- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Ядролық инженерия
Ядролық инженерия
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ОН-1. Циклдік және сызықтық үдеткіштердің элементтеріндегі зарядталған (оның ішінде поляризацияланған және сызықты емес) бөлшектер шоғырының параметрлеріне үдеткіштерді әзірлеу және құруға қажетті есептеулер жүргізу.
ОН-2. Заманауи үдеткіш қондырғыларының сызықтық және сызықты емес магниттік құрылымдарындағы жетекші өрістерді есептеп, оңтайландыру үшін аналитикалық және сандық әдістерді қолдану.
ОН-3. Зарядталған бөлшектер шоқтарын диагностикалауға арналған арнайы есептерді өз бетінше қойып, шеше білу; заманауи математикалық әдістер мен бағдарламалық-аппараттық жүйелерді пайдалана отырып, зарядталған бөлшектердің зерттеліп отырған шоғырының параметрлерін анықтау есебін шешуге қажет деректерді өңдеу.
ОН-4. Заманауи синхротронды сәулелену көздерінің магниттік құрылымын жобалап, талаптарын өз бетінше құрастыру, синхротронды және ондуляторлық сәулеленуді пайдаланатын негізгі әдістерді жүзеге асыруға қажет спектралды фотондар ағынын бағалай білу, сонымен қатар, еркін электронды лазерлердің негізгі құрамдас бөліктерін өз бетінше жобалау.
ОН-5. Синхротрондық, ондуляторлық сәулеленудің және бос электронды лазерлік сәулеленудің параметрлерін есептеу үшін аналитикалық және сандық әдістерді қолдану; бос электронды лазерлер мен синхротронды және ондуляторлық сәулелену қондырғыларын құру және пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратқа тиімді талдау жүргізу.
ОН-6. Нейтрондардың диффузиясы мен баяулатылуына байланысты есептеулерді, жылулық нейтрондар негізіндегі гомогенді және гетерогенді реакторларды әзірлеуге және салуға қажетті реакторлардың критикалық өлшемдерін анықтауға байланысты есептеулерді жүргізу.
ОН-7. Шапшаң және аралық нейтрондар аймағындағы көлденең қималарға байланысты есептеулерді және шапшаң нейтрондар негізіндегі реакторлардың жалпы жобасын әзірлеуге және салуға қажетті есептеулерді жүргізу.
ОН-8. Магниттік және инерциялық термоядролық реакторлардың басты физикалық сипаттамалары мен параметрлерін есептеу және оңтайландыру үшін аналитикалық және сандық әдістерді қолдану.
ОН-9. Қазіргі заманғы жабдықтар мен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, ядролық және термоядролық реакторлардағы стационарлық және стационарлы емес процестерге байланысты белгілі бір есептерді өз бетінше қою және шешу.
ОН-10. Заманауи бағдарламалық-аппараттық жүйелерді пайдалана отырып, ядролық электроникаға қатысты әртүрлі есептерді шешу.
ОН-11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үдерісін өз бетінше жоспарлау және ұйымдастыру, студентке бағдарланған оқыту және бағалау принциптерін қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың әдістері мен технологияларын пайдалану.
ОН-12. Ядролық инженерия саласындағы ағымдағы тенденцияларды дер кезінде анықтау және олардың негізінде білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды өз бетінше әзірлеу, академиялық стандарттарды сақтау және студенттердің дамуына ықпал ету; сондай-ақ олармен атомдық инженерия саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген