Жаңалықтар

Жаңалықтар


25.11.2011 «Тіл оқыту технологияларының диагностикасы» атты педагогикалық идеялар фестиваліне шақырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы 2012 жылдың 15 ақпанында жоғарғы оқу орындары арасында өтетін «Тіл оқыту технологияларының диагностикасы» атты педагогикалық идеялар фестиваліне шақырады.

Фестиваль аясында жоғарғы оқу орындарында шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін оқытудың өзекті мәселелері мен жаңа бағыттарына, тіл оқытудың аспектілері мен сөйлеу қызметіне, Қазақстанның шет тілін оқытудағы тіл меңгерудің еуропалық деңгейлік сипат жүйесімен бірігу мәселелеріне арналған ҚазҰУ мен Алматы қаласындағы өзге жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарлы оқытушылар қатысатын мастер-кластар мен дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Дискуссия барысында келесі мәселелер талқылауға ұсынылады :


25.11.2011 ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН «ТҮРКІ ЖАЗУЫ МЕЙРАМЫ» БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Университетімізде 24 қараша күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұжымы мен «Түркі филологиясына кіріспе», «Түркітануға кіріспе» пәнінен дәріс оқитын филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Б.Бектемірованың жетекшілігімен ұйымдастырылған ХІХ «Түркі жазуы мейрамы» өз деңгейінде аталып өтілді.

Дәстүрінің жалғасын тапқан «Түркі жазуы мейрамы» жылдағыдан өзгеше. Тұғыры биік Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен барша түркі халықтарын бір арнаға тоғыстырған айтулы мерекеге 19 жыл. Аталмыш іс-шараның ашылуы белгілі түркітанушы ғалымдар А.С.Аманжолов «Көне түркі жазуының тарихы мен теориясы» еңбегі мен ҚӨмірәлиевтің «Көне түркі әдеби ескерткіштері туралы зерттеулер» атты жаңадан жарық көрген кітаптарының тұсаукесерімен басталды.


24.11.2011 26 қарашада «Open Faculty Startup Competition» стартап тұсаукесері өтеді

Құрметті «Ашық кафедра» жобаның тыңдармандары, ҚазҰУ студенттері! «Ашық кафедра» жобасы сіздерді 26 қарашада, сенбі күні, экономика және бизнес жоғары мектебінің № 2 залында, сағат 11:00-де өтетін «Open Faculty Startup Competition» финалдық байқауына шақырады.


24.11.2011 Еліміздегі нәсілдік кемсіту мәселелері қаралды

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің «әл-Фараби» ғылыми-зерттеу орталығы, «Дінтанулық зерттеулер және экспертиза» орталығы мен Ұлттық журналистік зерттеу орталығы бірлесіп, Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауыменнәсілдік кемсітудің барлық түріне қарсы бағытта дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласы Дін істері департаментінің директоры Ершат Оңғаров, АҚШ-тың Огайо университетінің профессоры Джеймс Патрик, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы, уағыз-насихат бөлімінің қызметкері Ұтысхан Алтынбек және ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор Әлия Масалимова, философия және саясаттану факультетінің оқытушы-профессорлары мен еліміздің белгілі ғалымдары қатысты.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Нағима Байтенова «Ұлтаралық татулығы жоғары әрі әртүрлі нәсілдер шоғырланған елімізде нәсілдік кемсітушілік жоқ» деген ғылыми тұжырымдалған пікірін білдірсе, Дін істері департаментінің директоры Ершат Оңғаров «Ата Заңымыздан бастап барлық заңдар барлық азаматтарды, этностарды бірдей дәрежеде қабылдап, адам құқықтарына ортақ көзқараспен қарайды» деген ойын жеткізді. ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі, «Әл-Фараби» ғылыми орталығының директоры Жақып Алтаев нәсілдік кемсітудегі ислам дінінің құндылықтарына тоқталып «Ислам діні мейірімділікті, барлық адам баласына тең көзқараспен қарауды негіз етеді. Ол нәсілдік кемсітушілікке мүлдем қарсы. Сондықтан ислам діні ешқандай ақтауды қажет етпейді», - деді.


24.11.2011 География факультетінің түлегі – EcoIdea қоғамдық қоры басшысының көшбасшылық дәрісі

EcoIdea қоғамдық қорының басшысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің түлегі Салатанат Баймұрзанқызының көшбасшылық дәрісі болды.

Дәріс ҚР бойынша дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану саласына бойынша өтті.


24.11.2011 28 қараша ҚазҰУ-да «Швейцария ғылымы» атты көрме өз жұмысын бастайды

Көрменің салтанатты ашылуы ҚазҰУ-дың бас ғимаратында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтановтың және Швейцарияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Стефан Неллен сөзімен басталады. Бұл іс-шараға елшілік өкілдері, және университет оқытушылары мен студенттерінің қатысады.


23.11.2011 Студент серігі: саналылық, сауаттылық, салауаттылық.

Қазіргі таңда «экстремизм», «терроризм» терминдерінің БАҚ беттерінде, қоғамымызда қызу талқыланып жатқаны баршамызға мәлім. Аталған терминдерді ел азаматтары арасында үрей туғызу немесе сенсациялық жаңалықтар жасауға бейім әлдекімдер өз мүдделері үшін пайдаланып қалудан аянбайтыны жасырын емес. Осы орайда қоғамымызда ең белсенді әлеуметтік топ – студенттер де өз пікірлерін білдіруден шет қала алмады.


23.11.2011 «Ислам діні нәсілдік кемсітудің барлық түріне қарсы» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді

24 қараша сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінің оқу ғимаратында (412 аудитория) «Ислам діні нәсілдік кемсітудің барлық түріне қарсы» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Қазақстан Республикасы – Біріккен Ұлттар Ұйымының Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық Конвенциясына қол қойған мемлекеттердің бірі. Осы орайда Қазақстан жүйелі түрде БҰҰ сессиясында еліміздегі аталған мәселеге қатысты жүзеге асып жатқан іс-шаралар жөнінде есеп беріп отырады. Қазақстан Республикасының есебіне БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітуді жою жөніндегі Комитеті оң бағасын беріп, ұйым сарапшылары Қазақстанда әртүрлі этностық топтар мен конфессиялардың бейбіт жағдайда қатар өмір сүруіне қажетті жағдайлардың жасалғанына ризашылығын білдіріп келеді. Нәсілдік кемсітуді жою жөніндегі БҰҰ Комитеті Қазақстанның есебін қарау нәтижесі бойынша әзірлеген өзге де ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкіметі де кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді.


22.11.2011 Оразалы Сәбденнің «Экономика» көп томдығының тұсауы кесілді

22 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ғалым-экономист, академик, қоғам қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, БжҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының директоры, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті Оразалы Сәбденнің Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздігіне орай 21 томдық «Экономика» таңдамалы еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Көп томдықта Қазақстан Тәуелсіздігі қалыптасуының алғашқы қиын жылдарынан бастап экономиканың маңызды табыстарға жеткен күндері қарастырылған. Кітап болашақтағы экономиканың негізін құру, жаңа технологиялар, идеялар мен тәсілдерді қолдану, инновациялық даму және бәсекеге қабілеттілікті көтеру, өндірісті модернизациялау және диверсификациялау сияқты мазмұнды қамтыған. Сондай-ақ, қазақ және орыс тілінде жарық көрген кітапқа фундаменталды монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинағы, сонымен қатар еліміздің Президентіне, Қазақстан Үкіметіне және Парламентіне жазылған хаттар енген. Тұсаукесер барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Белгілі қоғам қайраткері Оразалы Сәбденнің «Экономика» көп томдығы – көп жылғы жинақталған, жүйеленген еңбектердің жемісі. Жас ғалымдарға, магистранттарға, докторанттарға және экономисттер үшін таптырмас құнды дүние. Мұнда ел тәуелсіздігінің қалыптасуы, өркендеуі кеңінен қарастырылған», - деген пікірімен бөлісті.


22.11.2011 «ВИЧ/СПИД және нашақорлықтың алдын алу»

«Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» циклының ұйымдастыруымен, ДДҰ-ның «Салауатты университеттер» бағдарламасы бойынша «ВИЧ/СПИД және нашақорлықтың алдын алу» айлығының аясында СПИД-ке қарсы күрес күніне орай қалалық СПИД-орталығының мамандарымен кездесу келесі факультеттерде өтеді:

1) Биология және биотехнология факультеті – 21 қараша, уақыты– 11:25, өтетін орын: ГУК 6; 2 зал

2) География және тәбиғат пайдалану факультеті – 23 қараша, уақыты - 15:05, өтетін орын – ГУК 6; 1 зал