Жаңалықтар

«Орталық Азия» жазғы мектебі басталды

01.06.2019

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында «Орталық Азия» халықаралық жазғы мектебі өз жұмысын бастады.

Шараға Швецария Цюрих университетінің профессоры, мәдени антрополог Петер Финкенің бастауымен 51 адам қатысуда. Жазғы мектеп аясында Азия халықтарының мәдениеті, тарихы, тілі, антропологиясы бойынша профессор Петер Финке дәріс оқыды. Кезекте қазіргі Қытайды зерттеу орталығының директоры Нәбижан Мұқаметханұлы «Қытай және Орталық Азия» атты дәрісі барысында Қытай мен Орта Азия байланыстарының ерте ғасырдан бүгінгі заманауи кезеңге дейінгі даму тарихы, болашақ перспективалары және шетелдік әріптестердің Қазақстанға ықпалы бойынша бірқатар сауалдарға жауап берді. Халықаралық жазғы мектеп тыңдаушыларының мәдени бағдарламалары Хоргос Қытай және Қазақстан шекарааралық ынтымақтастық халықаралық орталығында, Ташкент, Бұхара, Самарқанд, Бишкек және Уланбатор қалаларындағы тарихи мәдени ескерткіштерінде жалғасады. Халықаралық жазғы мектеп жұмысы 10 маусымға дейін жалғасатын болады.

www.kaznu.kz