Жаңалықтар

Жаңалықтар


14.11.2011 Өндіріс жағдайында еңбек қауіпсіздігін жақсарту

11 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде «Теңізшевройл» компаниясы мен «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттері, магистранттары және оқытушылары бірігіп «Өндіріс жағдайында еңбек қауіпсіздігін жақсарту» атты арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты болашақ мамандардың және оқытушылардың халықаралық және ұлттық компанияларда өндірістік тәжірибеден өтуі және өндіріс жағдайында еңбек қауіпсіздігін жақсарту жолдарымен танысу. Дөңгелек үстелде «Теңізшевройл» компаниясы техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің маманы Гүлбахрам Бүкенқызы Жаулина «Теңізшевройл» компаниясы және Еңбекті қорғау бөлімінің жұмысы жөнінде презентация жасады. Өндірісті жетілдіру және құқықтық нормативтер бөлімінің бас кеңесшісі Сейтаев Жеңіс Сейтжапарұлы қазіргі таңда барлық өндіріс орындарында еңбек қауіпсіздігі бойынша іс-шаралардың күшейтіліп жатқанын, бұл өз кезегінде білікті мамандарды жұмысқа тартумен жүзеге асатынын, ол үшін теориялық білім беру мен өндіріске маман дайындаудың сәйкестігін жүзеге асыру керектігін атап өтті. Техника қауіпсіздігі және нормативке сәйкестендіру саласындағы біліктілікті жетілдіру тобының жетекшісі Шалқаров Ержан Ихсанұлы сабақ үлгерімі GPA3,5-тен кем емес студенттер «Теңізшевройл» компаниясында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндіктері бар екенін ескертті.


14.11.2011 Алматы қаласының Жастар форумы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған іс-шаралар аясында, 2011 жылдың 11 қарашасында Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында «Алматы қаласының Жастар форумы» өтті. Форумның ұйымдастырушысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы жастарының конгресі және Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы болып табылды.


14.11.2011 Үстел теннисінен жеңімпаздар марапатталды

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналып әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде спорттың әр түрінен іс-шаралар өткізілуде. Соның бір айғағы ретінде, қараша айының 12-ші жұлдызында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің кафедраларының ұйымдастыруымен үстел теннисінен «декан кубогы» ұйымдастырылды.


14.11.2011 «әл-Фараби» кубогына арналған КТК сайысы өтеді

Қараша айының 14-15 күндері сағат 18.00. Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультетаралық КТК сайысы өтеді.

«Сұңқар» студенттік кәсіпдоағының ұйымдастыруымен өтетін «әл-Фараби» кубогына арналған КТК сайысына әр факультеттің зілді әзілмен айтатын, мәселені қалжыңмен жеткізетін көңілді тапқырлар командалары қатысады.


11.11.2011 Ректор Ғалым Мұтанов бастаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы АҚШ зерттеу университеттерінің қызметтерімен танысады

Сапардың басты мақсаты ғылым, білім кеңістігінде халықаралық әріптестіктің өрісін кеңейту, екі жақты зерттеу және инновациялық жобаларды жүзеге асыруда америкалық университеттермен серіктестік қарым-қатынасты орнату. 10 қарашада басталған сапар 18 қараша дейін жалғасады.

Шекара сыртындағы іс-сапарда ҚазҰУ өкілдері Даремдағы Нью-Гэмпшир университетін, Берклидегі Калифорния университетін, Пало-Альтодағы Сан-Франциско, Стэнфорд университеттері сияқтыәлемдік беделге ие жетекші америкалық университеттерді аралайды. Сонымен бірге, компьютер жасау және өндіру жұмыстарымен айналысатын, биотехнологиямен, мобильдік байланыспен және бағдарламалық қамтамасыз ететін атақты «Силиконовая долина» жоғарытехнологиялық компанияға бару жоспарланып отыр.


11.11.2011 18 қарашада TARGET II халықаралық жобасының тұсаукесері өтеді

TARGET II академиялық ұтқырлық және ғылыми-білімді ынтымақтастық халықаралық жобасының тұсаукесері Erasmus Mundus бағдарламасы аясындағы Royal Institute of Technology (KTH), Швециядан келген жоба үйлестірушісі өткізеді. Тұсаукесер 18 қараша сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінде орналасқан үлкен мәжіліс залында (БАЗ) өтеді.


11.11.2011 Корейтану апталығы өтті

Шығыстану факультетінің Корейтану және жапонтану кафедрасы Алматыдағы корей орталығы мен Қазақстандық Корей ассоциациясы бірлесе отырып «Корейтану апталығын» өткізді. Бұл апталықтың мақсаты – Қазақстанда Корея мемлекетін таныстыру, корей тілін үйрену ынтасын арттыру, Қазақстандағы корей ұйымдарымен халықаралық байланысты орнату. «Шинхан банк Қазақстан» АҚ демеушілік қолдау көрсетті.


11.11.2011 Think about career now!

«Think about career now!»- осындай ұранмен ірі өндіріс-орындарының жұмыс берушілердің студенттермен кездесуі өтті. Кездесудің басты мақсаты студенттерді IT консалтинг, интернет-маркетинг және менеджмент саласымен таныстыру болды. Компания өкілдері студенттерге қалай тәжирибе өтіп, болашақта жұмысқа орналасу туралы презентациясын өткізді.


10.11.2011 Халықаралық «Вебометрия – университеттерді реитингіге енгізудің мүмкіншіліктері» семинары өтеді

21-22 қараша, 2011 жыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Вебометрия – университеттерді реитингіге енгізудің мүмкіншіліктері» атты халықаралық семинар өтеді.

Аталмыш семинар Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Испания (Мадрид) Ғылыми зерттеулер жоғары кеңесі (CSIC) жанындағы халықаралық рейтингтік Webometrics Ranking of World Universities агенттігінің өкілдері, Қазақстандағы ЖОО басшылары, ҚазҰУ-дың оқытушылары мен қызметкерлері қатысады. Семинарды ұйымдастыру арқылы қазақстандық жоғары оқу орындары мен рейтингтік агенттіктер арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту қарастырылады.

Семинарда халықаралық рейтингтерге енудегі шетелдік тәжірибелердің мына бағыттары Webometrics Ranking of World Universities бойынша талқыланады. Сондай-ақ, виртуалды кеңістікке ЖОО-ның қатысуы, интернет-аудитория: дизайн және университеттік сайттың рейтингі сияқты тақырыптар қозғалады.

Соңғы уақытта қазақстандық білім ордаларының басым көпшілігі Webometrics (Webometrics Ranking of World Universities) жобасының идеяларын жүзеге асырып келеді. .Webometrics рейтингінің негізгі басты идеяларының бірі – әлемдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жоғары оқу орнының сайтына жариялау. Нәтиже анализдері Түрлі индикаторлар бойынша анализ нәтижелері және ең бастысы Sc (Scholar) индикаторы бойынша ғылыми зерттеу нәтижесі аймақтық әлеуеттік дамуға маңызды болып табылады. Бұл әсіресеғылыми ақпараттардың бірінші маңыздылыққа шығып отырған заманауи жағдайда зор маңыздылыққа ие.


10.11.2011 «Open Faculty Case Competition» жаңа теңдессіз байқау

5 қарашада «Open Faculty Case Competition» атты жаңа теңдессіз байқау басталды, оның шеңберінде «Ашық кафедра» жобасы негізінде студенттер бизнес, экономика, социология, экология, маркетинг, ақпараттық технология және телекоммуникация салаларында өздерінің тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

Жобаның ерекшелігі оқу семестр бойынша «Болашақ» бағдарламасының түлектері студенттерге инновациялық пәндерден дәріс оқып, тәжірибе алмасады. Жобаның атқарылып жатқан екі ай аралығында 120 қатысушы ағылшын тілінде ең өзекті бағыттар бойынша 18 дәріс тыңдады. Жоба арасында алынған білімді бекіту мақсатымен Open Faculty Case Competition байқауының кейстік тапсырмалары басталды. Байқаулық кейстер GSM Қазақстан, Microsoft Қазақстан, T-Mobile, KPMG, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., ҚазМұңайГаз, Daewoo, SWR 3, Бипек–Авто, Инновациялық қоры, Аумақтық қаржы орталығы, Chevron, Еуразиялық Банк, Қазақстандық қаржылық биржа компанияларының қызметтерінен алынған.

«Ашық кафедра» жобансының тыңдаушылары топтық жұмыста компания қызметінен алынған жағдайды талқылап, мәселенің маңызын, әр-түрлі шешімді қарастырып, олардың ішінде үздікті таңдап, топтық презентацияда Deloite, Eurasian Bank, E-Way, Microsoft, Fulbright program, Environmental Project Audit, People party NurOtan, World Bank, Chevron, Career and Business Center, Alumni club Bolashak компанияларының алдында ұсынады.

Байқаудың бірінші кезеңі нәтижесі бойынша 8 топтан 4 топ іріктелді. Қазылар алқасы Smart Hearts және Индиго топтарының презентациясында шешімдерінің озіндік идеясы мен стандарттық емес жағына баса назар аударды. Қаржылық сектор компаниялары P&G и Dragon Motors топтардың терең және жақсы талдауларын жоғары бағалады.