Магистратура
Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету

Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету

БIЛIКТIЛIГІ

  • бейіндік бағыт - әлеуметтік білім магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Нақты практикалық мәселелерді шешу үшін құжаттану, архивтану және археографияның заманауи мәселелерін талдау.
2. Архив мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу үшін мемлекеттік архивтердің жұмысын нормалау әдістемесін әзірлеу.
3. Қазақстан тарихы бойынша құжаттар жинағын және электрондық жарияланымдарды құрастыру мақсатында жарияланымдардың әртүрлі түрлері мен типтеріі үшін, оның ішінде электрондық жарияланымдар үшін архивтік құжаттарды анықтау.
4. Құпия ақпаратпен құжаттарды сақтауды ұйымдастыру әдістерін іс жүзінде қолдана отырып, қол жетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейтін құқық нормаларын түсіндіру.
5. Құжаттарды сатып алу-сату және сақтандыру үдерісінде оларды мақсатты және ақшалай бағалауды анықтау үшін құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу.
6. Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық-құқықтық деректер базасын талдай отырып, ұйымдардың ақпараттық ресурстарымен және сервистерімен жұмыс істеу кезінде инновациялық технологиялардың тәсілдері мен әдістерін қолдану.
7. Жасанды интеллекттің даму тенденцияларын және жасанды интеллектті құжаттарды басқаруда қолдану әдістерін анықтау.
8. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құжат айналымын басқару жүйелерін жобалау.
9. Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және интеграцияланған құжат айналымы қызметінің жұмысын ұйымдастыра отырып, бизнес-үдеріс бойынша құжаттаманы модельдеу.
10. Кәсіби қызметте басқару және менеджмент психологиясы бойынша білімді пайдалана отырып, әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас орнату арқылы білім алушылардың тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға ықпал ету.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету
Мамандық шифры
7M03221
Факультеті
Тарих

пәндер

Археографияның теориялық-методологиялық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - магистранттардың археографиялық қызметтің түрлі салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, жарияланған архив құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі заңдылықтарын жүйелі тұрғыда талдау қабілетін қалыптастыру. Археографиялық теориялар, құжаттық басылымдағы құжаттарды жүйелеу, құжаттық басылымдардың типологиясы, құжаттық басылымның моделі, оны дайындау, құжаттық басылым тарихи және археографиялық түсінік ретінде және т.б. қарастырылады.

Архивтанудың теориялық мәселелері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Құжат теориясының архивтанулық аспектісі. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері және т.б. қарастырылады.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Құжаттанудың теориялық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - магистранттардың құжаттанудың теориялық және методологиялық мәселелерін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттанудың ғылым ретінде дамуы. Құжаттау және құжаттың пайда болуы үдерістерін құқықтық және нормативтік реттеудің теориялық аспектілері. Құжаттанулық зерттеулердегі басқару құжаттамасын жіктеу мәселелері. Қолданбалы құжаттық әзірлемелерде жүйелік тәсілді қолдану және т.б.

Менеджмент
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттарға заманауи менеджменттің практикалық және теориялық негіздерін беру, менеджменттің элементарлы тәжірибесін жинақтап, басқару саласындағы теориялық және практикалық біліммен қамтамасыздандыру. Басқарудың шетелдік және отандық теорияларының негіздері; менеджмент құралдары; стратегиялық жоспарлау, ұйым өкілеттілігі, персоналды ынталандыру, және істелген жұмыстың сапасын бақылау әдістері қарастырылады.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

Электронды форматтағы құжаттық жарияланым
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты магистранттардың Интернет желісінде электрондық форматта тарихи құжаттарды жариялаудың теориялық және қолданбалы мәселелерін түсіндіру және компьютерлік іздеу құралдары мен электрондық ғылыми-анықтамалық аппарат құру қабілетін қалыптастыру. Электрондық форматтағы жарияланымдарды дайындаудың жалпы қағидаттары, Интернет-жарияланымдардың жіктелуі, толық мәтінді деректер базасы құрамындағы және отандық web-сайттардағы құжаттардың электрондық жарияланымдары қарастырылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Архивтік құжаттардың құндық бағасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты-магистранттардың архивтік құжаттарды бағалаудың теориялық тұжырымдамалары мен әдістемелік тәсілдерін талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттарды ақшалай бағалау саласындағы маркетингтік қызмет, құжаттарды бағалаудың нормативтік-әдістемелік базасы, құжаттарды мақсатты бағалаудың ғылыми негіздері, құжаттарды құндық бағалау үдерісі, оларды сақтандыру кезінде ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарына бағаны белгілеу тәртібі қарастырылады.

Бизнес-үдерісі құжаттамасын басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - бизнес-үдерістерді құжаттамалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ ұйымдағы құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету қызметін модельдеудің негізгі мәселелері бойынша магистранттардың жүйелі түсінік қалыптастыру. Курста: бизнес-үдерістерді басқарудың теориялық негіздері, басқаруға үрдістік және функционалдық көзқарас, бизнес-үдерістерді модельдеу, бизнес-үдерістерді құжаттау, бизнес-үдерістерді басқару негізінде кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, бизнес-ұдерістерді қолдаудың ақпараттық жүйелері қарастырылады.

БҚҚ ақпараттық-құқықтық деректер базасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: БҚҚ ақпараттық-құқықтық деректер базасын тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Пән ақпаратты жеткізу мен сақтаудың заманауи технологиялары мен әдістері туралы жаңа білім алуға, БҚҚ саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін ақпараттық-құқықтық деректер базасымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып талдау жұмыстарының нәтижесін қорытындылауға бағытталған.

БҚҚ қызметінің жұмысын және интеграцияланған құжат айналымын ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-ұйым үшін құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру мен технологиясы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жағдайда басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін қолданудың теориялық-әдіснамалық негізін, оның ішінде автоматтандырылған технологияларды қолдануға негізделген интеграцияланған құжат айналымын қолдануды зерттеуге бағытталған.

Қазақстан тарихы бойынша құжаттық жарияланымдарды даярлау әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - археограф жұмысының әлеуметтік және когнитивтік функциялары туралы магистранттардың жүйелі білімдерін, әртүрлі дерек көздерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Тарихи деректерді жариялаудың әдістемелік аспектілері, Қазақстан тарихы бойынша дереккөздердің археографиялық басылымдарының типологиясы, жарияланымдардың әртүрлі түрлері мен типтері үшін құжаттарды анықтау және іріктеу, құжаттарды археографиялық ресімдеу және т.б. қарастырылады.

Құжат айналымын басқару жүйелерін жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-құжат айналымын басқару жүйесін жобалауды ұйымдастыру үшін жұмысты ұйымдастыру мен технологиясы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.. Пән құжат айналымын жобалауды ұйымдастырудың объектісі ретінде қолданыстағы ұйымдардың әртүрлі жүйелерімен жұмыс істеу әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған.

Құжаттарды басқарудағы жасанды интеллект
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты-жасанды интеллект саласындағы магистранттардың жүйелі білімдерін, құжаттарды басқару саласында жасанды интеллект әдістері мен технологияларын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Жасанды интеллект ұғымы, жасанды интеллектің даму үрдісі, қазіргі заманғы ұйымдарда жасанды интеллектің технологияларын қолдану, құжаттарды басқару үшін жасанды интеллектің негізіндегі жүйелер мен платформалар қарастырылады.

Мемлекеттік архивтердің жұмысын нормалау әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты- архив ісін басқару саласында магистранттардың теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Архив ісін басқару органдарының, мемлекеттік, ведомстволық архивтердің жұмысын жоспарлаудың ұйымдастырушылық аспектілері, мемлекеттік архивтердің жұмысын нормалау әдістемесі, еңбекті ұйымдастыру, архив мекемелерінің есеп беру, архив құжаттарын сақтау басқармасы мен экономикасы жөніндегі нормативтік-құқықтық база қарастырылады.

Ұйымдардағы ақпараттық ресурстар мен сервистер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ұйымдарда ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және басқару, кәсіби міндеттерді шешу үшін ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізу қабілетін қалыптастыру. Пән ақпараттың негізгі анықтамаларын, табиғаты мен сипаттамаларын зерттеуге, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мәселелері мен ұйымдастыру мәселелерін талдауға, ұйымның ақпараттық ресурстары мен қызмет көрсетулерін пайдалана отырып, туындаған жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуге креативті ойлау және шығармашылық тұрғыдан қарауға бағытталған.

Шектеулі сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты-қол жетімділігі шектеулі құжаттармен жұмыс істеу ерекшелігін зерделеу аясында магистранттардың теориялық білім, практикалық дағдылар мен машықтарын қалыптастыру. Қол жетімділігі шектеулі құжаттармен жұмыс істеу ерекшелігі, қол жетімділігі шектеулі құжаттарды дайындау әдістемесі, қол жетімділігі шектеулі құжаттарды мемлекеттік сақтауға архивке беру мәселелері, қол жетімділігі шектеулі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты - химиялық өндірістің технологиялық сызбаларын оқу, белгілі бір химиялық кәсіпорын мысалында жабдықтар, материалдар таңдау және жобалық-жобалық шешімдерді негіздеу, дамыту барысында алынған құзыреттерді жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. тәжірибе барысында өндірістік тапсырмаларды орындауға арналған модуль. Тәжірибе нақты химиялық өндірістердің құрылымын, ережелерін, жабдықтары мен материалдарын игеруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген