- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
27.08.2011 Шет тілін үйретудің мобильдік оқытуын енгізуге байланысты халықаралық семинар өтті
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22-27 тамыз аралығында шет тілін үйретудің мобильдік оқытуын енгізуге байланысты Халықаралық семинар өтті.
Семинарда «So To Speak AB» Халықаралық компаниясының директоры, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің авторы, полиглот, аудиокурстардың және шет тілін оқытудың авторы, еңбегі интернет желісінде компакт-дисктермен таратылған маман Карл-Сверре Хофсо және электронды оқытуды дамыту ҚБҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, мультиплатформалар құрастырушысы, тіл курстарын ұялы телефондармен оқытумен қамтамасыз еткен Фуад Джаззар қатысушыларға тақырыптық дәрістер оқыды.
Семинарға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шет тілдері пәнінің оқытушылары және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және қазақстандық басқа да жоғары оқу орындарының мамандары, халықаралық сарапшылар мен лекторлар қатысты.
27.08.2011 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Корё университеті медицина-биологиялық кластер жобасын іске асыруды қолға алды
Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак Қазақстанға келген іс-сапары кезінде Астана қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Корё университетінің медициналық орталығымен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан тарапынан келісім-шартқа ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, ал Корея жағынан – президент Сон Чанг Сонг қол қойды.
26.08.2011 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші курс студенттерін қарсы алды
Қазақстанның үздік университеті - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 5000 жаңа студенттерге есік ашты. Олардың арасындағы көпшілігі «Алтын белгi» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалар, ғылыми байқау мен жобалардың жеңімпаздары.
25.08.2011 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттік құрылыс жасағы жұмыс маусымын қорытындылады
1 маусым мен 25 тамыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттік құрылыс жасақтары маусымдық еңбек жұмысын атқарды. 22 тамызда СҚЖ-ның маусымдық жұмысы қорытындыланып, белсенділер басшылық тарапынан марапатталды.
«Сұңқар» Студенттер кәсіподағы құрылыс жасағында үздік жұмыс жасаған 30 жасаққа Ыстық көлдегі «Бостері» сауықтыру лагеріне демалу үшін жолдама ұсынды. Жасақтар арасынан 1,2,3 орын иегерлері анықталды. Сондай-ақ бір «Ең үздік командир»және үш «Ең үздік жауынгер» марапатталды. Жеңімпаздар университеттің Ғылыми кеңесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың қолынан диплом иеленді. СҚЖ-да белсенділік танытқан басқа да жасақтарға Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Ерболқызы арнайы дипломдар табыс етті.
Университеттің барлық факультетінен құралған жасақ саны биыл 120. Оның 95-і ұл, ал 25-і қыз бала. Олар жұмыс маусымы барысында университет тарапынан үш уақыт тегін тамақпен, арнайы киім формасымен қамтамасыз етіліп, жатақханада тегін тұрды. СҚЖ студентінің айлық жалақысы орта есеппен 35000 теңгені құрады.
24.08.2011 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңа оқу жылын жаңа бағдарламамен бастайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде толық жаңғырту үдерісі жүріп жатыр. Биылғы оқу жылына ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетінің үлгісін толықтай жасап болдық деуге болады. Мұндай жаңғыруды жүзеге асырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңа оқу жылын жаңа оқу бағдарламасымен бастамақ. Аталмыш өзгерістер бүгін өткен ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының тамыз кеңесінде айтылды.
- Биыл Елбасы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында әлеуметтік жаңғыруды қоғам алдындағы үлкен мақсат ретінде қойды. Осы бағытта жоғары оқы орындарының орны ерекше. Университеттер қаншалықты білімді, толыққанды бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын болса, соған байланысты қоғамымыз дамиды. Биылдан бастап біз әлемдік негізге сүйене отырып, барлық оқу бағдарламаларын өзгерттік. Басты мақсат - түлектер университет қабырғасынан шыққан кезде бәсекеге қабілетті болуы керек. Мұның бәрі олар жұмыс іздеп жүрмей, өздері жұмыс орнын жасасын деген бағытта атқарылып жатыр, - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы.
23.08.2011 Қазақстанның Ұлттық Банкі «ӘЛ-ФАРАБИ» ескерткіш алтын монетасын айналысқа шығарды
Қазақстанның Ұлттық Банкі «Банкноталардағы портреттер» монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теңгелік «ӘЛ-ФАРАБИ» ескерткіш алтын монетасын айналысқа шығарды, деп хабарлады банктің Баспасөз қызметі.
«ӘЛ-ФАРАБИ» монетасының бет жағындағы ортылық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы белгіленген.
23.08.2011 ҚазҰУ-да 1500 оқытушы қатысатын тамыздық мәжіліс өтеді
24 тамыз күні сағат 10.00 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор-оқытушы құрамының тамыздық мәжілісі өтеді. 1500 оқытушы қатысатын бұл мәжілісті өткізу университет үшін өте маңызды, осы мәжіліске биыл алғаш рет мектеп директорлары, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Алматы қаласы аудан әкімдері қатысады.
ЖОО-ын басқаруда жаңа шешімдерді талап ететін, Мемлекет басшысы қойып отырған бiлiм жүйесін жаңғырту міндеттері ең бірінші кезекте тұр. Осыған орай, жиналыста университеттің барлық қызметін қамтыған ҚазҰУ-дың зерттеу университетіне айналуы турасындағы сұрақтар қаралады.
23.08.2011 ҚазҰУ-да бірінші рет ашық түрде кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындау байқауы өтті
22 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректорат мәжілісінде кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындау байқауының нәтижесі жарияланды. Байқаудың өтетіндігі туралы университеттің «Қазақ университеті» газетінде және «Казахстанская правда» басылымында жарияланған болатын. Байқауға қатысуға өтініш білдіргендердің арасында барлық қойылған талаптарға сай келген 120-дан астам үміткер байқауға қатысқан. Нәтижесінде университеттегі кафедра меңгерушілерінің саны 63-ті құрады. Орташа жас мөлшері 51 жасқа сай келеді.
Бүгінгі Ректорат мәжілісінде байқау нәтижесі жарияланып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры мен кафедра меңгерушілері жұмыс келісім-шартына қол қойды.
22.08.2011 Ұлттық зерттеу университетінде дәріс ағылшын тілінде оқылады
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шет тілін үйретудің мобильдік оқытуын енгізуге байланысты Халықаралық семинар өз жұмысын бастады.
Семинар Қазақстандағы «Nokia» компаниясының қаржылай қолдауымен, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен электронды оқытуды дамыту қоғамдық білім қорының (Қазақстан) ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Университеттің Экономика және бизнес жоғары мектебінде өтіп жатқан семинар жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шет тілдері пәнінің оқытушылары және қазақстандық басқа да жоғары оқу орындарының мамандары, халықаралық сарапшылар мен лекторлар қатысуда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев семинардың алғы сөзін сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
19.08.2011 22 тамызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шет тілін үйретудің мобильдік оқытуын енгізуге байланысты Халықаралық семинар өз жұмысын бастайды
Семинар Қазақстандағы «Nokia» компаниясының қаржылай қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, электронды оқытуды дамыту қоғамдық білім қоры (Қазақстан) ұйымдастырылып отыр. Семинардың ашылуы сағат 9.00-де Экономика және бизнес жоғары мектебінің 201 аудиториясында өтеді.
Семинар жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы шет тілдері пәнінің оқытушылары және қазақстандық басқа да жоғары оқу орындарының мамандары, халықаралық сарапшылар мен лекторлар қатысады. Семинарда «So To Speak AB» Халықаралық компаниясының директоры, ағылшын тілін оқытудың әдістемесінің авторы, полиглот, аудиокурстардың және шет тілін оқытудың авторы, еңбегі интернет желісінде компакт-дисктермен таратылған маман Карл-Сверре Хофсо баяндама оқиды.
Сондай-ақ семинарға электронды оқытуды дамыту ҚБҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, мультиплатформалар құрастырушысы, тіл курстарын оұялы телефондармен оқытумен қамтамасыз еткен Фуад Джаззар да қатысады.
Семинар 27 тамызға дейін жалғасады..