7R01111 Резидентура

Химиотерапиялық онкология

Факультет:Медицина және денсаулық сақтау
Код:7R01111
Білім деңгейіРезидентура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетМедицина және денсаулық сақтау
ID2522

Бағдарлама туралы

Дәлелді медицина принциптеріне сәйкес онкологиялық профильдегі науқастарды диагностикалау, химиотерапиялық емдеу бойынша кәсіби білім мен дағдыларға ие, заманауи медициналық технологияларды қолдану, тиімді профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және онкопатология бойынша жоғары деңгейде көмек көрсетуге қабілетті, денсаулық сақтауда жаңа білімді күлшекті қамтамасыз ету, үзіліссіз медициналық көмек көрсетуге қамтамасыз ету мақсатында жаңа білімді құратын, бәсекеге қабілетті, білікті онколог-химиотерапевтты даярлау.

Түлек моделі

Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін резидент келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі
1.Ересектерге онкологиялық аурулар кезінде ғылыми негізделген практика, жаңа ақпарат пен көмек көрсетудің стандарттарын сыни тұрғыдан қарау негізінде химиотерапиялық көмек көрсету, емдеу және алдын алу құралдарының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
2.Пациенттің онкологиялық профиліндегі мәселелерді жекелендірілген тәсіл негізінде шешу жоспарын анықтау мақсатында стандарттар мен дәлелді тәжірибені ескере отырып, заманауи медициналық технологияларды қолдану арқылы жан-жақты тексеру жүргізу.
3.Онкологиялық тәжірибеде төтенше және өмірге қауіпті жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
4.Диагностика, емдеу және аурулардың алдын алу, соның ішінде диагностикалық процедураларды орындау және тиісті араласуларды бастау процесінде пациенттермен оң және сенімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникативті дағдыларды тиімді пайдалану.
5.Пациент үшін оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін көпсалалы / көппрофильді команданың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін коммуникативтік дағдыларды дұрыс пайдалану, әріптестердің пікіріне құрметпен қарау, уақытты тиімді басқара білу дағдыларын дамыту.
6.Денсаулық сақтау, дәрігер мен пациенттің құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық білімді қолдану, онкологиялық қызметтің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс істеу.
7.Медициналық құжаттарға жазбаларды жүргізу, кәсіби міндеттерді шешу үшін, соның ішінде ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы медициналық көмек сапасын жақсарту, тиімділігін арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудағы қазіргі заманғы ақпараттық-цифрлық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді пайдалану.
8.Дені сау өмір салтын қалыптастыру әдістері мен принциптері негізінде онкопатологияның алғашқы және қайталама профилактикалық шараларын ұйымдастыру және өткізу.
9.Пациенттермен, олардың отбасыларымен, әріптестермен және қоғаммен барлық кәсіби өзара әрекеттестікте этикалық стандарттарды, моральдық принциптерді көрсету және оларды іске асыру, дәрігерлерден күтілетін жауапты әрекеттерді орындау.
10.Қоғамның барлық топтарына онкологиялық көмек көрсету кезінде денсаулықтың әлеуметтік детерминанттарын анықтауға және теңдікті сақтауға ғылыми негізделген тәсілдерді қолдану, денсаулық сақтау жүйесінде тиімді жұмыс істеу және осы жүйелерді жақсартуға үлес қосу, сапаға, қауіпсіздікке және пациенттерге көмек көрсету құндылықтарына назар аударуды қадағалау.
11.Кәсіби әдебиетті талдау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу мәселелерін қалыптастыру, өз күнделікті жұмысында халықаралық деректер қорларын тиімді пайдалана білу.
12.Адам денсаулығы саласындағы білімді ілгерілетуге және өмір сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу.