- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Әдебиеттану
Әдебиеттану
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ОН1: Әдебиеттану, фольклористика және текстология пәндерінің өзекті мәселелеріне дәстүрлі және жаңа зерттеу стратегияларын қолдана отырып эмпирикалық зерттеулер жүргізу.
ОН2: Жүйелік, пәнаралық, психоаналитикалық, когнитивті тәсілдер негізінде және салыстырмалы тарихи, салыстырмалы және типологиялық әдістерді қолдана отырып, әдебиеттану, фольклористика және текстология саласындағы қолданбалы зерттеулер нәтижесінде көркемдік жүйедегі жаңа тенденцияларды және олардың дамуын анықтау.
ОН3: Ғылыми зерттеу нәтижелерін заманауи әдіснаманы қолдана отырып, әдебиеттану ғылымының әртүрлі пәндік салалары бойынша қазақ және шет тілдерде ғылыми конференцияға ғылыми еңбек тарауын, аналитикалық шолу, баяндама түрінде ұсыну.
ОН4: Менеджмент әдіснамасын қолдана отырып, ғылыми мекемелер мен бөлімдерде зерттеу жұмыстарын жобалау.
ОН5: Академиялық және кәсіби ортада ғылыми тұжырымдарын, идеяларын, болжамдарын ауызша талқылауда және жазбаша түрде логикалық сауатты рәсімдеу
ОН6: Көркем, ғылыми, публицистикалық, аударма, сыни мәтіндерді жинау, текстологиялық талдау және теориялық зерделеу рәсімдерінің кешенін жүзеге асыру
ОН7: Жанрлардың функционалды-стилистикалық, формальды логика заңдылықтарын, текстологиялық талдау қағидаттарын қолдана отырып, көркем, ғылыми, публицистикалық мәтіндерді және әртүрлі басылымдарды редакциялау.
ОН8: Фольклорлық және әдеби жанрларды жүйелеу принципі, олардың нұсқаларын салыстырмалы зерттеу, жанрлар арасындағы байланыстарды талдау мен салыстыру негізінде фольклортанулық және әдебиеттанулық зерттеулер жүргізу.
ОН9: Мәтіндерді өңдеуде, зерттеу жұмысында атрибуцияны, туындыларды және негізгі мәтінді анықтау үшін мәтіндік талдау жасауда мәтінді анықтаушы заманауи құрылғылармен және жасанды интеллектпен жұмыс жасау.
ОН10: Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетанымға негізделген кешенді зерттеулерді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жүзеге асыру.
ОН11: Цифрлық технологиялар мен заманауи педагогикалық стратегияларды пайдалана отырып әдебиеттану, фольклортану және мәтінтану курстарындағы жаңа білімді оқу процесіне экстраполяциялау.
ОН12: Әдебиеттану, фольклортану және мәтінтану курстарының мақсатына сәйкес мазмұнын өз бетінше анықтай отырып, оқу сабақтарының (семинар, практикалық, зертханалық) формаларын, әдістері мен құралдарын таңдау.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген