- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - тіл білімі бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
ON1)шет тілдеріндегі коммуникативтік-сөйлеу қызметінің әртүрлі түрлерін (ауызша, жазбаша және экстралингвистикалық) кәсіби және жалпы мәдени қарым-қатынас барысында біріктіру, тіларалық аударма әдістерінің кешенін меңгеру;
ON2)фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік талдау арқылы тіл жүйесінің сатыларын ажырату, сонымен қатар тілдің тұтас жүйелік білім ретіндегі рөлін түсіндіру;
ON3) әр түрлі жанрлық және стилистикалық бағыттағы шет (шығыс) тіліндегі мәтіндермен жұмыс істеу, оның аударма алдындағы талдауы мен аудармасын қоса алғанда;
ON4)әлемдік әдебиеттің теориясы мен тарихы саласындағы негізгі тұжырымдамаларды, сондай-ақ қазіргі әдістер мен тәсілдер негізінде оқытылатын тіл елінің әдебиетін топтастыру;
ON5)әдеби шығарманың көркемдік мәні мен өзіндік ерекшелігін дәуірдің әлеуметтік жағдайы мен мәдениетіне байланысты дәлелдей отырып, зерттеліп жатқан тіл еліндегі әдеби процестің кезеңдерін саралау;
ON6)оқылатын тілдегі әдеби шығармаларға идеялық-тақырыптық мазмұны, жанрлық және сюжеттік-композициялық ерекшеліктері, стилі мен поэтикасы тұрғысынан кешенді талдау жүргізу;
ON7)ресми және өзге сипаттағы шет тілді БАҚ материалдарын сыни талдау; іскерлік хат алмасуды жүргізу; хаттамалық іс-шаралар ұйымдастыру;
ON8) Қазақстан және оқылатын тіл елінің қоғамдық-тарихи және рухани-философиялық тәжірибесін ғылыми тұрғыдан сипаттап, оның мәдениетінің жалпыадамзаттық өркениетке қосқан үлесін бағалау;
ON9) шетел (шығыс) филологиясы саласындағы жаңа жетістіктерді тіл мен сөйлеу, тілдің әлеуметтік табиғаты және оның қазіргі заманғы мультимәдени әлемдегі рөлін зерттеуде пайдалану;
ON10)тіл, әдебиет және мәдениет деректеріне қатысты өз ұстанымын айқындай отырып, пікірталас жүргізу; ғылыми эсселер, баяндамалар, рефераттар, шолулар жасау;
ON11)инновациялық технологияларды қолдана отырып, кәсіби қызметтің әртүрлі міндеттерін шешу; компьютерлік аударма бағдарламалары, электрондық сөздіктермен жұмыс істеу;
ON12) әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, шет тілдік ортада тұлғааралық қарым-қатынасты жүзеге асыр;
ON13)республикалық және халықаралық заңнама нормаларын сақтай отырып, құқықтық, экологиялық және кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген