Биология
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. студентке бағдарланған оқыту және бағалау принциптерін ескере отырып, оқу сабақтарын (дәрістерден басқа) ұйымдастыра білу, өткізу, сонымен қатар білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды дайындай білу;
2. ғылыми биологиялық зерттеулердің деңгейін ботаника, зоология, клеткалық биология, эмбриология, молекулалық биология, биоинженерия салаларында ғылыми мәліметтерді өңдеуді, биометриялауды, түсіндіруді кең таралған қазіргі заманғы әдістер арқылы жетілдіру;
3. биология, биотехнология, экология, медицина, білім беру салаларында ғылыми зерттеулер мен теорияларды жүйелей, әзірлей және жоспарлай білу және сыни бағалай білу және мәселелерді кәсіби деңгейде шеше алу;
4. оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, өндірістік қызметтерде проблемалық мәселелерді шешу барысында бастапқы теориялық ұстанымдарды таңдап қолдану кезінде биологияның қазіргі заманғы бағыттарының концепциясы мен ғылыми теориясын жүйелей және түсіндіре білу;
5. биология салаларымен және онымен аралас яғни, медицина, ауыл шаруашылығы, экология, биотехнология қызмет салаларында практикалық міндеттерді шешу кезінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды және жобаларды іске асыра білу;
6. жаңа дәрілік препараттарды, микроорганизмдер штаммдарын, ауыл шаруашылығында өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, ГМО жасау мақсатында биология, химия, физика, АТ, медицина, ауыл шаруашылығы салаларында пәнаралық зерттеулер жүргізе білу;
7. биология және биотехнология салаларында меңгерілген зерттеу технологиялары арқылы ғылыми әлемдік көзқарасты негізге ала отырып кешенді зерттеу жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру, заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып тәуелсіз биологиялық зерттеулерді жүзеге асыру үшін бағдарламалық өнімдерді қолдана білу;
8. биоэтика қағидаларына негізделген ғылыми-зерттеу қызметін құру; жұмыс сапасына және нәтижелердің ғылыми дәлдігіне, биоәртүрлілікті сақтауға және қорғауға, адам құқықтары мен денсаулығына жеке жауапты болады;
9. биотехнология және биология салаларында қолданылатын жартылай өндірістің тәжірибелік сатыларының схемасын жасау және осыны негізге ала отырып технологиялық процестерді жүзеге асыру;
10. биология және аралас салалардағы, соның ішінде экология, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнологияда ғылыми өнімдерді бағалай білу және рецензия беру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген