Жаңалықтар

Жаңалықтар


19.06.2019 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік 210 университетінің қатарына енді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-ларынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде ең үздік университеттер арасында 210 орынға ие болды. Алға 13 қадам жылжып, 207 орынды бағындырды. Бұл топқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) енді.


04.06.2019 ҚазҰУ оқытушылары Ұлттық рейтингте көшбасшы

ҚР жоғары оқу орындарының сұранысқа ие ұлттық рейтингіне енген 135 оқытушының жартысынан астамын ҚазҰУ қызметкерлері құрады.


26.06.2019 ҚазҰУ әскери кафедрасында студенттердің оқу жиыны өткізілуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына сәйкес 27 мамыр мен 29 маусым аралығында толық оқу курсынан өткен студенттермен оқу жиыны өткізілуде.


25.06.2019 ҚазҰУ ұжымы Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мыңдаған ұжымы Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отандастарымыздың қайғысына ортақтасып, алаңдаулы.


24.06.2019 Жан мен тәннің үйлесімі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да V Халықаралық йога күні кең көлемде аталып өтті.


21.06.2019 Американистика бойынша жазғы мектеп

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен Алматыда «Қазақстандағы және Орталық Азиядағы американистика контекстіндегі АҚШ-тың рөлі» атты жазғы мектеп өтуде. Шараға Американдық және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы және американдықтардың Студенттік ассоциациясымен бірге ҚР АҚШ Елшілігі қолдау көрсетуде.


21.06.2019 ҚазҰУ ғалымдарының зерттеулері жетекші ғылыми журналда жарық көрді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы қызметкерлерінің мақаласы халықаралық танымал Trends in Environmental Analytical Chemistry ғылыми журналына жарияланды.


21.06.2019 ҚазҰУ йога күнін атап өтеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 23 маусымда Қазақстандағы V Халықаралық йога күні өтеді.


17.06.2019 Сенімді серіктестік

Тарих ғылымдарының докторы, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, РНИЦ директоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі Қалқаман Жұмағұлов "Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті" мемлекеттік бағдарламасы аясында Римде (Италия) іскерлік сапарда болып қайтты.