6B04102 Бакалавриат

Менеджмент

Факультет:Экономика және бизнес жоғары мектебі
Код:6B04102
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетЭкономика және бизнес жоғары мектебі
ID1447

Бағдарлама туралы

Білім беру бағдарламасы коммерциялық ұйымдар, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар үшін отандық және халықаралық кеңістіктерде өндірістік және іскерлік үрдістерді сауатты ұйымдастыруға, ұйымның позициялау стратегиясын құруға қабілетті әр түрлі қызмет салаларын басқару саласында мамандарды даярлау болып табылады.

Түлек моделі

1. Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептер дайындау, статистикалық есептілікті құру және зерттелген әдістер мен құралдар негізінде ұйымның қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар құрастыру.
2. Қаржылық есептілікті және қаржылық болжауды талдау әдістері мен құралдарын қолдану; инвестициялық жобаларды бағалау; шығындарды есептеу және бөлу, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және талдау; ұйымның қызметін бағалау үшін операциялық (өндірістік) қызметті жоспарлауды ұйымдастыру.
3. Макроэкономикалық ортаның жай-күйін, оның өзгеру серпінін, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарға әсерін бағалау мақсатында салалық нарықтардың даму үрдістерін талдау.
4.Өндірістің рентабельділігін, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру бойынша шараларды әзірлеу.
5. Заманауи цифрлық бизнес-аналитика құралдарын пайдалана отырып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу және ұйымның, жобалардың және бизнес-процестердің тиімділігін талдау үшін қажетті бастапқы деректерді, соның ішінде үлкен массивтерді (Big Data) жинау, жүйелеу және өңдеу.
6. Ұйымның корпоративтік, бәсекелестік және функционалдық даму стратегияларын құрастыру; бизнес-процестерді модельдеу және оңтайландыру үшін саланың бәсекелестік деңгейіне талдау жүргізу.
7.Сандық ақпараттық жүйелерден алынған деректерді қоса, қаржылық, бухгалтерлік және басқа ақпаратты талдау және түсіндіру, бизнес-талдау және деректерді визуализациялау құралдарын пайдалана отырып, негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану.
8. Түрлі ұйымдық-құқықтық формада және қызмет салаларында кәсіпорын қызметінің басталуы мен тіркеу процесін регламенттейтін нормативтік - құқықтық базаны, бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру принциптерін қолдану.
9. Нарыққа іргелі және техникалық талдау жүргізу және тәуекелдерді бағалау негізінде компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру.
10.Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру және олардың салдарын түсіндіру, кәсіби қызметтегі адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескере отырып, қызметкерлерді ынталандыру және қызықтыру; іскерлік коммуникацияларды жүзеге асырудың тиімді әдістері мен құралдарын қолдану.
11. Ұйымның бизнес-стратегиясының және операциялық модельінің қажеттілігін ескере отырып, ұйымдық құрылымды, штаттық кестені құру, қызметкерлер мен бөлімшелердің жауапкершілік аймағын анықтау (ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар/лауазымдардың сипаттамасы).
12. Жаңа ұйымдарды құру мен дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлеу үшін маркетингтік зерттеудің әдістерін, статистикалық, экономикалық-математикалық әдістерді таңдау және қолдану (қызмет бағыттары бойынша, инновациялық өнімдер және т.б.).

Байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Менеджмент кафедрасы, 8 (727) 377-33-33 (12-47)

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)