Жаңалықтар

Жаңалықтар


20.11.2012 Халықаралық студенттер күні аталып өтті

19 қараша күні география және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлем студенттерінің дәстүрлері» атты Халықаралық студенттер күніне орай ашық кураторлық сағат өтті.


19.11.2012 Дәстүр мен мәдениет сабақтастығы

2012 жылы 16 қараша күні ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің мәжіліс залында әр елден келген өкілдерді таныстыру мақсатында «Дос болайық бәріміз!» атты факультетаралық студенттік кеш өткізілді. Осы кешке әлемнің әр мемлекеттерінен келген шетелдік студенттер, шетелден келген қазақ азаматтары, сонымен қатар шығыстану және халықаралық қатынастар факультетінің студенттері белсене қатысты.


16.11.2012 Халықаралық студенттер күніне орай КВН өтеді

17 қараша күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Халықаралық студенттер күніне арналған жалпыуниверситеттік 1/8 Көңілді тапқырлар клубының КВН ойындары өтеді. Ойынға барлық факультеттің орыс, қазақ лигасының құрама қомандалары қатысады.


16.11.2012 Жеңіс ҚазҰУ баскетбол құрамасында

ҚазҰУ баскетбол құрама командасы Алматы қаласының әуесқойлық лигасының Чемпионатының шегінде кезекті кездесуді өткізді. Екінші ойында біздің командамыздың қарсыласы ҚазҰАУ құрама командасы болған.


16.11.2012 «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасын ең үздік кітапхана жасайық!» атты акция басталды

2012 жылдың 12 қарашасынан 12 желтоқсан аралығында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасын ең үздік кітапхана жасайық» атты университеттік акция басталды. Мұғалімдер, университет қызметкерлері осы аталған акцияға үлес қосуына болады.


16.11.2012 Айналада алтын күз...

ҚазҰУ-дың №4 жатақханасында «Күзгі балл» концерттік кеші өткізілді. Аталмыш шара жатақханамызда жыл сайын өткізілетін игі дәстүрге айналып отыр. «Күзгі балл» концерттік кеші жатақхана студенттері арасында сайыс ретінде өткізілді. Сайысқа қатысқан жұптарға белгілі бір мемлекеттер бөлініп беріліп, олар осы мемлекеттің мәдениетін ашып беру тапсырылған болатын.


16.11.2012 Жұлдыз ағып түскен мекенге саяхат

ХІХ ғасырда қазақ даласында жарқ етіп, ерте сөнген жұлдыз, халқымыздың даңқты перзенті, ұлы ағартушы, жиһанкез, фольклоршы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың мәңгі баяз тапқан жері – Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы ғалымның аты берілген кіп-кішкене, моп-момақан Шоқан ауылы туралы біреу білсе, біреу білмес. Шағын елді мекенді құшағына алған Алтын Емел жотасына ғалым бабаның әруағына құран бағыштап, ұлыдан қалған жәдігерлерді тамашалауға журналистика факультетінің бір топ студенті саяхаттап барды. Студенттерге бас‑көз болып, жол бастаған – ф.ғ.д., профессор Кәкен Қамзин.


16.11.2012 «Сұлу» аэробика клубы мүшелері арасында жалпы дене дайындығы бойынша жарыс өткізілді

Жастарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға ынтасын арттыруға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, сонымен бірге «Культ здорового тела» қозғалысы аясында 2012 жылдың қазан айының 29-нан қарашаның 13-не дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорткешенінің №9 залында жалпы дене дайындығы деңгейін анықтау үшін «Сұлу» аэробика клубы мүшелері арасында жарыс өткізілді. Жарысқа 188 студент қатысты.


15.11.2012 Дүниежүзілік туристік ұйым оқу бағдарламасын мойындады

Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) Біріккен ұлттар ұйымының жауапты, тұрақты және қол жетерлік туризмнің ұсынысына жауап беретін мекеме болып табылады. 2011-2012 жылдары, рекреациялық география және туризм кафедрасы ұтып алған грант негізінде, Қазақстан ЖОО арасында алғашқы болып, «5В090200 – Туризм» мамандығының туристік білім беру сапасының Дүниежүзілік туристік ұйымның TedQual-UNWTO жүйесі бойынша халықаралық сертификаттау рәсімі өткізілді.


15.11.2012 Халықаралық білім беру ісінің тиімді әдістері талқыланады

17 қараша – Студенттер күніне орай, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен «Open Faculty» жобасының тыңдаушыларына биология және биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында дәрістер оқылады. Азамат Ашамаев, Глазго Университеті, Әлемдегі E-Learning. Оқытудың тиімді әдістері; Жазира Амиргалиева, Лондон Университеті, Қазақстандағы жоғары білім беру және Британдық білім беру.