Колледж
Қабылдау ережелері

Қабылдау ережелері

1.       Жалпы ережелер

 

  1. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжіне (бұдан әрі – ҚазҰУ колледжі) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 – бабының 11) тармақшасына және "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және ҚР БҒМ 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығының негіздемесіне сәйкес әзірленді. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды. ҚазҰУ колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

  1. ҚазҰУ колледжіне оқуға өтініштерді қабылдау, әңгімелесу өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі директорының бұйрығымен 10 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына Қамқоршылық кеңесінің (ол болмаған жағдайда – жұмыс берушілердің өкілдері), қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы және техникалық хатшылар тағайындалады.
  2. Қабылдау комиссиясының төрағасы білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.
  3. Қабылдау комиссиясы мен техникалық хатшылар жұмысына жалпы басшылық ету жауапты хатшыға жүктеледi, ол азаматтарды қабылдауды, қабылдау мәселесi бойынша азаматтардың жазбаша сұраныстарына жауап бередi, қабылдау комиссиясының ақпараттық материалдарын жариялауға дайындайды, кеңес (консультация) жүргiзiлуiн ұйымдастырады.
  4. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі жүргізеді.
  5. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша колледжге оқуға қабылдау адамдардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  6. ҚазҰУ колледжіне қабылдау күндізгі оқу бөліміне мына мамандықтар бойынша орташа балл негізінде жүзеге асырылады:

 

 

реті

Мамандық

Оқытудың нормативтік мерзімі

 

Негізгі орта білім базасында

Жалпы орта білім базасында

1

04210100-Құқықтану

2 жыл  10 ай

1 жыл  10 ай

 

4s04210101-Заңгер

 

 

2

04120100-Банк және сақтандыру ісі

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

 

4s0412010-Банк операциялары жөніндегі менеджер 

 

 

3

02310100-Аударма ісі (түрлері бойынша)

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

 

4s02310101-Аудармашы

 

 

4

04110100-Есеп және аудит

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

 

4s04110102-Есепші

 

 

5

06130100-Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

3 жыл 10 ай

2 жыл 10 ай

 

4s06130105-Ақпараттық жүйелер технигі

 

 

6

06130100-Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

3 жыл 10 ай

2 жыл 10 ай

 

4s06130103-Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші

 

 

Негізгі орта білім базасында өту балы кемінде 3 балл. Жалпы орта білім беру базасында өту балы кемінде 3 балл.

Бағалардың орташа балы:

негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:

ОКБ = (МП+БП1+БП2)/БС

Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;

БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

БС-бағалар саны;

жалпы орта білімі бар түсушілер үшін – төрт  пән: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:

ОКБ = (МП1+МП2+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС

Мұнда: МП1-бірінші міндетті пәннің бағасы;

МП2- екінші міндетті пәннің бағасы;

БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

БС-бағалар саны;

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін ағылшын тілі бойынша базалық білім деңгейін бағалау (әңгімелесу әдісімен), оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, 20 тамызға дейін қосымша жүргізіледі.

Әңгімелесу қорытындылары "жіберу"/ "жібермеу"нысанында бағаланады.

Басқа елдің білім туралы құжаты бар тұлғалар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған кезде міндетті және бейінді пәндердің тізбесін колледждің қабылдау комиссиялары ақпараттық жүйе арқылы белгілейді.

Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалады.

 

  1. Талапкеркердің ҚазҰУ колледжіне оқуға өтініштерін қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 25 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ҚазҰУ колледжіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) не "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – Портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

3) оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.

4) қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.

5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

6) Құжаттар Портал арқылы берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

7) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күнінде тіркеледі.

8) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қағаз жеткізгіште өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

9) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

10) көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

11) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

12) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

13) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

14) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

10. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдармен, сондай-ақ орта буын мамандықтарына оқуға түсетін адамдармен әңгімелесу жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша 20 минуттан артық емес жеке әңгімелесуді өткізеді. Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

11. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әңгімелесу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

12. ҚазҰУ колледжіне оқуға қабылдау. ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың әл-Фараби мамандығы мен біліктілігінде медициналық-әлеуметтік сараптаманың (медициналық анықтаманың) ұсынымдары мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

"Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі" диагнозы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүргізіледі.

Мүгедек балалар мен мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманы көрсеткен кезде.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау колледж директорының бұйрығымен күндізгі оқу нысанына қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін жүргізіледі;

13. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер ҚазҰУ колледжінің