терең түсінігін беру. Магистрант қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерінің айқын түсінігін иелену керек. Осы пән шеңберінде: салыстырмалылық принципі; Галилей мен Лоренцтің түрлендірулері; ковариантты түрдегі физика теңдеулері; симметрия принципі, суперпозиция, белгісіздік принципі; сәйкестік принципі; энергияның сақталу заңы және уақыттың біртектілігі; импульстің сақталу заңдары және қозғалыс мөлшерінің моменті; кеңістіктің айна симметриясы және жұптылықтың сақталу заңы; тепе-тең бөлшектер мен бөлшектер статистикасы; күшті әрекеттесудің заряд тәуелсіздігі; заманауи физиканың негізгі принциптері.

Кванттық гравитация
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты магистранттардың пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ көп өлшемді гравитация пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді 1. гравитацияның кванттық теориясының негізгі есептерін тұжырымдау, талдау және шешу дағдыларын; 2. есептер күрделілігін түсіну қабілетін; 3. гравитациялық құбылыстарды кванттық сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды. 4. кванттық гравитация бөлімдерінің ерекшеліктерін саралауды; 5. астрофизика және космологиядағы кванттық-гравитациялық әсерлерді теориялық талдау және есептеу әдістерін қолдануды. Пәннің қысқаша мазмұны: Гравитацияны кванттау. Гравитациялық өрістегі зарядтың кванттық механикасы. Гравиатомдардың сәулеленуі... Кванттық геометродинамика. Кванттық космология. Қисық уақыт-кеңістігіндегі кванттық өріс теориясы.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Жалпы салыстырмалылық теориясында (ЖСТ) денелердің қозғалыс мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарға Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының негізгі есептері және әдістері жайлы түсініктерді беру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. жалпы салыстырмалық теориясының математикалық аппаратын түсіну; 2. өз еркімен Эйнштейннің гравитация теориясының қолданбалы және теориялық есептерін шығару; 3. Фок әдістерін Эйнштейн теңдеулерін шешу барысында қолданып бейімделу. 4. ЖСТ математикалық аппаратын қолдану 5. Эйештейннің гравитация теориясының мәселелерін тұжырымдау Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Жалпы салыстырмалық теориясының механикасы. Шварцшильд метрикасы, Керр метрикасы, жуық метрикалар, гармониялық шарты, Фок бойынша метриканы қатарға жіктеу, Фок бойынша квазистационар жуықтауында Эйнштейн теңдеулерін шешу. Лензе-Тирринг есебі. Эйнштейн теңдеулерінің дәл және жуық шешімдері және олардың астрофизика мен космологияның қолданбалы есептеріне пайдаланылуын қарастыру.

Жұлдыздар эволюциясы және галактикалар динамикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттарда пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды жұлдыздар эволюциясы мен галактика динамикасы пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.

Классикалық өріс теориясына кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттардың гравитацияның классикалық теориясы пәні, мақсаты және міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, гравитацияның классикалық теориясының негізгі бөлімдерімен, гравитацияның классикалық теориясында қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. гравитацияның классикалық теориясының негізгі есептерін тұжырымдау, талдау және шешу дағдыларын; 2. есептер күрделілігін түсіну қабілетін; 3. гравитациялық құбылыстарды классикалық сипаттау үшін әдістер мен формализмдерді қолдануды.

Релятивтік астрофизика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- магистранттарға әлемнің құрылымы және эволюциясы жайлы мағлұматтарды және макро дүниенің зандылықтары жайлы Пән аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады: Астрофизикада экзотикалық компакт объектердің, қараңғы материя мен қараңғы энергияның ашылуымен байланысты соңғы ғылыми жетістіктерді қарастырады. Релятивтик астрофизиканың пәні мен объекті. Астрофизикадағы соңғы ғылыми жаңалықтар. Әлемнің физикалық құрылымы. Кеңейіп бара жатқан Әлемнің теориясы. Космологияның заманауи мәселелері. Әлемнің құрылымын және эволюциясын зерттеу әдістерін оқыту.

Теориялық физикадағы жуықтап есептеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты физикалық теңдеулерді шешудің алгоритмдерін жасау және қазіргі заманғы компьютерлік пакеттермен және бағдарламалармен есептеулерді жүргізу қабілетін қалыптастыру. Бұл курс физикалық мәселелерді шешудің сандық әдістерін және оларды компьютерге енгізу; теңдеулер жүйесін шешудің компьютерлік бағдарланған әдістері; физикалық проблемаларды шешудің түпкілікті нәтижелерін көрсету үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану; Гаусс әдісі; Монте-Карло әдісін түсіндіреді.

Ядролық астрофизика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистраттарға астрофизикадағы заманауи мәселелер және жұлдыздық заттардағы ядролық реакциялар туралы білімдерін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1.ғарыштық объектілерге қолданылатын физикалық заңдылықтарды білу; 2.ғылыми-техникалық ақпараттарды сараптай алу, 3.зерттеу бағыты бойынша отандық және шет елдік тәжірибелерді үйрену; 4. заманауи ядролық астрофизиканың фундаментальды заңдылықтарын игеру. 5. ғарыштық объектілерге қолданылатын физикалық әдістерді қолдану.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген