6B07102 Бакалавриат

Химиялық инженерия

Факультет:Химия және химиялық технология
Код:6B07102
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетХимия және химиялық технология
ID1418

Бағдарлама туралы

Химия, мұнай-химия, фармацевтика, тамақ және өнеркәсіптің басқа да аралас салаларының өнімдерін өндіру салалары, аналитикалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханалары үшін сапалы бакалавларды дайындау.

Түлек моделі

1. Заманауи химиялық, мұнай-химия, электрхимиялық, биохимиялық және басқа да аралас технологиялар негізінде жатқан жаратылыстану және инженерлік ғылымдарының принциптері мен заңдарын тұжырымдау;
2. Химиялық инженерияның заманауи бағыттарында қолданылатын технологиялық процестердің, жабдықтардың, бағдарламалық құралдар мен регламенттердің принциптері мен ерекшеліктерін түсіндіру;
3. Химиялық-технологиялық процестердің техникалық және конструкторлық құжаттамасын, заттар мен материалдарды алудың және өңдеудің технологиялық сызбаларын түсіндіру;
4. Кең таралған заттар мен материалдарды алудың технологиялық процестердің негізгі сипаттамаларын термодинамика, кинетика, масса - және жылуалмасу, материалдық және энергетикалық баланстарының іргелі заңдарының негізінде талдау;үдерістерді басқару мен сүйемелдеуді жүзеге асыру;
5. Әр түрлі заттар мен материалдардың химиялық, физикалық және механикалық қасиеттерін болжауды, бағалауды және диагностикалауды жүргізу;
6. Химиялық заттар мен материалдарды алудың берілген технологиялық процестері үшін жабдықтарды пайдаланудың оңтайлы параметрлерін таңдау;мен заңдарын тұжырымдау;
7. Бастапқы шикізат пен дайын өнімді аналитикалық бақылау, химиялық инженерияның объектілері мен өнімдерінің халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
8. Алынатын өнімнің түріне және қолданбалы міндеттерге сәйкес оларды оңтайландыру мақсатында химиялық инженерия процестерін моделдеу;
9. Бәсекеге қабілетті өнім алу, оны дайындауға арналған материалдық және еңбек шығындарын қысқарту мақсатында технологиялық процестерді сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асыру;
10. Инженерлік графика стандарттарын қолдануымен технологиялық схемалар мен конструкторлық құжаттаманы құру;
11. Химиялық заттар мен материалдарды алудың және өңдеудің жаңа технологиялық процестерін игеру, сондай-ақ химиялық инженерияның қолданбалы міндеттерін шешу үшін тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау;
12. Технологиялық және инженерлік міндеттерді шешу үшін командалық жоба жұмыстарына қатысу.

Байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71 Исмаилова Акмарал Газизовна, E-mail: Akmaral.Ismailova@kaznu.edu.kz, Байланыс тел. +77772716327

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)