6B03106 Бакалавриат

Саясаттану

Факультет:Философия және саясаттану
Код:6B03106
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)85
ФакультетФилософия және саясаттану
ID1363

Бағдарлама туралы

Саяси процестерді талдауға және болжауға қабілетті мамандарды даярлау. Бағдарлама мемлекеттік басқару саласында жұмыс істеуге, азаматтық қоғам институттарында сарапшы және кеңесші, сайлау кампанияларында саяситехнолог болуға мүмкіндік береді.

Түлек моделі

1.Заманауи саяси ғылымның негізгі ұғымдарын, идеяларын, теориялары мен әдістерін, сондай-ақ эволюцияның негізгі бағыттары мен ғылымның даму заңдылықтарын түсіндіру;
2.Биліктің, мемлекеттік-әкімшілік басқарудың негізгі теорияларын, қоғамдағы билік қатынастарының жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндіру;
3.Саяси ғылымда зерттеу әдістерін, ақпаратты өз бетінше іздеу, өңдеу және талдау, кәсіби міндеттерді шешуде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру;
4.Заманауи саяси жүйелерді, саяси мәдениеттерді, шет елдердегі саяси процестердің дамуын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру;
5.Саяси қызмет жүзеге асырылатын институттар қызметінің тиімділігін анықтау;
6.Нақты саяси нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған саяси-коммуникациялық науқандарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу тетіктерін, саяси жарнама, саяси маркетинг; саяси кеңес беру, қоғаммен байланысты басқару, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау технологияларын айқындау;
7.Саяси пікірлерді қабылдау үшін талдамалық жазбаларды, инновациялық жобаларды дайындауға бағытталған қолданбалы саяси зерттеу әдістемесі мен бағдарламасын әзірлеу;
8.Саяси жағдайдың мониторингі мен диагностикасына, елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының саяси сценарийлері мен баламаларын әзірлеуге қатысу;
9.Мемлекеттік билік органдарында, саяси партияларда, қоғамдық бірлестіктерде, жастар ұйымдарында және тиімді басқару дағдыларын талап ететін басқа да құрылымдарда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау;
10.Саяси оқиғаларды медиалық жария етудің ерекшеліктерін, ішкі саяси және халықаралық саяси күн тәртібін сараптамалық бағалау, саяси, экономикалық, экологиялық және т.б. тәуекелдер мен қауіптерді анықтау әдістерін меңгеру;
11.Көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін саяси шешімдерді әзірлеуге және қабылдауға арналған мәтіндерді, талдамалық құжаттарды (ақпараттық-жедел, талдамалық-болжамды, ақпараттық-түсіндіру) дайындау;
12.Ел бірлігі мен ынтымағын нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында кәсіби ортада қарым-қатынас дағдыларын, білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін өз бетінше әр түрлі салаларда білім алу және біліктілігін арттыру қабілеттерін дамыту.

Байланыс

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы
8 (727) 3773333 (вн.1756)
e-mail: politology.kaznu@mail.ru

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)