- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Қолданбалы қазақ тіл білімі
Қолданбалы қазақ тіл білімі
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 Ғылым тарихы, философия, психология, педагогиканың теориялық-әдіснамалық қағидаттарын білім беру және кәсіби мақсатта қолдану.
ON2 Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде оқытудың жаңа ғылыми теорияларын, қағидаттарын, олардың методологиялық негіздерін талдап, инновациялық технологияларды тәжірибеде қолдану.
ON3 Сөйлем жүйесінің күрделі мәселелері, ортология, прагмалингвистика бағыттары бойынша алған білімдерін өзге тілді аудиториядағы қазақ тілін оқыту тәжірибесінде қолдану.
ON4 Қазіргі қазақ тілінің өміршеңдігі үшін қажетті факторларды (бүгінгі даму үрдісін, диaспорa тілінің оң және теріс ықпалын, лингвоэкологиялық құбылыстарды, ұлттық құндылықтарды дәріптеу т.б.) талдау, бағалау.
ON5 Жаңа бағыттар бойынша қазақ тілі және түркі тілдерін салыстырмалы аспектіде зерттеу.
ON6 Кез келген сөйлеу жағдаятында тіл бірліктерін салыстырмалы аспектіде фунционалды семантикалық өріс бойынша дұрыс жұмсау.
ON7 Елтанушылық ақпарат негізінде мәдениет салаларында елін, ұлт мәдениетін, ұлттық құндылықтарды, тарихи орындарды таныстыру үшін эквивалентсіз ұғымдарға сәйкес баламаларын және осы бағытта мәдениетаралық қатысымның лингвистикалық негіздері туралы білімін қолдану.
ON8 Филологиялық білім беруде компьютерлік технологияларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарында статистикалық әдістерді, ақпарат пен білімнің әртүрлі көздерін кәсіби деңгейде тиімді пайдалану.
ON9 Мемлекеттік және шет тілдердегі ауызша, жазбаша қатысым түрлерінде лингвопрагматика, лингвоаксиология, лингвокогнитология бойынша меңгерген білімдерін тиімді пайдалану.
ON10 Көпшілік алдында ауызша сөз сөйлеу үшін мәтіндерді дайындаудың жолдарын, оларды аудиторияның ерекшелігіне сай сапалы етіп құру, аудиторияны зерттеу, қызықтыру тәсілдерін, шешен сөйлеу мәдениетін меңгеру.
ON11 PR және жарнама қызметін жетілдіру, сапалы контент құру, заманауи копирайтингтегі сауаттылық мәселесі, креативті копирайтинг және оны дамыту, медиа жоспарлау принциптерін, жарнамалық мәтіндерді құрастыру негіздері мен техникасын меңгере отырып, тәжірибеде қолдану.
ON12 Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып корпустық зерттеу жұмыстарын жүргізу, корпус құру.
ON13 Түрлі жанр және стильдегі мәтіндерді (көркем мәтін, медиа-мәтін, интернет-мәтін т.б.) көп аспектілі тұрғыдан талдау, құру, бағалау.
ON14 Білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес қазақ тілінің қолданбалы бағытына қатысты ғылыми жобаларға қатысу, магистрлік диссертация жазу, «Scopus» деректер базасындағы, БҒСБК ұсынған журналдарда мақалалар жариялау
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген