Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)80
ФакультетФилология
ID1461
Бағдарлама туралы
Бағдарлама бакалавр деңгейінде Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық базасын меңгерген филолог-зерттеуші, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мемлекеттік тілде іс-жүргізуші, бұқаралық ақпарат құралдарында корректор, редактор, копирайтер, PR-менеджер, интернеттік коммуникация, тіл үйрету орталықтарында қызмет істейтін маман қалыптастыруға бағытталған.
Түлек моделі
1. Тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы жаңа бағыттар, жаңа ғылыми тұжырымдар, өзекті мәселелері туралы өзіндік пікірі қалыптасады.
2. Қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуы, көне тілдер мен қазіргі тілдердің арасындағы байланыстар, сөздердің шығу тегі, грамматикалық және лингвистикалық өзгерістерді ажыратады.
3. Қазақ тілінің фонетикалық және фонологиялық заңдылықтарын, сөз құрамын, сөзжасамдық ерекшеліктерін, сөйлемнің құрылымдық, логико-грамматикалық типтерінің коммуникативтік талаптар дәрежесіне сай түрленуін талдайды.
4. Мәтіннің негізгі бірліктерін меңгеріп, мәтінді редакциялайды, филологиялық талдау түрлерін ажыратады.
5. Қазақ ұлттық әдеби тілінің функционалдық, коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік ерекшеліктеріне зерттеу жүргізеді.
6. Дискурсты, медиа-мәтінді лингвопрагматикалық тұрғыдан бағалайды.
7. Қазіргі инновациялық идеяларды, тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас қағидаларын меңгереді.
8. Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда және оқу орындарында тіл білімі саласы мен әдебиеттануға қатысты ғылыми еңбектер, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, сөздіктер даярлай алады.
9. Ғылыми, техникалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, көркем әдебиеттерді, шетелдік мекемелермен және кәсіпорындармен хат алмасудағы материалдарды редакциялайды.
10. БАҚ саласында ақпарат алу, сақтау, өңдеу әдістері мен құралдарын тиімді пайдаланады.
11. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда рефераттар, филологиялық түсіндірмелер, аналитикалық эссе, шолу-рефераттар, ғылыми есептер, оқу-зерттеу жобаларын, ғылыми баяндамалар, мақалалардың тезистерін, филологиялық пікірлер жазуды меңгереді.
12. Қазақ қоғамы дамуының кезеңдері, мәдениеті, тілі, әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынастары туралы ғылыми тұрғыдан сараптама жасай алады.

Байланыс
Амиров Абдибек Жетписович - 87782283627 abdibek71@mail.ru
Қабылдау
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)