- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Түркі филологиясы
Түркі филологиясы
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1 ОН – Жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясын терең ұғынуға негізделген пәнаралық, көпмәдениетті дүниетаным ұғымына ие болу;
2 ОН – Мәтін текстологиясының заманауи зерттеу әдістерін қолданып, түркітану саласындағы түрлі зерттеулерді, Қыпшақ, Оғыз және Қарлұқ, Бұлғар және Шығыс ғұн бұтағы тілдік топтарының қолжазба материалдарын талдау;
3 ОН – Түркі жәдігерлерін адами құндылықтардың философиялық аксиологиясы ретінде ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру; Түркі концептуалдық әлем бейнесін, әдеби жанрлардың қалыптасуы мен ғылыми философиялық мәселелерін мұрағат материалдары мен қолжазбалардың негізінде зерттеу;
4 ОН – Түркі тілдерін ағылшын тілімен салыстырмалы-салғастырмалы бағытта тіл ресурстарының стилистикасы және функционалды стиль түрлері, сөйлем жүйесінің күрделі мәселелері, ағылшын әдеби тілінің орфоэпиялық, орфографиялық нормалары туралы білімін оқыту және аударма тәжірибесінде қолдану;
5 ОН – Текстологиялық зерттеулерден алынған ғылыми нәтижелер негізінде түркі тілдерінің Монғол, Славян тілдік қатынастарын үлгілеу арқылы түсіндіру;
6 ОН – Заманауи түркітану теориялары мен тұжырымдарына сәйкес ежелгі және ортағасырлық қолжазба материалдарын зерттеудің нәтижелері бойынша өз позицияларын дәлелдеу;
7 ОН – Түркі халықтары әдебиеті саласындағы ғылыми зерттеулердің міндеттері мен мәселелерін, тиісті әдіснаманы, көшпелі өркениеттің дамуының тарихи кезеңдерін саралау; ЮНЕСКО тізіміне енген және енуге үміткер түркі халықтарының материалдық және рухани мәдениеті негізінде ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
8 ОН – Магистрлік зерттеулердің өзектілігінің траекториясын, мақсаттар мен міндеттердің анықталуын, зерттеу әдіснамасын, алынған ғылыми нәтижелерді бағалау;
9 ОН – Қазіргі түркі мемлекеттеріндегі тілдік саясат, тілдік жоспарлау, жазу реформасына байланысты әлеуметтік лингвистика мәселелері бойынша пәнаралық ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру жоспарын, ғылыми нәтижелері мен тұжырымдарын болжау;
10 ОН – Түркі филологиясы бойынша белгілі бір типтегі оқу түрлерінде білім беру қызметін, оқу бағдарламасын, түркітану пәндерін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін және технологияларын ұйымдастыру;
11 ОН – Инновациялық идеяларды, тәуелсіз болжамдарды, кәсіби жетілдірудің траекториясын қалыптастыру;
12 ОН – Түркі филологиясы мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда оқытылатын шетел тілінде пікір алмасуға қабілетті; шетелдік ғылыми қауымдастықты түркітану мәселелерімен, зерттеу нәтижелерімен кәсіби ағылшын тілінде таныстыра алады; дәйексөз индексі жоғары мақалалар жариялау.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген