6B01704 Бакалавриат

Шетел тілі: екі шетел тілі

Факультет:Филология
Код:6B01704
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)100
ФакультетФилология
ID1457

Бағдарлама туралы

Жалпы білім беретін және арнаулы орта оқу орындары үшін шет тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

Түлек моделі

1. Құқық, экология, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және Абай мен әл-Фараби ілімінің идеологиялық негіздерінің тоғысындағы білімін кәсіби қызметінде пайдалана отырып, ұлттық бірегейліктерді қалыптастыру;
2. Ғылыми білімнің формалары мен әдістерін, педагогикалық ғылымның, пәндік саланың және кәсіптің дамуының негізгі бағыттары мен перспективалары жайлы тұтастай түсінікке ие болу;
3. Әлеуметтік-мәдени жағдайды және тұлғаның даму деңгейін ескере отырып, белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту әдістерін қолдана отырып, шет тілі бойынша білім беру процесін жүзеге асыру;
4. Алған білімді ана тілінде және шет тілінде ауызша және жазбаша түрде пратикада қолдану;
5. Шеттілдік білім беру әдістемесін білу негізінде IELTS, TOEFL, DELF, DALF, HSK сертификаттауға дайындайтын курстар үшін жеке бағдарламалар дайындай білу;
6. Оқытылатын тіл елінің салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, әдебиетін, тіл мәдениетін және мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін зерделеу арқылы мәдениетаралық, әлеуметтік-лингвистикалық, тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыру;
7. Оқушының эмоционалдық-құндылық аясын дамыту мақсатында тәрбие жұмысын жобалау;
8. Педагогтердің әртүрлі кәсіптік бірлестіктерінің қызметіне қатысу;
9. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді шешу үшін қажетті жалпы теориялық және кәсіптік пәндердің негіздерін меңгеру;
10. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (Word, Exel, PowerPoint, жасанды интеллект және басқа компьютерлік бағдарламалар) тиімді сабақтар ұйымдастыру барысында, оның ішінде қашықтан оқыту платформаларын да пайдалану;
11. Кәсіби біліктілікті жүйелі түрде арттыруға, тұрақты кәсіби өсуге және жеке қасиеттерін дамытуға ұмтылу;
12. Әріптестермен, басшылықпен және ата-аналармен кәсіби өзара қарым-қатынасты ұйымдастыруды жүзеге асыру.

Байланыс

Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 319
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1270)

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)