Білім деңгейіРезидентура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетМедицина және денсаулық сақтау
ID2518
Бағдарлама туралы
Дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес және заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, отоларингологиялық көмекті тиімді және жедел көрсете алатын, бәсекеге қабілетті, білікті отоларинголог-дәрігерді даярлау.
Түлек моделі
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін резидент келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі
1.Отоларингологиялық көмектің барлық деңгейлерінде дәлелді медицина және ақпаратты сыни талдау принциптерін қолдану негізінде ауруларды тиімді диагностикалау, емдеу және басқару және науқастардың денсаулығын жақсарту бойынша клиникалық білім мен дағдыларды біріктіру.
2.Отоларингологиялық көмек көрсету стандартын ескере отырып, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына сәйкес отоларингологиялық патологияларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету, қолданылатын хирургиялық араласулардың, емдеу және оңалту құралдары мен әдістерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
3.Диагностикалық үрдістерді орындау және тиісті араласуларды бастауды қоса алғанда, ауруларды, оның ішінде шұғыл жағдайларды диагностикалау, емдеу және алдын алу процесінде науқастармен, оның ішінде балалармен, жасөспірімдермен және олардың отбасыларымен (немесе заңды өкілдерімен) оң және сенімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдалану.
4.Басқа денсаулық сақтау мамандарымен топтық жұмысты көрсете отырып, этикалық және деонтологиялық принцптерді сақтап, тиімді қарым-қатынас жасау және диагностикалық үдерісті басқару үшін адам мінез-құлқының және науқас психологиясының негізгі принциптері туралы білімді қолдану.
5.Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларда, табиғи және техногендік сипаттағы апаттарда, пандемияда оториноларингологиялық көмек көрсету кезінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті уақтылы және тиімді көрсету.
6.Денсаулықты сақтау саласындағы ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қызметін айқындайтын денсаулық сақтау саласындағы құқықтық білімдерін қолдану, дәрігердің және науқастың құқығын қорғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу.
7.Медициналық көмектің тиімділігін арттыру және қауіпсіздік мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында кәсіби мәселелерді шешу, медициналық құжаттарды жүргізу үшін заманауи ақпараттық-цифрлық технологиялар мен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалану.
8.Балалар мен ересектердің денсаулығын нығайту және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында оториноларингологиядағы аурулардың арнайы және арнайы емес алдын алу, санитарлық-ағарту жұмыстарын және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүргізу.
9.Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын сақтау, жеке дамуға және өмір бойы оқуға назар аудару.
10.Кәсіби әдебиеттерді талдау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу сұрақтарын құрастыру, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді пайдалану, адам денсаулығы және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу.