6B05302 Бакалавриат

Киберфизика

Факультет:Физика-техникалық
Код:6B05302
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетФизика-техникалық
ID1432

Бағдарлама туралы

Физика мен кибернетиканың соңғы жетістіктерінің түйіскен көпбейінді салаларда мәселелерді шешуде кешенді және жүйелі көзқарасты талап ететін пәнаралық есептерді шешуге бағытталған, инновацияларды енгізудің жоғары деңгейіне жеткен кәсіпорындар мен өндірістік компанияларда жұмыс істеу үшін талап етілетін білімі мен құзыреттері бар, инновациялық консалтингтік қызметтерді ұсынатын компанияларда және ғылыми-зерттеу ұйымдарында жоғары технологиялық әзірлемелер жасауға қабілетті киберфизика саласындағы мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету

Түлек моделі

ON 1. Физиканың іргелі заңдарын және олардың қолданылу саласын терең түсіну негізінде процестер мен құбылыстарға жан-жақты талдау жүргізу;
ON 2. Физикалық процестер мен жүйелердің компьютерлік моделін таңдау және құру, сондай-ақ алынған нәтижелердің визуализациялау құралдарын пайдалану;
ON 3. Қазіргі іргелі физикалық принциптер мен заңдар шеңберінде аналитикалық есептерді орындау, сондай-ақ оларды стандартты емес есептерді шешу үшін білікті қолдану;
ON 4. Қазіргі заманғы есептеу жүйелері мен желілерінің аппараттық-бағдарламалық кешені мен сәулет үлгілерінің нарығына талдау жүргізу;
ON 5. Киберфизика саласындағы стандартты және зерттеу есептерін шешу үшін қазіргі заманғы математикалық аппаратты және жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерін қолдану;
ON 6. Физикалық процестерді түсіну негізінде күрделілік дәрежесі әртүрлі жүйеге есептеуіш ресурстарын білікті біріктіру;
ON 7. Физика саласындағы қазіргі заманғы құралдарды меңгеру негізінде зертханалық жұмыстарды және тәжірибелік зерттеулерді орындау, алынған мәліметтерді өңдеу, нәтижелерді талдау және негізделген қорытынды жасау;
ON 8. Гуманитарлық және әлеуметтік салалардың адам өміріндегі маңызын ескере отырып, олардың қызмет ету заңдарын сыни ұғыну негізінде кәсіби, этикалық және экологиялық нормаларды сақтау;
ON 9. Бағдарламалық модульдер деңгейінде бағдарламалық кодты әзірлеуді және баптауды жүзеге асыру, қолданбалы міндеттерді шешу үшін қолданыстағы модульдер мен пакеттерді түрлендіру;
ON 10. Өмір бойы оқыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және жүйелеуді ұйымдастыру;
ON 11. Жоғары өнімді есептерді ұйымдастыру, стандартты емес физикалық есептерді шешу кезінде қазіргі заманғы аппараттық құралдар мен жасанды интеллект әдістерін қолдану;
ON 12. Физикалық жүйелерді автоматтандыру және бақылау, сондай-ақ нақты уақыт режимінде шешімдер қабылдау үшін деректер базасын пайдалануды дамыту стратегиясын әзірлеу;

Байланыс

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71,
12-корпус, Физика-техникалық факультет, 310 каб.
Кафедра меңгерушісі - Коданова Сандуғаш Кулмагамбетовна
Телефон: +7(727)2211553
e-mail: sandugash.kodanova@kaznu.kz

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама

🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!