Дайындық курстары

Дайындық курстары

 

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті негізінде құрылған.

   Факультетті құрылғаннан бүгінге дейін әлемнің 100-ден астам елінен, атап айтқанда АҚШ, Германия, Англия, Испания, Италия, Швеция, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Иран, Ауғанстан, Филиппин, Қытай Халық Республикасы, Йемен, Иордания, Египет, Сингапур, Моңғолия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Латвия, Қырғызстан мемлекеттерінен келген 7000-нан аса шетелдіктер білім алды.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің құрамында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы болашақ студенттерді дайындау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.