- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Философия
Философия
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Бұл бағдарламаны аяқтаушы бітірушілер келесі қабылеттерге ие болады:
1.зерттеу контексті аясында қазіргі философия және құндылық теориясы саласындағы жаңа ғылыми тұжырымдамалар мен теорияларды түсіндіру, талдау және сыни бағалау;
2.академиялық этиканың барлық принциптерін сақтай отырып, зерттеу қызметін жүзеге асыру және ғылыми жұмыстың мақсаттары, құралдары, нәтижелері үшін, сапасын бағалай отырып, жеке жауапкершілікті түсіну;
3.қазіргі заманғы философия контекстіндегі ғылыми зерттеудің мақсат-міндеттерін ғылыми бағыттың нысаны мен ерекшелігіне сәйкес әдіснаманы дербес таңдау негізінде тұжырымдау және әзірленген жоспар негізінде ғылыми зерттеуді жүзеге асыру;
4.Әлеуметтік практиканың өзекті мәселелерін шешу үшін әлемдік және отандық философияның іргелі және қазіргі заманғы концепцияларын терең жүйелі білу негізінде әлеуметтік-мәдени шындық құбылыстарын түсіндіру;
5.әлеуметтік және жеке шынайылықты талдау және оны қайта құру әдістерін білу негізінде іргелі және қолданбалы зерттеу жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру;
6.гуманитарлық бағыттағы ғылыми білімді білім беру үрдісінің тәжірибесіне біріктіру, күрделі мәселелерді шешу және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде осы пайымдаулар мен білімді қолдану үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып ,ой түйіндеу;
7.өз мамандығының бағыты бойынша сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізу және оның қорытындыларын талаптарға сәйкес рәсімделген есептер түрінде ұсыну;
8.әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер әдіснамасы саласында алынған терең білімді тәжірибелік түрде қолдану негізінде түрлі қоғамдық, коммерциялық және үкіметтік ұйымдар мен қорларда ұйымдастыру және үйлестірілген ақпараттық жұмысты жүзеге асыру;
9.зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыруда және дербес басқару шешімдерін қабылдауда философия саласында алынған тұжырымдамалық және әдіснамалық білімді іс жүзінде пайдалану;
10.өзінің кәсіби, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметін жобалау және жүзеге асыру;
11.инновациялық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жоғары мектептің педагогикалық қызметінде іргелі және қазіргі заманғы білім мен философиялық зерттеулердің әдіснамасын қолдану;
12.өз бетінше ғылыми зерттеу нәтижелерін таңдап алған салада презентация, баяндамалар, мақалалар және мамандар мен маман емес мамандар үшін диссертация түрінде ұсыну.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген