- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Еуропа институтының директоры, Сыртқы саяси зерттеулер қауымдастығының төрағасы, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Алексей Анатольевич Громыко ҚазҰУ КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаевқа хат жолдап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі білім алушыларды, жас ғалымдарын алдағы шілде айында өтетін А.А.Громыко атындағы ТМД халықаралық қызметкерлерінің конкурсына қатысуға шақырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады. Жыл сайын ұйымдастырылатын еліміздегі ең ірі ғылыми форумға алыс-жақын шетелдерден 6 мыңнан астам жас ізденімпаздар онлайн қатысуда.

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлық құрамы мен қызметкерлері «Спутник V» екпесін қабылдай бастады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Жанар Жеңіс жетекшілік ететін ғалымдар тобы адам бойында асқынған респираторлық-вирустық инфекциялардың таралуына қарсы антивирустық мульти-табиғи қоспа әзірлеп шығарды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған халықаралық бірқатар іс-шаралар шеңберінде, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетімен және Аль-Марсад Аль-Уруби Еуропалық обсерваториямен (Франция) бірлесіп, ЖОО оқытушыларына арналған «Араб тілін функционалдық оқыту ерекшеліктері мен әдістері: теориядан онлайн форматтағы практикаға» атты III республикалық әдістемелік вебинар өз жұмысын онлайн форматта бастады.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Заманауи экономикадағы стартап-жобаларды іске асыру ерекшеліктері» атты көшбасшылық онлайн-дәріс өтті.

«Студенттік көктем – 2021» фестивалін ұйымдастыруға белсене атсалысқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінің студенттік декандары ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың қолы қойылған дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

ҚазҰУ ректоратының кезекті онлайн мәжілісінде 2020 жылғы ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтер нәтижесі қорытындыланып, заманауи зерттеу орталығына трансформациялану міндеттері мен халықаралық рейтингтерде университетті алға жылжыту мәселесі күн тәртібіне шықты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары, оқытушылары мен инженерлері орта-арнайы білім беру мекемелеріндегі физика курстарында электр құбылыстарын және магнетизмді зерттеуге арналған инновациялық аппараттық-бағдарламалық кешеннің шағын сериялы өндірісін әзірлеп, қолданысқа енгізді. ҚазҰУ жанындағы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты даярлаған аталмыш кешен Қазақстанда бұрын-соңды шығарылмаған инновациялық жаңалық болып табылады.