6B02201 Бакалавриат

Философия

Факультет:Философия және саясаттану
Код:6B02201
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)80
ФакультетФилософия және саясаттану
ID1398

Бағдарлама туралы

Философиялық білімнің белгілі бір саласында мамандану мүмкіндігі бар, кәсіби қызметте классикалық және қазіргі заманғы философия мен әдіснама саласындағы базалық білімді еркін түсіндіруге, шығармашылықпен пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер және т.б. ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің (қорлар, орталықтар және т.б.) философия салаларында ғылыми-зерттеу, инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік қызметті жүргізуге қабілетті гуманитарлық білімнің «бакалавры» академиялық дәрежесін беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Түлек моделі

1.Логика, онтология және таным теориясы, әлеуметтік философия, шетелдік және отандық философия тарихы, этика, эстетика, философиялық антропология саласындағы базалық білімді кәсіби қызметте тұрғыдан пайдалану
2.Қазіргі философия әдіснамасы тұрғысынан әлеуметтік-мәдени үдерістер мен құбылыстарды ғылыми және күнделікті дүниенің бейнесі ретінде сипаттау
3.Философияның пәні мен оның адамзат мәдениеті тарихындағы рөлін рухани өмірдің өзге формаларымен (дін, ғылым, өнер және т.б.) салғастырып анықтау
4.Табиғатпен қоғамның дамуын және қазіргі заманғы қоғамның рухани өмірін және әлеуметтік үрдістерді философиялық түсініктер негізінде бағалау
5.Әлеуметтік-мәдени және тарихи фактілерді философияның метатілімен интерпретациялау
6.Қазіргі қоғам дамуының өзекті мәселелерін талдау және нәтижелерін ғылыми мақалалар форматында және қосымша ғылыми жанрларда (шолулар, аннотациялар, библиографиялық көрсеткіштер және т.б.) ұсыну
7.Кітапхана қорлары, ақпараттық қамтамасыз етудің компьютерлік жүйелері, мерзімді баспасөз арқылы ақпаратты іздеуді жүзеге асыра отырып, өндірістік міндеттерді тұжырымдау және мәтіндік ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу
8.Қазіргі әлемдегі адам мәселелерін, әлемдік және қазақстандық мәдениеттің құндылықтарын білу және түсіну негізінде мәдениетаралық диалог құру
9.Ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары, сондай-ақ ғылыми коммуникация саясатын іске асыру аясында өзінің кәсіби қызметін жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыру
10.Дербестігі жоғары жүйелі әлеуметтік талдау қағидалары негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау
11.Логикалық ойлау, дәлелдеу теориясы мен практикасы қағидалары негізінде ғылыми нәтижелер жүйесін негіздеу және оларды ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа таныстыру, ғылыми пікірталастарда қорғау
12.Логикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеруге, ғылыми мәтіндермен және олардағы мағыналық құрылымдармен жұмыс істей білуге негізделген философия саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру және кәсіби қызметте ғылыми-әдістемелік және оқу-тәрбие жұмысының негізгі қағидаларын қолдану

Байланыс

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ, ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
Масаншы көшесі, 39/47, 4 OК, №413 кабинет
Байланыс телефондары: + (727) 377 33 33 (2129)
Е-mail: kuranbek.aset@edu.kaznu.kz

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)