Жаңалықтар

Жаңалықтар


29.11.2011 Биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенті Венгрияда өткен Әлем Чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенті ҚР халықаралық класының спорт шебері Эльхан Асадова еркін күрес бойынша кадеттер арасында өткен Венгрияда өткен Әлем Чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.


29.11.2011 Заң факультетінің студенті әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Заң факультетінің 1 курс студенті, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Светлана Подобедова ауыр атлетика бойынша Парижде өткен Әлем Чемпионатында күміс медаль иеленіп, 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға лиценция ұтып алды.

«Мен жеңісімді Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаймын», - дейді Светлана.


28.11.2011 ҚазҰУ-да – Швейцария ғылымы

28 қарашада Қазақстан мен Швейцария арасында ғылыми қарым қатынасты нығайтумен достық, мәдени, білім және ғылыми тұрғыда тәжірибе алмасу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Швейцария ғылымы» атты көрме өз жұмысын бастады. Көрмеде негізінен швейцариялық ғалымдардың осы уақытта дейін физика, тарих, астрономия және де басқа да ғылым саласында жеткен еңбектері фотосурет түрінде жиналып, жұртшылыққа таныстырылды.

Кештің негізгі қонақтары ҚазҰУ-дың ректоры Ғ.М.Мұтанов және Швейцарияның ҚР төтенше және өкілетті елшісі С.Неллен болды. Бұл шараға студенттер мен оқытушылар да қатысты. Көрменің ашылу салтанытында сөз алған С.Неллен екі ел арасындағы достық қарым қатынасқа қуанышты екенін білдірді. Швейцария елі тек қана Швейцар сағаттары мен шоколадтың отаны ғана емес сонымен қатар, атақты ғалымдардың да отаны екенін атап өтті. Осы көрмеде көрсетілген еңбектердің авторларының көп бөлігі Швейцария елінде білім алған немесе осы елде ғылыммен айналысқан ғалымдар екенін мақтанышпен атады. Ал Швейцарияның Цюрих университетінің профессоры П.Хенка қазақ елінде қазақша сөз саптап, өзге әріптестерінен ерекшеленді. Профессордың қазақ тілінде сөйлеуі жиналған жұртшылықтың ризашылығын тудырды. Ол өз сөзінде осы көрменің ұйымдастырылуына көп көмек көрсеткені үшін ҚазҰУ-дың ректоры мен әкімшілігіне ризашылығын білдірді.


28.11.2011 «Тегімізді таза сақтайық» атты пікір сайыс өтті

Биология және биотехнология факультетінің биофизика мен биомедицина кафедрасының профессоры, б.ғ.к., Н.Торманов пен кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының орынбасары б.ғ.к., доцент Н.Т. Абылайханованың ұйымдастыруымен 1-4 курс бакалавр студенттері мен магистранттары арасында Қазақстан республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап «Тегімізді таза сақтайық» атты пікір сайыс өтті.

Пікір сайысқа тек студенттер ғана емес, кафедраның барлық мұғалімдері қатысты. Пікір сайыста профессор, б.ғ.к., Н.Т.Торманов, б.ғ.к., доцент З.А. Асқарова, б.ғ.к., доцент Г.Т. Сраилова мен б.ғ.к., доцент Н.Т. Абылайханова өз ойларын ортаға салып, жастарға ақыл-кеңестерін берді. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Пікір сайысты 3 курс студенті Мирзалиева Динара өзінің презентация баяндамасымен ашты. Сонымен қатар Темірбаева Ақбота, Сейдалиева Нағима, Қадылбек Ұлжан, Абдрахманова Жанар және т.б. студенттер өз ойларымен бөлісті. Пікір сайыстың соңын 2 курс студенті Омар Ізбасар тектілік туралы өлең жолдарымен оқып бітірді.


28.11.2011 «Қазақ халқының біртуар тұлғаларына» арналған тәрбиелік шаралар

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен факультеттердің кафедраларында «Қазақ халқының біртуар тұлғаларына» арналған тәрбиелік шаралар өткізілуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түріктану және үндітану кафедрасының «Жас түркологтар» ғылыми-зерттеу үйірмесі Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай «Қазақ халқының біртуар тұлғасы - Бұқар жырау» атты танымдық кеш ұйымдастырды. Кешке Тәрбие жұмысы және тіл саясаты йымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Қанафьева Шынар Ерланқызы, кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Авакова Раушангүл Әмирдинқызы, кафедра оқытушылары, үйірме мүшелері және басқа да қонақтар қатысты.


27.11.2011 25 қараша күні Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы өтті

25 қараша күні Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы өтті. Комитет жетекшісі Сәуле Ишангалиеваның жүргізуімен өткен жиналыста университет сайтының жұмысын жетілдіру мақсатында Студенттік баспасөз орталығының алдына бірнеше міндеттер қойылды. Сондай-ақ, қысқы сессияның өту барысында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен бөлім бастығы Данияр Сүндетбаев хабарлады.


26.11.2011 «Желтоқсан жаңғырығы» атты ашық тәрбие сағаты өтті

Заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Желтоқсан жаңғырығы» атты ашық тәрбие сағаты өтті.


26.11.2011 Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы

25 қарашада Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы өтті. Комитет жетекшісі Сәуле Ишангалиеваның жүргізуімен өткен жиналыста университет сайтының жұмысын жетілдіру мақсатында жастар тарапынан бірнеше тың бастама мен ұсыныс айтылды. Сондай-ақ, қысқы сессияның өту барысында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы бөлім бастығы Данияр Сүндетбаев ақпарат таратты.


25.11.2011 СПИД-ғасыр дерті

Қазақстанның түкпір - түкпірінен келген, ата-аналарынан алыста жүрген 1-курс студенттерін әрқашан тиімді ақпараттармен хабардар етіп, келеңсіз жағдайлардан сақтандырып отыру – ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық 21-тобының студенттерімен география және табиғатты пайдалану факультеті және калалық СПИД орталығымен бірлесе отырып, 24 қараша күні «СПИД-ғасыр дерті» атты эдвайзерлік сағат өтті.

Бұл шара ДДҰ жобасы «Салауатты университеттер» бағдарламасының аясындағы «ВИЧ/СПИД-нің алдын алу» айлығының негізінде өткізілді. Дәріске энергоэкология кафедрасының оқытушысы, х.ғ.к., Г.С.Жұманова, аға оқытушы А.С.Саттарбаева, кафедра маманы Ә.Б.Саметовалар қатысты. 1- курс студенттеріне калалық СПИД орталығының маманы, дәрігер - эпидемиолог, медицина магистрі Әсел Саметова «ВИЧ инфекциясы және одан сақтанудың жолдары» атты дәріс оқыды.


25.11.2011 «Егеменді Қазақстан: жетістіктері мен стратегиялық дамуының басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

5-6 желтоқсанда «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына – 20 инновация» атты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бастамасын жүзеге асыру қортындылау Форумына, сондай-ақ форум аясында өткізілетін «Егеменді Қазақстан: жетістіктері мен стратегиялық дамуының басым бағыттары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.