6B05102 Бакалавриат

Биология

Факультет:Биология және биотехнология
Код:6B05102
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетБиология және биотехнология
ID1448

Бағдарлама туралы

Бағдарлама биология саласында практикалық дағдылары, құзыреттілігі бар, ғылыми-зерттеу, табиғатты қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да мекемелерде жұмыс істеуге қабілетті жаратылыстану бакалаврын қалыптастыруға бағытталған.

Түлек моделі

1. Қоршаған ортаның биоалуантүрлілігін сақтаудың негізгі экологиялық заңдылықтарын, олардың даму эволюциясын, Әл-Фараби, Абай ілімдерін, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздерімен әлеуметтік-мәдени даму бағыттарын талдай отырып, әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарын игеру;
2. Биология ғылымының адам мен жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы, жеке даму биологиясы, биохимия, генетика, микробиология, молекулярлық биология, биофизика, экология, ботаника, зоология, биотехнология, экология сияқты негізгі бағыттарынан алған білімін кәсіби қызмет барысында қолдана білу;
3. Ғылыми материалдарды жинауға және дайындауға дағдылану, далалық және эксперименталды зерттеулер нәтижелерін өңдеу;
4. Биологиялық талдаудың микроскопиялық, ботаникалық, зоологиялық, эмбриологиялық, генетикалық, молекулалық-биологиялық, физиологиялық, биофизикалық, экологиялық және басқа түрлерінің әдістерін меңгеру, оларды ғылыми-зерттеуді орындауда қолдану;
5. Биоэтиканың халықаралық талаптары мен принциптеріне сәйкес олардың қызмет ету тетіктерін анықтау мақсатында биологиялық объектілер бойынша ғылыми-зерттеу институттарының зертханаларында эксперименттерді жоспарлау;
6. Биостатистика әдістерін пайдалана отырып, далалық және зертханалық жағдайларда биологиялық материалды жинауды, өңдеуді, түсіндіруді жүзеге асыру;
7. Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, әдебиеттерге шолуды құрастырып жазу, тезистер, баяндамалар жазу, ғылыми конференцияларда, қоғамдық тыңдамаларда зерттеу нәтижелерін баяндау және негізді түрде қорғау;
8. Алынған биологиялық, генетикалық және биотехнологиялық өнімдердің сапасын, қауіпсіздігін және өндірістің GLP ережелеріне сәйкес болуын бағалау;
9. Биологиялық және биотехнологиялық жағдайдағы және басқада зертханаларға экологиялық мәселелерді, ГМО бақылау мәселелерін шешу үшін биообъектілерге мониторинг жүргізу, диагностика, экспертиза жасау;
10. Биомедициналық тәжірибелерде қолдану үшін биохимиялық, молекула-генетикалық, цитологиялық, гистологиялық талдаулар жасау үшін әдістерді меңгеру;
11. Медициналық зертханаларда диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық материалдар (қан, жағынды, биопсия және т.б.) алу;
12. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, одан әрі білім беру жолын және кәсіби мансабын жобалау.

Байланыс

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, Биология және биотехнология факультетінің ғимараты; 527 кабинет, жұмыс тел: +77273773333 (12-12 ішкі)
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна
Тел: +77071104439; e-mail: meruyert.kurmanbayeva@kaznu.edu.kz
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы Құсманғазинов Әділ Болатұлы,
Тел: +77055103787; e-mail: adil.kusmangazinov@kaznu.edu.kz

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)