Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.11.2011 17 қарашада Халықаралық Студенттер күніне және Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «1-курс ТАЛАНТТАРЫ» көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында 2011 жылдың 17 қарашасында, сағ.17.00-де Халықаралық Студенттер күніне және Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «1-курс ТАЛАНТТАРЫ» көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтеді. Байқаудың ұйымдастырушылары университеттің Тәрбиесі жұмысы жөніндегі департаменті мен Студенттер клубы.

Бұл байқау - жігер оты жалыңдап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткіздірмеу, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың заман ағымына ілескен зымыраған күндеріндегі бос уақыттарын әсерлі ән, көк нөсер күй, күмбірлеген домбыра, мың бұралған би әлемімен қауыштыру мақсатында, былтырдан бері ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасымен және қолдауымен өткізілуде.


16.11.2011 Туризм бойынша олимпиада өтеді

17 қараша күні сағат 17:00-де география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 залында туризм мамандығы бойынша олимпиада басталады. Олимпиада – бұл дарынды жастардың өз потенциалдарын айқындайтын кезең: теориялық дайындықтарын, профессионалды мүмкіндіктерін, эрудицияларын, бұл білім додасында өзіңнін мүмкіндіктеріңмен біліміңді тексеретін уақыт. Ұйымдастырушы – Туризм және Спортты дамыту Клубы «ЖасТур».


16.11.2011 ХІХ «Түркі жазуы мейрамы» өтеді

24 қарашада университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұжымы мен «Түркі филологиясына кіріспе», «Түркітануға кіріспе» пәнінен дәріс оқитын филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Б.Бектемірованың жетекшілігімен дәстүрге айналған ХІХ «Түркі жазуы мейрамы» өтеді.

Еліміздегі белсенді жоғары оқу орны саналатын қарашаңырағымыз әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, қазақ филологиясы мамандығы бойынша білім алатын 2-курс студенттері «Түркі филологиясына кіріспе», «Түркітануға кіріспе» пәнін оқиды. Аталған пәннен студенттер түркі халықтарының тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін меңгеріп, өздерінің түпкі ата тілінің қасиетіне тереңнен зерделеуге мол мүмкіндік алады.


16.11.2011 «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ»

15 қарашада Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының куратор-эдвайзерлары Г.Ә.Сәрсенбекова, К.Бияздыкова мәдениеттанушымамандығында оқып жатқан 3-курс студенттері арасында «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты «Менің елім» композициясымен басталып, әртүрлі ұлттық костюмдермен сахнаға шыққан 28 студент Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен мақтанды. Тәуелсіздіктің арқасында қанатын кеңге жайып жатқан ана тіліне «Ана тілім-ардағым» атты композицияны арнады. Студенттер ұлттық қасиеттеріміз бен құндылықтарымызды, Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін, әндерін нақышына келтіре орындау арқылы қатар жүріп отырған видеослайдтармен жеткізе білді. «Болмасаң да ұқсап бақ» атты композицияда топ студенттері өз шығармашылықтарымен бөлісті. Көрермендермен байланыс та ұтымды ойластырылды. Көрермендер де Абай өлеңдерін, аворлық өлеңдерін оқып белсенділігі үшін кітаптармен марапатталды.


16.11.2011 Әлем Чемпионатында Дзюдо күресінен биология және биотехнология факультетінің 1-курс студенті Елдос Сметов 3-ші орынға ие болды

Қараша айының 1 мен 4 аралығында ОАР, Кейптаун қаласында Дзюдо күресінен Жастар арасында Әлем Чемпионаты өтті. Әлем чемпионатына биология және биотехнология факультетінің 1-курсы студенті Елдос Сметов 60 кг салмақтың санатында III орынды ұтып алды. Бұл табыс оны келесі жылы Лондон қаласында өтетін Олимпиада ойындарда Қазақстанның абыройын қорғауға қатысу мүмкіндігін сыйлады.

Елдос өзінің табысын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайтындығын айтады.


16.11.2011 ШЫҰ Университетінің Хартиясына қол қойылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ШЫҰУ оқу орталығы 2011 жылдың 6-9 қараша аралығында Мәскеу қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына 10 жыл толуына орай өткен халықаралық қоғамдық-саяси маңызы зор «Шексіз білім» атты IV білім апталығына қатысып қайтты.

Осы іс-шараға ШЫҰ мүше-елдерінің білім басқармасы ұйымдарының жетекшілері, ШЫҰ Университетінің басты (базалық) ЖОО өкілдері қатысты.

Апталық барысында ШЫҰ Университетінің Хартиясына қол қойылды.


15.11.2011 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ Білім бағдарламасының белсенді қатысушысы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ Білім бағдарламасына қатысу сауалдар ректор Ғалым Мұтановтың шетелдік іс сапары аясында АҚШ-та өткен кездесуде талқыланды.

Өз кезегінде ҚазҰУ делегациясы Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімованың қабылауында болды. Кездесу барысында БҰҰ-ның өзекті күн тәртібіндегі білім кластері талқыланды. БҰҰ аясындағы ҚазҰУ мен ЮНЕСКО байланысы, сондай-ақ,

Ғалым Мұтанов пен ЮНЕСКО-ның Нью-Йорктағы байланыс бюросының директорының кездесуі барысында рталық Азия университеттерінде ғылым, білім жобаларын ұйымдастыру барысы қаралды.

ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына қатысуын кеңейту оның жетекшісі Раму Дамодаранмен әңгімелесу кезінде қозғалған ауқымды тақырып болды. Раму Дамодаран университет ұжымын аталмыш жобаға қатысуымен құттықтады. «Сіздердің университеттеріңіз әзірге Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында бұл жобаға қатысып отырған жалғыз университет. ҚазҰУ Қазақстанның жетекші ғылым және білім орталығы ретінде адап құқығы, сауаттылық, тұрақты даму, қағтықығтарды шешу және бейбітшілікті сақтау, халықаралық диолог сияқты өзекті тақырыптарды дамытуды өз жауапкершілігіне алып отыр.Сіздерде даму өте жоғары деңгейде деп ойлаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деп атап өтті Р.Дамодаран.


15.11.2011 «Болашаққа нық қадаммен!» атты концерт өтеді

16 қарашада ҚазҰУ колледжінің акт залында «Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен «Болашаққа нық қадаммен!» атты балаларға арналған концерті өтеді. Қазіргі заманғы қоғамда еріктілер қозғалысы маңызды орынға ие. Жастар арасында еріктілер қозғалысын кеңінен насихаттауға және қайырымдылық іс-шараларға ат салуға шақыратын «Көмек» еріктілер қозғалысының құрылғанына 1 жыл болды. Осы уақытта қозғалыспен көптеген қайырымдылық іс-шаралары атқарылып келеді.


15.11.2011 Колумбия университетінде ректор Ғалым Мұтанов бастаған ҚазҰУ делегациясы студенттік бизнес-инкубатор жұмысымен және «Теплица» жобасымен танысты

Америкалық жетекші ЖОО кәсіпкерлік орталығының жетекшісі студенттермен тиімді, қоғамдық сұранысқа ие пайдалы жобаларды қалай құру керектігі жайлы айтты. Мұнда студенттер сабақ барысында кәсіпкерліктің дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеріп, өздерінің жобаларын іске асыруда жұмыс орнын қалыптастыра алса болғаны.

Бұл үшін университетте «Теплица» курсы жасалынып, енгізілген. Университет мөлшерін саралай отырып, студенттердің бастамасын қаржыландырады, оларға тәуекелге бара отырып сәтті нәтижеге жетуге қолдау білдіреді.

Жобалар жүзеге аспай қалған күнде де бұл студенттердің болашақта жобалармен жұмыс істеуіне үлкен ізденіс болады. Мұндай жағдайда университет барлық қаржылық қолдауды өз мойнына алады. Оқу курсы мен тәжірибе жұмысының араласуы қазақстандық делегацияның қызығушылығын тудырды. Америкалық әріптестер алда ҚазҰУ-ға арнайы келіп, тәжірибелерімен бөлісетіндіктерін жеткізді.

Кәсіпорындар, ғалымдар мен үкіметпен инновациялық жобалар мен ғылыми жұмыстарды коммерциализациялауда серіктестікті орнату механизмі жайлы профессор Джек Маккорти баяндады.

Өз кезегінде Колумбия университетінң профессорлары тарапынан ҚазҰУ ұсынған «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 инновация» жобасы зор қызығушылық байқатты. Бұл жоба нано- және биотехнология, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, медицина, ақпараттық технологиялар және т.б. салалар бойынша жаңа технологиялар алуға бағытталған.


14.11.2011 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Колумбиялық университет (АҚШ) арасында өзара әріптестік меморандумына қол қойылды

Әріптестік кеңістігін кеңейтетін бұл құнды құжатқа қол қою рәсімі 10 қараша күні ҚазҰУ делегаттарының іс-сапары барысында іске асты.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Колумбиялық университетінің профессоры, Жер институтының директоры Джефри Сакспен кездесті. Кездесу барысында Ғ.Мұтанов университеттің ғылым-білім, инновациялық қызметі туралы, әсіресе, ҚазҰУ зерттеу университеті бағытына бет бұрып отырғандығы туралы айтты. Джефри Саксқа «Біз зерттеу университетін жасаудағы ең үздік тәжірибелерді алмақпыз. Колумбиялық университетінің көп жылғы тәжірибесі біз үшін өте маңызды әрі қымбатты. Өзара тиімді әріптестігімізді арттыруда солармен танысу бізге өз септігін тигізеді деп ойлаймын», - деп атап өтті Ғ.Мұтанов.