6B07104 Бакалавриат

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Факультет:Химия және химиялық технология
Код:6B07104
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетХимия және химиялық технология
ID1409

Бағдарлама туралы

Білім бағдарламасының мақсаты органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында жалпы қабылданған заңдар мен химияның іргелі бөлімдерінің теориясы, сондай-ақ органикалық заттар мен материалдарды жасаудың бар және дәлелденген технологиялары негізінде кәсіби мәселелерді шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Түлек моделі

1.Технологиялық сатыларды жетілдіру мақсатында тұтас органикалық өнімдер мен шикізаттарды талдау, бақылауда қоланылатын химиялық және химия-технологиялық зерттеу әдістерін жүйелеу;
2. Маман ретінде, маман болмаған жағдайда да химик-технологтың кәсіби қызметіне байланысты мәселелерді, ойларды және ақпаратты хабарлау;
3. Органикалық заттар мен материалдар өндірісі бойынша мекеменің техникалық, технологиялық және жобалалық құрастырушы құжаттарын талдау;
4. Кәсіби міндеттер қойылған жағдайдағы құрамы, молекула құрылысы, жүйе құрамы белгілі органикалық заттарды алудың оптимальді тәсілдерін таңдау;
5. Органикалық заттардың құрылысы мен химиялық қасиеттері, молекула құрылысы, химиялық байланыс түрлері, химияның іргелі бөлімдері мен заңдылықтары, негізгі принциптеріне сүйеніп химиялық реакцияның жүру жүру жағдайы мен жүйенің құрамы арасындағы өзара байланысты анықтау;
6. Органикалық заттар мен материалдар өндірісі үшін қондырғылар мен химиялық-технологиялық үрдістерді моделдеу және инженерлік есептеулер жүргізу;
7. Өндірістегі шикізат, аралық өнім және дайын өнімдердің сапасын бақылау және талдауды ұйымдастыру;
8. Кәсіби міндеттер қойылған жағдайдағы құрамы, молекула құрылысы, жүйе құрамы белгілі органикалық заттар мен материалдарды алу;
9. Органикалық заттар мен материалдар өндірісі үшін техникалық және жобалық-құрастырушы құжаттарды, химиялық-технологиялық үрдістердегі инженерлік есептеу құжаттарын меңгергендігін көрсете білу;
10. Шикізат пен тұтас органикалық өнімді бақылау және талдау үшін химиялық және химиялық-технологялық үрдістерді зерттеу әдістерін қолдану;
11. Кәсіби міндеттер қойылған жағдайдағы тұтас органикалық өнімнің сапасы мен эффективтілігін арттыру үшін технологиялық үрдістерді модификациялау;
12. Органикалық заттар мен материалдар өндірісінің жеке сатыларын жетілдірудің технологиялық шешімдерін ұсыну.

Байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71 Бажыкова Кульзада Бегалиновна, E-mail: bazhikova@bk.ru, Байланыс тел. +7 777-2943867

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)