- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Архивтану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету
Архивтану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Осы бағдарламаны аяқтағанан кейін магистранттардың қабілеттері қалыптасады:
ON1. Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі мен архив қызметінің жұмысын ұйымдастыру, басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісі мәселелері бойынша ұйым қызметкерлеріне кеңес беру;
ON 2. Архив ісі, археография және құжаттану салаларында сараптамалық зерттеулерді жүргізуде атсалысу және оларды жұмыс тәжірибесіне енгізу.
ON 3. Архивтердің сараптамалық-тексеру, әдістемелік комиссияларының және басқа кеңес беру органдарының жұмыстарына қатысу;
ON 4. Автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жобасын әзірлеу, техникалық тапсырманы құрастыруға қатысу, мәліметтерді модельдеу дағдыларын меңгеру;
ON 5. Архив ісі, археография және құжаттану салалары бойынша жобалар, құқықтық актілер, ғылыми, әдістемелік құралдарды, нормативтік-әдістемелік материалдарды әзірлеу, олардың талқылануына атсалысу.
ON 6. Электронды құжаттарды тұрақты және ұзақ мерзімді сақтауды ұйымдастыру, құжаттардың бар-жоғын, олардың физикалық жағдайын тексеру бойынша жұмыстар жүргізу, электронды құжаттардың құндылығын сараптау дағдыларын меңгеру;
ON 7. Құрылымдық бөлімшелердегі іс жүргізуге жетекшілік жасау. Құжаттарды уақытысында орындалуын және дұрыс безеңдірілуін бақылау. Ақпаратты қорғау құралдары мен әдістерін меңгеру.
ON 8. Қазіргі заманғы автоматтандыру құралдарын пайдалану негізінде құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету және архив ісінің технологиясын жетілдіру; жаңа технологиялар негізінде ұйымда құжаттарды басқаруды және архивте сақтаудың бірыңғай (корпоративтік) жүйесін құру және жүргізу;
ON 9. Архивтануға тән дәстүрлі жұмыс әдістерінінің сандық ортаға бейімделуі және архивтік ақпаратты ұсынуда жаңа заманауи білімдерін қолдану; құжаттарды басқару және архив ісінде озық шетелдік тәжірибені қолдану, саланы кәсіптік деңгейде жетілдірудің жаңа тәсілдері мен тұжырымдамаларын әзірлеу;
ON 10. Архив ісі және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету салаларында кең көлемді өзгерістер жүргізу, идеяларды тұжырымдау мен инновациялық қызмет нәтижелерін болжамдау.
ON 11. Аналитикалық және зерттеу мәселелерін шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану;
ON 12. Өткізілетін сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және әдістемелік қамтамасыз ету. Әріптестер және басшылармен кәсіби қарым-қатынас орнату.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген