7R01125 Резидентура

Эндокринология (ересектер, балалар)

Факультет:Медицина және денсаулық сақтау
Код:7R01125
Білім деңгейіРезидентура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетМедицина және денсаулық сақтау
ID2631

Бағдарлама туралы

Дәлелдi медицина қағидаттарына сәйкес пациенттердi диагностикалау, емдеу, эндокринологиялық бейiндегi науқастарға жоғары деңгейде тиiмдi алдын алу iс-шараларын ұйымдастыруға және көмек көрсетуге қабiлеттi қазiргi заманғы медициналық технологияларды қолдану бойынша кәсiби бiлiмi мен дағдылары бар бәсекеге қабiлеттi, бiлiктi эндокринолог дәрiгердi даярлау, пациенттер мен тұтастай халыққа үздiксiз медициналық көмектi қамтамасыз ету үшiн денсаулық сақтау саласында жаңа бiлiмдердi шоғырландыру.

Түлек моделі

Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін резидент келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі
1. Эндокринологиялық аурулары бар балалар мен ересектерге ғылыми негізделген практика, жаңа ақпараттарды сыни ойлау және көмек көрсетудің стандарттары негізінде мамандандырылған медициналық көмек көрсету, емдеу және алдын алу құралдарының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
2. Эндокринологиялық профильдегі пациенттердің мәселелерін шешуге жекелендірілген көзқарас жасау үшін қазіргі медициналық технологияларды қолдана отырып, стандарттар мен дәлелді практиканы ескере отырып, кешенді тексеру жүргізу және оңалту жоспарын анықтау.
3. Эндокринологиялық практикада, оның ішінде эпидемиялар, пандемиялар, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар жағдайында шұғыл және өмірге қауіпті жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті уақтылы және тиімді көрсету.
4. Диагностика, емдеу және аурулардың алдын алу, соның ішінде шұғыл жағдайлар, диагностикалық процедураларды орындау және тиісті араласуларды бастау процесінде пациенттермен, балалармен және олардың отбасыларымен (немесе заңды өкілдерімен) оң және сенімді қарым-қатынасты орнату үшін коммуникативті дағдыларды тиімді пайдалану.
5. Пациент үшін оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін мамандардың пәнаралық/кәсіби командаларының жұмысын тиімді ұйымдастыру, әріптестердің пікірлеріне құрметпен қарау және уақытты тиімді басқару дағдыларын қолдау үшін коммуникативті дағдыларды қолдану.
6. Денсаулықты қорғау, дәрігер мен пациенттің құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық білімдерді қолдану, инфекциялық қызметтің қызметін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алу.
7. Медициналық көмектің тиімділігін арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту мақсатында кәсіби міндеттерді шешу үшін қазіргі заманғы ақпараттық-сандық технологиялар мен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін қолдану.
8. Балалар мен ересектерде эндокриндік патология және метаболикалық бұзылулардың алдын алудың бастапқы және екінші реттік іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, халықтың денсаулығын қолдау үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың принциптері мен әдістеріне негізделген.
9. Барлық кәсіби қарым-қатынастарда, пациенттермен, отбасыларымен, әріптестермен және қоғаммен жалпы алғанда этикалық стандарттарды, моральдық принциптерді көрсетіп, дәрігерлерден күтілетін жауапты мінез-құлықты көрсету.
10. Денсаулық сақтау жүйесі аясында тиімді жұмыс істеу, сондай-ақ пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасына, қауіпсіздігіне және құндылығына назар аудара отырып, осы жүйелерді жетілдіру, барлық әлеуметтік топтар арасындағы теңдікті сақтау.
11. Кәсіби әдебиеттерді талдау және сыни бағалау, зерттеу сұрақтарын құрастыру, халықаралық деректер базасын күнделікті қызметте тиімді пайдалану.
12. Адам денсаулығы саласындағы білімді ілгерілетуге және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу.