- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында Қазақстан Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумы мен жалпы жиналысының кеңейтілген отырысы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттің 85 жылдығына арналған "Қазақстан-2050 "Стратегиясы: университеттер қоғамды жаңғырту драйвері ретінде" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара ҚР БҒМ, Жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің және жоғары оқу орындары ҰҒА-ның қолдауымен өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» атты ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасының салтанатты ашылуы болып өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, студенттер мен университет оқытушылары қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Біріккен Араб әмірлігі Дипломатиялық академиясының профессоры Мухамад Олимат іссапармен келді. Ол АҚШ-тың Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы сыртқы саяси зерттеулеріне, Қытайдың Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарына маманданған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі Орталық Азиялық жарнама қауымдастығымен бірлесіп, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тиімді коммуникациялық компаниялардың негізгі медиа-арналары» тақырыбында республикалық оқу семинарын өткізді.

Маркетинг, логистика және мемлекеттік және жергілікті басқарудың 80-ге жуық студенті қатысқан «Тиімді коммуникациялық компаниялардың негізгі медиа-арналары» атты республикалық семинар-тренинг шеңберінде викторина өткізілді.

Әулие Климент Охридский атындағы Софиялық университет ҚазҰУ-мен білім саласында әріптестікті нығайтуға ниетті. Бұл туралы ҚазҰУ басшылығы Болгария Республикасынан келген делегация құрамымен кездесу кезінде айтылды.

ХІІ Астана экономикалық форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хамад бин Халифа университеті (Катар), «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе (АХҚО) исламдық қаржы саласындағы әріптестікке бағытталған өзара түсіністік туралы үш жақты меморандумға қол қойды.
Әл-Фараби атындағы ҚaзҰУ Қытай Ғылым Академиясының академиктерімен кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Үндістан Республикасының кадет корпусының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 13-17 мамыр аралығында кадеттер делегациясының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрадасына сапары өтті.