- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Мәдениеттану
Мәдениеттану
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. Мәдениетті зерттеу әдістерін, философия, мәдениет тарихы мен теориясының қағидаларын түсінетіндігін көрсете отырып, әлемдік мәдениет пен өркениеттің даму тарихын, олардың мәдени генезисі мен құндылықтардың алуан түрлілігін сыни тұрғыдан талдау.
2. Жетекші мәдениет мектептері мен концепциялардың теориялық және әдістемелік базасын, негізгі ұғымдарын, қағидаларын, терминдерін, мәселелерін, жәдігерлері мен заңдылықтарын қорыта пайдалану.
3. Еуразиялық және әлемдік тарихи үдеріс контекстінде қазақстандық даму моделінің табысты факторларын анықтау үшін түркі өркениетінің, көшпелі, дәстүрлі және қазіргі қазақ мәдениетінің, оның қалыптасуына ықпал еткен тұлғалардың еңбектеріне сүйене, ерекшеліктерін бағалау
4. Этнокультурология мен мәдени антропология, экология және семиотика негіздерін білу арқылы зерттеулер жүргізу
5. Модерн мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін және қазіргі мәдениеттің негізгі тенденциялары мен динамикасын бағалай алу
6. Гендерлік, феминистік мәдениеттанудағы теориялық, әдіснамалық көзқарастардың және гендерлік саясат қағидаттарына сүйене отырып гендерлік теңдіктің бұзылу фактілеріне объективті баға беру;
7. Заманауи кино өнімдеріне салыстырмалы және сыни талдау жасау
8. Фольклор, көркем және қолданбалы өнер туындыларының эстетикалық ерекшеліктерін бағалау.
9. Мәдени саясаттың принциптеріне негізделе отандық және заманауи батыс мәдениетіндегі субмәдениеттердің қалыптасуына, мәдениеттің динамикасындағы жастар мен маргиналдық факторына мониторинг өткізу.
10. Жаһандану жағдайындағы медиа-коммуникация мен мәдени диффузия мәселелерін айқындау.
11. Теориялық білімге сүйене отырып, бұқаралық, күнделікті және корпоративтік мәдениетті бағалап ұйымдастыру.
12. Мемлекеттің мәдени саясатын, әлемдік және отандық мәдени мұраларды сақтау жұмыстарын жүргізудегі тәжірибесі мен қабылданған ресми құжаттарды біліп қолдану.
13. Мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру және жобалау негіздерін, қаржылық сауаттылық негіздерін және бизнестегі сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық негіздерін білу
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген