6B02203 Бакалавриат

Дінтану

Факультет:Философия және саясаттану
Код:6B02203
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)80
ФакультетФилософия және саясаттану
ID1375

Бағдарлама туралы

Тіл білімі мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дін саласындағы ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық, басқарушылық және сараптамалық-талдау қызметін жүргізуде теориялық білімі мен кәсіби дағдылары бар дінтанушы мамандарды сапалы даярлау.

Түлек моделі

1.Діндер тарихы, дінтанулық теориялар, әдіснамалық негіздер мен дінтанудағы кәсіби терминологиялар туралы білімдерін қалыптастырады;
2.Әлемдік, ұлттық, дәстүрлі және жаңа діни қозғалыстар мен культтердің ерекшеліктерін сипаттай отырып, олардың философиялық, әлеуметтанулық, психологиялық және феноменоменологиялық аспектілеріне талдау жасайды;
3.Ғылыми зерттеулерде, қасиетті жазбалар мен мәтіндерді түпнұсқа тілде түсіндіруде, сондай-ақ көптілді және көпмәдениетті қоғамдағы коммуникация мәселелерін шешуде лингвистикалық әдістер мен әдіснамаларды қолданады;
4.Діннің мәдени жүйедегі орнын және оның адам мен қоғам өміріндегі қызметін зерттейді;
5.Діни және дінтанулық мәселелерді зерттеу барысында ғылыми (семиотикалық, нарративтік, далалық зерттеулер және т.б.) әдістерді пайдалана алады;
6.Қазақ ойшылдарының, ислам және христиандық теологияның әртүрлі мектептерінің діни сенім ұстаным мәселелерін, олардың тарихын, дін мен дәстүрге байланысты негізгі қағидалары мен ерекшеліктерін, этикалық, эстетикалық және семиотикалық құндылықтарын, әртүрлі діни және конфессиялық дәстүрлерге төзімділік қағидаттарына талдау жасайды;
7.Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын құқықтық актілерді, дін және конфессияаралық қатынастардағы заңнаманы игеріп, аргументтей алады;
8.Ғылыми мәліметтерді жинақтау, талдау және көпшілік алдында сөйлеу, риторикалық дәлелдеу және объективтік тұрғыдан жазбаша баяндау дағдыларын біліктілік жұмысының әдістемесін пайдалана отырып, сараптамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыра алады;
9.Отандық және шетелдік дінтанудың даму ерекшеліктеріне салыстырмалы түрде талдау жасайды;
10.Кәсiпкерлiк, қаржылық сауаттылық, кәсiптiк қызметтiң стандартты мәселелерiн шешу, экология және адам қауiпсiздiгi дағдыларын меңгереді.

Байланыс

Дүйсенбі Динара Темірбайқызы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы:
+7 708 804 7330

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)