- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
15.07.2011 Көпсалалаы жоғары оқу орындары арасында 2011 жылдың рейтингісінде ҚазҰУ бірінші орында
Бiлiм берудегі сапамен қамтамасыз ету қазақстандық тәуелсіз агенттігі республикалық жалпыұлттық «Казахстанская правда» газетінде (№220-221, 15.07.2011ж.) 2011 жылдағы ең үздік жоғарғы оқу орындарының тізімін жариялады. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «көпсалалы жоғарғы оқу орны» тізімінде бірінші орынға ие болды. Агенттіктің ғылыми жетекшісі Шолпан Қаланова, бұл рейтингтің академиялық көрсеткіштер мен мамандар мен жұмыс берушілерге жүргізілген сауалнама негізінде жасалғандығын айтты.
Осы жылы өз мәлiметтерiн көрсеткен ЖОО-дар саны едәуiр кеңейді. «Егер 2010 жылы тек 67 ЖОО өз мәлiметтерiн дайынса, бiз өзге мәлiметтi ҚР БжҒМ алдық, ал биыл 84 ЖОО мәлімет ұсынд, сондай-ақ агенттік өз зерттеуімен 134 азаматтық ЖОО қамтыды,- деп хабарлады.
13.07.2011 ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері Қытай Компартиясының делагаттарымен кездесті
13 шiлде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi оқытушылары және студенттерінің Қытай коммунистiк партиясының (ҚКП) делегациясымен кездесуi өттi. Келген делегаттар құрамында Қытай коммунистiк партиясы Орталық Комитеті (ОК) партиялық жұмыс зерттеу канцелариясының бас хатшысы Чжан Шуцзюнь, Пекин университетінің профессоры Пай Вэй және халықаралық байланыс бөлімінің маманы қатысты.
12.07.2011 Қабылдау комиссиясының жұмысы қаралды
11 шілде күні кезекті ректорат мәжілісі өтті. Қаралған басты тақырыптардың бірі қабылдау комиссиясының бүгінге дейінгі жұмыс барысы. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы М. Ауғанның есебі тыңдалды. 2010-2011 жылдардағы бакалавриат, магистратура және докторантураға тапсырушылар саны салыстырмалы түрде қаралып, «Алтын белгі», ҚазҰУ тарапынан жасалып отырған жеңілдіктермен тапсырып үлгерген абитуриенттердің жалпы саны көрсетілді.
11.07.2011 ҚазҰУ-дың Ыстықкөл жағалауындағы спорттық-сауықтыру лагерінде куратор-эдвайзерлерге арналған семинар-тренинг өтті
8-10 шілде аралығында ҚазҰУ-дың Ыстықкөл жағалауындағы спорттық-сауықтыру лагерінде куратор-эдвайзерлерге арналған семинар-тренинг өткізілді. ҚазҰУ-дың спорттық-сауықтыру лагеріне ҚазҰУ-дың барлығы 56 куратор-эдвайзер мен 100 студент барып демалды. Бұл демалыс аясында арнайы семинар-тренингтер өткізілді. Семинарды Айгүл Ілясова (психолог) мен Ұлмекен Төлешова жүргізді. Семинар ең бірінші танысудан басталып, студенттерге тек сабақ барысында пайдаланылатын шеберлік сағаттары айтылмай, семинар-тренинг барысында куратор-эдвайзерлердің өздері қызығушылық танытып, студентке өз ойын жеткізу жайында бір-бірімен тәжірибе алмасты.
07.07.2011 ҚазҰУ-да «Қазақстандық жоғары оқу орындарының интернационализациялануы және университеттердің халықаралық рейтингі» атты Халықаралық семинары өтуде
7 шілде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстандық жоғары оқу орындарының интернационализациялануы және университеттердің халықаралық рейтингі» атты халықаралық семинар өтуде. Бұл семинарға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов, Варшаваның қоғамдық және гуманитарлы ғылымдар мектебінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша проректоры, профессор, Бавес-Боляй университетінің еуропатану факультетінің профессоры (Клуж-Напока, Румыния) Ян Садлак, QS, QS Intelligence тобының ғылыми жетекшісі Бен Соутер, Британдық Кеңес, Қазақстандағы Британдық Темпус кеңсесінің, ҚазҰУ мен өзге де ЖОО өкілдері болды. Семинардың басты мақсаты - білім берудің интернационализациялануындағы әлемдік тәжірибеге сараптама жасау және талдап қорыту, халықаралық байланыс саласындағы мамандардың біліктілігін және кәсіби дайындығын арттыру.
05.07.2011 Ректорат мәжілісінде ҚазҰУ-ды дамытуға арналған іс-шаралар жоспары тыңдалды
4 шілде күнгі ректорат мәжілісінде іс-шаралар жоспарлары бойынша ҚазҰУ проректорлары баяндама жасады. Бірінші проректор Мұқамбетқали Бүркітбаев халықаралық агенттіктерде ҚазҰУ рейтінгісін жоғарылату мен басқару жүйесін жетілдіруге кеңінен тоқталды. ҚазҰУ-дың әлемдік білім кеңістігінде академиялық танымалдылығын жоғарылату, халықаралық білім мәселесіне арналған көрмелерге үнемі қатысу және басқару нәтижеге байланысты екендігін айтып, университет дамуындағы стратегиялық бағытты үшке бөліп қарастырып, жауапты тұлғалар мен орындалу мерзімін атап көрсетті.
04.07.2011 200 студент әскери ант қабылдады
3 шілде күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери дайындықтың толық курсын өткен 200 студент әскери ант қабылды.
02.07.2011 ҚазҰУ мен “Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық холдингі” және физико-техникалық институт арасында ғылым саласындағы әріптестікті нығайту келісім-шартына қол қойылды
2 шілде күні ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов АҚ “Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық холдингі” және физико-техникалық институт өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында алдағы уақытта біріге жұмыс істеу бағыттары талқыланып, ғылым мен жоғарғы білім саласындағы әріптестікті нығайту келісім-шартына қол қойылды.
02.07.2011 ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» («Глобальная энергоэкологическая стратегия устойчивого развития в XXI веке») атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
2 шілде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандықэнергоэкологиялық стратегиясы» («Глобальная энергоэкологическая стратегия устойчивого развития в XXI веке») атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Н.Назарбаевтың кітабында қазіргі заманғы жаһандану үдерісіндегі энергоэкологиялық мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.
Басылымның алғы сөзінде «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы – оның бұған дейінгі жарық көрген «Жаһандық қоғамдастықты түбегейлі жаңартудың стратегиясы және өркениетті әріптестік» атты еңбегіндегі дүние жүзі мен ЕурАзЭҚ елдерінің жаһандық энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін дамыту мәселелерін теориялық әрі методологиялық зерттеу циклының қорытындысы болып табылады» деп жазылған.
29.06.2011 ҚазҰУ мен Мокпо (Корея) ұлттық университеті арасында әріптестік пен келісім-шартқа қол қойылды
29 маусымда ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Мокпо ұлттық университетінің делегациясымен (Оңтүстік Корея) кездесті. Университет президенті - Ко Сеок Кью. Кездесу барысында екіжақты білім, ғылым мәселелері талқыланып, әріптестік пен академиялық алмасу жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды.
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов қабылдаған делегация құрамында университет ғалымдары, Алматыдағы Корея Республикасының дипломатиялық міндетін атқарушы өкілдері бар. Кездесуде ректор ҚазҰУ-дың жеткен жетістіктері мен даму келешегі туралы бөлісті. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу университетіне айналу барысында әлемдік университеттермен академиялық алмасу іске асатынын айтты.
«Білім және ғылым министрлігінен шетелдік ғалымдарды шақырылып, дәріс оқуларына және біріге зерттеу жобаларын жасауға қаржы бөлініп отыр», - деді Ғ.Мұтанов.