Білім
Оқиғалар күнтізбесі

Оқиғалар күнтізбесі


14.02.2020 Батырларды есте сақтап құрметтейік!

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған ұйымдастыру-тәрбиелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 20 қаңтар мен 10 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында оқытушылар құрамы мен барлық студенттермен "Біздің тарихымыз"атты әскери-тарихи викторина өткізілді.


14.02.2020 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттері Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет корпусына барды

2020 жылдың 15-30 қаңтар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасының студенттері, оқу озаттары Жайылқанова Аружан мен Тоекин Елшат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет корпусы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Қазақстан мен Үндістан арасындағы жастар ынтымақтастығы бағдарламасына және Дели қаласындағы Үндістан Ұлттық Кадет Корпусының әскери-спорттық лагері базасында ұйымдастырылған Үндістан Республикасы күніне арналған іс-шараларға қатысты.


13.02.2020 ХАБАРЛАНДЫРУ

2020 оқу жылында әскери кафедраға оқуға түсу тәртібі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ


13.12.2019 Тәуелсіздік күнімен!

2019 жылдың 11 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті.


29.11.2019 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттері «Арыстан» мамандандырылған лицейінде дәріс өткізді

Мектеп жастарымен әскери-патриоттық жұмыс және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында оқитын болашақ әскери журналистерді сапалы даярлау аясында әскери кафедраның студенттері 2019 жылдың 27 қарашасында еліміздің ең жақсы мамандандырылған орта мектептерінің бірі болып табылатын Арыстан лицейіне барды.


25.11.2019 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттері «Бөбек» ұлттық орталығында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен "Бөбек" Ұлттық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының оқытушылар құрамы мен студенттері бірнеше жыл бойы "Бөбек" ҰО "Өзін-өзі тану" гимназиясының оқушыларымен әскери-патриоттық жұмыстар белсенді жүргізілуде.


08.11.2019 Объявление
05.11.2019 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттері Алматы қаласының оқушыларымен сабақ өткізуге қатысты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің "Бастапқы әскери даярлық Ережелерін бекіту туралы" және Алматы өңірлік гарнизонының бастығы орта оқу орындарын бекіту туралы бұйрықтарының талаптарын іске асыру аясында және бастапқы әскери-технологиялық дайындық, әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың 29 қазанда және 1 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында Алматы электромеханикалық колледжінің оқушыларымен саптық даярлық бойынша практикалық сабақтар өткізілді.


31.10.2019 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында «Ұлы Абайдың шығармалары»

2019 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай әскери кафедрада білім алып жатқан студенттермен және Алматы электромеханикалық колледжінің оқушыларымен "Ұлы Абай" атты музыкалық-әдеби кеш өткізілді.


18.10.2019 Семинар с военруками на военной кафедре КазНУ имени аль-Фараби