- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
17.06.2019
Сенімді серіктестік
Тарих ғылымдарының докторы, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, РНИЦ директоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі Қалқаман Жұмағұлов "Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті" мемлекеттік бағдарламасы аясында Римде (Италия) іскерлік сапарда болып қайтты.
17.06.2019
Қазақстандық ғалымның кітабы Web of Science беделді халықаралық деректер базасына енді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың монографиясы «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» Web of Science Core Collection жетекші ғылыми жарияланымдарының беделді халықаралық базасына енгізілді.
14.06.2019
Химия саласындағы серіктестік
ҚазҰУ басшылығы Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының өсімдік заттар химиясы институтының директоры Сагдуллаев Шамансурмен жүздесіп, тараптар химия саласында екіжақты ынтымақтастық орнату жайын талқыға салды.
14.06.2019
Әл-Фараби – өркениет ойшылы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Мedar» халықаралық мәдени зерттеулер орталығы (Түркия) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе отырып «Әл-Фараби – өркениеттің ойшылы» атты деректі фильмін түсірді. ЮНЕСКО-ның қолдауымен 2020 жылы аталып өтетін әл-Фарабидің 1150 жыл толуына орай ҚазҰУ-да қазақ тіліндегі деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға көрнекті фарабитанушы ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, кинотанушылар, оқытушылар, студенттер, сондай-ақ ҚР-дағы Түркия Республикасы Бас елшілігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
11.06.2019
ҚазҰУ-дың толағай жеңісі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Х жазғы мерейтойлық Универсиада – 2019 чемпионы атанды.
10.06.2019
Қазақстандағы Исламдық қаржыландыру
ҚазҰУ-да «Қазақстандағы Исламдық қаржы: АХҚО және серіктестер келешегі» атты семинар өтті.
04.06.2019
ҚазҰУ оқытушылары Ұлттық рейтингте көшбасшы
ҚР жоғары оқу орындарының сұранысқа ие ұлттық рейтингіне енген 135 оқытушының жартысынан астамын ҚазҰУ қызметкерлері құрады.
04.06.2019
ҚазҰУ-дағы USRN жазғы мектебі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі желісі (USRN) аясында «Зерттеу, тәжірибе және білім беру әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік әділділік және алуан түрлілік» атты халықаралық жазғы мектеп өтті. Онда Гонконг политехникалық университеті, Саймон Фрейзер университеті (Канада), Преторий университеті (Оңтүстік Африка) және ҚазҰУ студенттері қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның аймақтық университеттерінің студенттері де оқуға мүмкіндік алды.
04.06.2019
Еуразиялық комиссияның министрі Татьяна Валоваяның ҚазҰУ-ға сапары
Әл-Фараби атындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика бойынша алқа мүшесі Татьяна Валоваяның ашық дәрісі өтті.
03.06.2019
БҰҰ-ның V Халықаралық симпозиумы өтті
Жақында Нұр-Cұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының V Халықаралық симпозиумы өтті.