Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.06.2019 Қазақстандық ғалымның кітабы Web of Science беделді халықаралық деректер базасына енді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың монографиясы «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» Web of Science Core Collection жетекші ғылыми жарияланымдарының беделді халықаралық базасына енгізілді.


14.06.2019 Химия саласындағы серіктестік

ҚазҰУ басшылығы Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының өсімдік заттар химиясы институтының директоры Сагдуллаев Шамансурмен жүздесіп, тараптар химия саласында екіжақты ынтымақтастық орнату жайын талқыға салды.


14.06.2019 Әл-Фараби – өркениет ойшылы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Мedar» халықаралық мәдени зерттеулер орталығы  (Түркия)  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе отырып «Әл-Фараби – өркениеттің ойшылы» атты деректі фильмін түсірді. ЮНЕСКО-ның қолдауымен 2020 жылы аталып өтетін  әл-Фарабидің 1150 жыл толуына орай ҚазҰУ-да қазақ тіліндегі деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға көрнекті фарабитанушы ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, кинотанушылар, оқытушылар, студенттер, сондай-ақ ҚР-дағы Түркия Республикасы Бас елшілігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


11.06.2019 ҚазҰУ-дың толағай жеңісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Х жазғы мерейтойлық Универсиада – 2019 чемпионы атанды.


10.06.2019 Қазақстандағы Исламдық қаржыландыру

ҚазҰУ-да «Қазақстандағы Исламдық қаржы: АХҚО және серіктестер келешегі» атты семинар өтті.


04.06.2019 ҚазҰУ-дағы USRN жазғы мектебі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі желісі (USRN) аясында «Зерттеу, тәжірибе және білім беру әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік әділділік және алуан түрлілік» атты халықаралық жазғы мектеп өтті. Онда Гонконг политехникалық университеті, Саймон Фрейзер университеті (Канада), Преторий университеті (Оңтүстік Африка) және ҚазҰУ студенттері қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның аймақтық университеттерінің студенттері де оқуға мүмкіндік алды.


04.06.2019 Еуразиялық комиссияның министрі Татьяна Валоваяның ҚазҰУ-ға сапары

Әл-Фараби атындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика бойынша алқа мүшесі Татьяна Валоваяның ашық дәрісі өтті. 


03.06.2019 БҰҰ-ның V Халықаралық симпозиумы өтті

Жақында Нұр-Cұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының V Халықаралық симпозиумы өтті.


03.06.2019 Білім сайысы өтті

Қиыр Шығыс кафедрасы Алматы қаласындағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім беру орталығы, Корея Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық тарих институтымен бірлесе отырып, Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулдығының қолдауымен Корея тарихын білу бойынша сайыс ұйымдастырды.


01.06.2019 «Орталық Азия» жазғы мектебі басталды

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында «Орталық Азия» халықаралық жазғы мектебі өз жұмысын бастады.