Жаңалықтар

Жаңалықтар


09.11.2012 «Open Faculty» жобасы бойынша дәрістер оқылады

Құрметті «Open Faculty» жобасының тыңдармандары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен биология және биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында 10 қараша 2012 жылы сағат 11.00-де дәрістер оқылады: Айтаманова Лаура, Хамзина Назым, Мыхаев Азамат, Даников Азамат, АҚ «Еуразиялық банкі» «Future Twenty Five» бағдарламасы; Шанкозов Нурлан, АҚ «Қаржы орталығы, Білім беруді несиелендіру; Шильдибеков Ельнур, University of Sheffield, Қоғамдағы адам өміріне техника мен технологияның әсері.


09.11.2012 Есік көліне саяхат ұйымдастырылды

1 қарашада 2012 жылы ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы бірлесе отырып шетелдік студенттер үшін Есік көліне саяхат ұйымдастырды.


09.11.2012 «Геоинформатика» халықаралық магистрлік бағдарламасы ашылды

8 қарашада ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінде «Geoinformatics: Managing energy, resources, environment» TEMPUS IV жобасы бойынша «Геоинформатика» халықаралық магистрлік бағдарламаның ашылуы өтті.


08.11.2012 БҰҰ-ның Қоғамдық ақпарат департаменті ҚазҰУ-ға алғыс айтты

БҰҰ-ның Қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Махер Насер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтановтың атына алғыс хат жолдады.


08.11.2012 «Визуальды коммуникация ретінде заманауи сандық технология» және «Қазіргі заманғы медимәтіннің тілі: фото, видео дыбыс» атты семинар-тренинг өтіп жатыр

Дәстүрлі медианың Интернет бетіне көшуі БАҚ саласында түбегейлі өзгерістер әкелді. Медианың шоғырлануы он-лайн медиа, конвергентті журналистика сияқты жаңа салаларды ақпараттық кеңістікке енгізді. Осы бағытта бүгінгі журналистика, баспа ісі, дизайн, халықаралық журналистика, қоғаммен байланыс, мәдениеттану мамандықтары бойынша маманданып жатқан студент, магистрант және докторанттар нені меңгеруі қажет.


07.11.2012 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Орал федеральді университетінің делегациясы қонақта болды

1-2 қараша күндері Орал федеральді университетінің өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне іссапармен келіп кетті. Қонақтардың біздің өңірге ат басын бұрғандағы басты мақсаты тәжірибе алмасу болып табылды. Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Олег Васильевич Гущин бастаған делагацияның құрамына тәрбие жұмысын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамту жөніндегі бөлім бастығы Алексей Андреевич Фокин және әлеуметтік саясат орталығы директорының орынбасары Александр Сергеевич Дубровский да болды. Делегацияның университетке келген алғашқы күнінде алдымен ҚазҰУ тарихымен және білім ордасындағы тәрбие жұмысымен танысты.


07.11.2012 Желэнергетикалық потенциал - Қазақстанның қоршаған ортасын жақсартудың құралы ретінде

Энергоэкология кафедрасының ғылыми-тәжірибелік семинары Орталық Азия Аймақтық Экологиялық Орталығының (РЭЦЦА) «Климаттың өзгеруі және тұрақты энергетика» бағдарламасының жетекші маманы, Японияның Цукуба университеті түлегінің қатысуымен, желэнергетикалық потенциалға байланысты болды.


07.11.2012 Мазмұнды фильм көрсетілімі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Республикасы Бірінші Президенті күніне арналған іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Осы бағыттағы шаралар легі 6-қараша күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақфильм» киностудиясы АҚ-мен бірлескен «Отандық кино күні» жобасы аясында режиссер Рүстем Әбдірашевтің ҚР Президентінің балалық шағы жайында түсірген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетілімімен басталды.


06.11.2012 Талқылау қызықты өтті

5 қарашада кезекті ректорат мәжілісі өтті. Онда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында студент жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі жөнінде философия және саясаттану факультетінің деканы Әлия Масалимованың баяндамасы тыңдалды. Тақырыпты тарқата түскен саясаттану кафедрасының меңгерушісі Гүлнәр Насимованың ақпары болды.


05.11.2012 «Академиялық ықпал» бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодаран ҚазҰУ ректорының атына алғыс хат жолдады

«Құрметті ректор Ғалым Мұтанов! Жоғары деңгейдегі конференцияны өткізудегі үлкен бастамаңыз бен конференция жұмысына жетекшілік жасағаныңыз үшін менің жүрекжарды алғысымды қабыл алыңыз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы арасындағы ынтымақтастықты ары қарай дамытудың үлкен мүмкіндігін ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ, аталмыш конференцияда өзім танысқан аса құрметті ғалымдармен ынтымақтастықты ары қарай жалғастырғым келеді. Әрине, Сіздің осы жөніндегі ойыңыз бен кеңестеріңізді күтемін», - дейді өз жолдауында Раму Дамодарана.