Жаңалықтар

Жаңалықтар


26.11.2012 Студенттер мен магистранттарға арналған конференция

30 қарашада гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен жоғарғы курс студенттері және магистранттарға арналған “Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау: қазіргі жағдай және оның болашағы” атты тақырыпта конференция өтеді.


26.11.2012 ҚазҰУ-дың оқытушы профессорлары халықаралық конференцияға қатысты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі, Гёттинген университетінің Құрметті профессоры Қ.Т. Жұмағұлов «Қазақстан мен Германия ғалымдарының қазіргі гуманитарлық зерттеулер жүйесіндегі өзара әрекеттестігі» атты баяндасымен Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткізілген «G-Global және жаңа әлемдік тәртіп» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында қатысып, сөз сөйледі.


24.11.2012 Халықаралық ENACTUS форумы өтті

15-17 қарашада 2012 ж. Алматы қаласында «Гранд Айсер» қонақ үйінде «Қоғамға пайда бірге келтірейік» атты Халықаралық ENACTUS форумы өтті. Форум АҚШ, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның ENACTUS Президенттерінің қатысты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері мен эдвайзерлері, «Ашық кафедра» меңгерушісі Л.Т. Қәріпбаева кәсіпкерлік студенттік бизнестің халықаралық тәжірибесін оқып білуде форумға белсенді қатысты.


23.11.2012 Дөңгелек үстелде дінаралық келісім мәселесі қаралды

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Діни тағаттылық (толеранттылық)» күніне арнап «Қазақстандағы дінаралық келісім» атты дөңгелек үстелін өткізді.


23.11.2012 1 курс студенті Дарсил Эссамамбо алтын медаль иегері

17-18 қарашада Беларусияның «Минск-Арена» мұзайдынында жасөспірімдер арасында коньки тебу спорт түрінен Әлем Кубогына жарыс өтті. Жарысқа 15 елдің ең үздік спортшылары қатысты.


22.11.2012 Студенттер арасында қазақ күресінен жарыс өтеді

28-30 қараша аралығында әл-Фараби атандағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде жатакханада тұратын студенттер арасында Бірінші Президент күніне арналған қазақ күресінен жарыс өтеді.


22.11.2012 «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» Форумына қатысушылардың Қазақстан жастарына арналған ҮНДЕУІ

Біз, «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» Форумына қатысушылар! Жастар әрқашан кез келген қоғам мен мемлекеттің аса маңызды бөлігі болғандығына және әрқашан солай болып қала беретіндігіне сенімдіміз. Қазақстанның бірнеше жылдар мен онжылдықтардан кейін қандай болатындығы дәл біздің белсенділігімізге, мәдениетіміз бен жұмыс істей білу қабілеттімізге байланысты болмақ.


21.11.2012 ҚазҰУ-да Президент күніне орай форум өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан аса студенттің қатысуымен «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған форум өтті.


21.11.2012 Желілік университеттердің қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды

2012 жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес Жоғарғы мектебі «ТМД желілік университеті» жобасының қазіргі жағдайы мен болашақ дамуы туралы талқылауға арналған халықаралық конференциясын өткізді.


20.11.2012 «Ең үздік шығарма» байқауына қатысыңыз

Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқау жариялайды.